Тәуелсіз елдің тірегі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіз елдің тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің тарихы мен халқымыздың тағдырында айрықша орын алатын ұлттық мереке-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күн мерекесі баршаңызға құтты болсын!
Материалдың қысқаша нұсқасы

13

« ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ: ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ»



Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,Бауыржан Момышұлы ауылы


29 Александр Герцен атындағы орта мектебі

Тарих-география пәнінің мұғалімі Мәдібекова Бтоакөз Аймаханбетқызы


Еліміздің тарихы мен халқымыздың тағдырында айрықша орын алатын

ұлттық мереке-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күн мерекесі баршаңызға құтты болсын!

Бүгінгі таңда тәуелсіздікке қол жеткізген еліміз талай асудан өтіп, небір қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешіп, етек – жеңі жиылған, әлемнің түкпір – түкпіріндегі елдерге танылған, өз мақсаты мен міндетін анық байыптаған жас мемлекеттердің қатарына кірді.

Тәуелсіздік алу дүние жүзіндегі отаршыл болған халықтардың армандаған,аңсаған тілегі. Тәуелсіз ел болу сан ғасырлар бойы қазақ халқының арманы еді.

«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,ол– Тәуелсіз Қазақстан»,–деп

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, сан ғасырлық тарихы бар

Қазақстан нендей қиыншылықтарды, ауыртпалықтарды бастан кешірмеді десеңізші.

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн.[1] Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.

Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елбасымыз өткен дәуірдегі қаһармандық оқиғалардың тізбегін

таяудағы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арнаған сөзінде: «Ұлы далада бірінен соң бірі толас таппай жүріп жатқан 200-ге тарта көтерілістер эстафетасы, біздің бүгінгі тәуелсіздігіміздің бастау көздері» деп бағалаған болатын. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып табылады. Сонау, Моңғол шапқыншылығынан кейінгі орта ғасырлық кезең басталмай–ақ, біздің түпкі ата–бабаларымыз қазақ елінің бірлігі мен ынтымақтастығын, жері мен елін қызғыштай қорғап, аман–есен бізге мұра етіп қалдырып кетті. Бертін келе, патшалық Ресейдің қол астына енген қазақ халқын азат ету үшін, «Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған елміз» деген ұранмен,

Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Амангелді Иманов секілді батыр бабаларымыздың ерен

іс–әрекеттері, қолына шоқпар алып, жауға қарсы шыққан ерліктері ұрпақтар есінде мәңгі сақталмақ.

Кеңес Одағының да бізге көрсеткен қылықтары аз емес. Қарсы шыққандардың бәрін де аяусыз атып, қудалап, жазықсыздан қара тізімге тізе берді. Осындай қара тізімде Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин,

Ілияс Жансүгіров... айта берсек сан жетпейтін қайраткерлер дәл осы таңда, бостандықты, тәуелсіздікті арман етіп кетті.

Ата–бабамыз арман еткен тәуелсіздік үшін күрес шарықтау шегіне

1986 жылғы 16–18 желтоқсанда жетті. Тәуелсіздік жолында қаншама адамдар қаза тапты, көз жұмды. Желтоқсан оқиғасының құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова секілді тұғыры биік, жарқ етіп, жанып сөнген жастарды қалай ғана ұмыта алармыз. Желтоқсанның жалындаған жастары еліміздің көк байрақ туын желбіретіп, Отанымыз Қазақстанды егеменді етуге үлес қосты.

Тәуелсіздік–найзаның ұшымен, білектің күшімен жеткен бостандық.Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. «Дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы еді.»

Міне енді сол күнге де жеттік. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», — деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.[2]

Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді

1991 жылы 1 желтоқсан Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып сайланды.

1991 жылғы 16 желтоқсан –барша қазақстандықтар үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданған тарихи күн. Ойлансақ, армандағанымыз, аңсағанымыз осы емес пе еді! Ендеше бүгінгі күн біздің ортақ жеңісіміз. 1992 жылы маусымда Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы бекітілді. Республикамыздың Гимні 1992 жылы желтоқсанда қабылданды.2006 жылы қаңтарда Республикамыздың жаңа Гимн қабылданды. 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды.

1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне қабылданды.

1993 жылы Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясын қабылдады. 1995 жылы 30 тамызда өзгерістер енгізіліп, жаңа Конституциямызды қабылдадық.

1993 жылы 15 қарашада ұлттық теңгеміз айналымға енді. 1997 жылдан бастап 2030–жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес іс–қимылдар жасауға көштік.

Құрметті салтанатқа қатысушылар! Тәуелсіздіктің маңызы мен мәні ол біз–қазақстандықтар, соның ішінде қазақ халқы бейбіт жолмен қол жеткізген тәуелсіздігімізді қорғай білуіміз қажет. Өйткені, біз тәуелсіздіктің арқасында дербес ел болып, өркениетке қадам бастық. көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды. Бұрын ашық жатқан шекарамызды ешқандай дау–дамайсыз айқындап, бекітіп алдық. Арыстарымызды, олардың рухани құндылықтарын ортамызға оралттық. Алысқа тарыдай шашыраған қандастарымызды бауырға тартып, атамекеніне келуіне жол аштық. Экономикалық,әлеуметтік реформаларды жедел әрі тиімді іске асырып, қай салада болсын ілгері басып келеді. Мәселен, қаржы жүйесінде көптеген реформалар жасалынып, халықаралық стандартқа сай жаңа жүйені дамытса, елімізде халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары ашылды.

Бұл тәуелсіз жылдарында атқарылған істердің басты–бастылары ғана.Алдағы міндеттер тіптен қыруар. Қазір еліміз қарыштап дамып келеді және өзгерістер, жаңалықтар жетерлік.

Ұлттық тарихымыздағы тәуелсіздік–бүгінгі жеңістеріміз бен табыстарымыздың рухани бастауы.

Ежелгі қазақ жері Батыс пен Шығыстың өзегі жалғаған Еуразия құрылығының жүрегінде, әлемдік өркениеттер тоғысында орналасқан. Біз мыңдаған жылдар бойы азаттық үшін арпаласып келдік. Жан алыса, жан берісе жүріп өз жеріміз бен бас бостандығымызды сақтап қалдық. Сондықтан біз үшін Тәуелсіздік–көздің қарашығындай сақтайтын қастерлі құндылық. Ол бізге ержүрек бабаларымыз– Ұлы Дала көшпенділері қалдырған киелі өсиет.

Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін бүгінгідей мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек. Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келетін жаңа талаптарды қойып отыр. Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.

«Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ! Жыл сайынғы ел Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет». [3]

Қазағым, сенсің қазақ–Ұлы елім,

Дүрсілдеп сен деп соққан жүрегім.

Мақтанам, қазағым, мақтанышым,

Тәуелсіздік таңы атқан үшін– дей отыра, осы мерейлі мереке күнімен құттықтай отырып, барлықтарыңызға ашық аспан, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш,отбастарңызға амандық тілеймін! Ортақ үйіміз–Қазақстанның одан әрі гүлдене беруіне шын жүректен тілектеспін.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болсын! – ағайын.



1. «Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы», Алматы 2008 жыл

2. «Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы», Алматы 2008 жыл

3. Google іздеу жүйесі

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.02.2019
665
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі