Тәуелсіз елдің ұланымыз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіз елдің ұланымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі ұйым педагогтарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіз  елдің  ұланымыз!»

 

 Мақсаты:Мектепалды даярлық сынып оқушыларына Отанды сүюге,рәміздерді құрметтеуге,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыауға баулу.балаларды патриоттық тәрбие беру.

 

Көрнекілігі: суреттер, шарлар, мақал-мәтелдер.

 

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші:

- Желбірейді шарықта,

Қазақстан жалауы!

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады,

Қазағымның Әнұраны!

Қалықтаса аспанда,

Шежіресі айналады,

Ән-күй менен дастанға! (Әнұран орындалады)

  Тәрбиеші:

  Кіріспе бөлімі.

-         Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 22 жылдығына арнаған мектепалды даярлық сынып оқушыларының «Тәуелсіз елдің ұланымыз!  атты мерекелік ертеңгілікке  қош келдіңіздер!
Баяндама : Отан деген сөзді күн сайын естіп жүрміз. Отан дегеніміз адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын адамдар-дың атамекені.  Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны  Қазақстан Республикасы. Біздің еліміз табиғаты таң қаларлықтай бай өлке болып табылады. Бірнеше кен байлықтарымыз бар: темір, көмір,мұнай, фосфорит, марганец, хромит, алтын, тұз т.б.  Қазақстан солтүстігінде Ресей, оңтүстік шығыс Қытаймен, онтүстікте Қырғыстан, Өзбекстан,Түркменстан, батысы Каспий арқылы Әзірбайжан республикаларымен шектеледі.1990жылы  26 қазанда Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болды. 1991 жылы желтоқсанның 16 да Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.Дүние жүзі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп танылды.Кәзіргі кезде бүкіл мемлекет біздің елімізбен тығыз байланыста, шикі затты сатуда, сатып алуда қай мемлекетпен болсада, оң шешімін табуда. Біз осындай келешегін алда болжап, өркен жайған, татуы берік, құшағы кең, достығы мәңгі жайнаған тәуелсіз отанның ұландарымыз.Ендігі осы отанымыздың гүлденуін, өркендеуін жеткізетін мына сендермен , біздерміз. Сондықтан адал достықты, терең білімді ұрпақ болуымыз керек.

Енді осы Отан туралы бір жырлайықшы:

             Әнуар:

  Көк туымыз бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты.

 

     Ернар:

Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан 

       Дария:

Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерің мәңгілік сақталады 

          Әлинұр:        

Көк аспанда тулардың

Желбіреген күні – бұл,

Елім деген ұлдардың

Елжіреген күні – бұл.

            Диляра:

 Елдігімнің – реңі,

Теңдігімнің – тірегі.

Мүддесінен халықтың,

Ажырамас бір елі.

 

          Нұрай :

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын.

Тату – тәтті бірлік болып қашанда,

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

              

Исламбек:

Қайраттай қайсар ұлдардың

Жанымен келген еркіндік.

Жазира мен Ләззаттың

Арымен келген еркіндік. 


Ақерке:

Енді міне тәуелсіз ел болдық,

Басқалармен терезесі тең болдық.

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай

Отан үшін болуға да құрбандық. 

Нұрлы :

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.

        Жаным:

 Отан мынау,

Отанымның картасы.

Маған қымбат

 Отанымның әр тасы.

 

                  Әлия:

Көтерілген шаттығым,

Ынтымақты ел іші.

Желбіресе көк туым,

Тәуелсіздік жемісі.

 

Ән: «Тәуелсіздік ел ұраны»

 

Жарайсыңдар, балалар!

-         Енді Отан, туғун жер туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Отан отбасынан басталады.

Туған жерге туынды тік.

Өз үйім – өлең төсегім.

Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас.

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

Отан – оттан да ыстық

Отан – елдің  анасы,ел – ердің  анасы.

 

Би: «сарбаздар биі»

-         Балалар қазақ халқының ұлттық ойындарының бір түрі

-         «Бәйге ойыны» ол шапшандықты қажет етеді.

-         Мен сендерге сұрақ қоямын.

-         Кім сұраққа толық, анық, тез жауап берсе, сол бала жеңіске жетеді.

1.     Қазақстан Республикасының президенті кім?

2.     Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?

3.     Тудың түсі қандай?

4.     Отанымыздың астанасы қай қала?

 

    Тәрбиеші:

    Тәуелсіздік – 11 әріп құралған

    Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман

    Талай дара, даналардың көз жасы

    Қаныменен атты таң боп бізге алдан

   Он бір әріп не мағына береді

Ал талдайын, жеткінше қызыл тіл

Ортаға ақ қағазға әріптер жазылған 8 бала шығады

1 бала: Т – білдіреді теңдікті

2 бала: Ә – әдептілік елдікті

3 бала: У – уайымсыз уақытты

4 бала: Е – егемен елдікті

5 бала: Л – дейді лаулап,

6 бала: С – сенімділік секілді ең

7 бала: І – ілтипат пен ізет қой

8 бала: З – зиялылық тілек қой

9 бала: Д – шақырады достыққа

10 бала: І – ілкімді боп сақтыққа

11 бала: К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа көршілерге, қол сұқпа.

Құттықтау сөз

  Қорытындылау.

Мұғалім: Біздің тілегіміз – бейбітшілік,тыныштық.Сендердің әрқайсысың Отанына қызмет ету үшін жақсы,әдепті,қайырымды,үлкеннің тілін алатын,кішіге қомқор бола білетін азаматтар болып өсулерің керек. Ата-бабамыз жанын қиып қорғаған ұлан-байтақ жердің иесі, болашақ иесі сендерсіңдер. Отанымыз жайнай берсін!Гүлдене берсін! деген ниетпен ашық тәрбие сабағымызды аяқтаймыз келіп,қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамын.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.00.2018
426
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі