Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім» атты концерттік бағдарлама
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қ АЗАҚСТА РЕСПУБЛИКАСЫ БАЛДӘУРЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ
МИНИСТРЛІГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ
ОҚУ БӨЛІМІ
_____________________________________________________________________________
2021 жылдың 16- ауысымы
«Отан тарихындағы 30 жыл»
жас патриоттардың кездесуі
«Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім» атты концерттік бағдарламаның сценарийі
Жауапты:
Химия пәнінің мұғалімі- Жандарова Жумагул
География пәнінің мұғалімі- Майлыбекова Зәуре
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі- Қамбарова Гүлжан
Математика пәнінің мұғалімі- Оразтаева Хазифа
Өткізілетін күні: 15.12.21ж
Өткізілетін уақыты: 20.00
Өткізілетін жері: «Балдәурен» РОСО филиалы, концерт залы
Қатысушылар: 2021 жылдың 16- ауысым оқушылары, қонақтар, педагогикалық ұжым.
Іс-шара түрі: Мерекелік концерттік бағдарлама
Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіздіктің ел тарихында ерекше орын алатын мереке екендігін сезіну, бұл күннің оңай жолмен келмегенін түсіндіре отырып тәуелсіздік шежіресі туралы түсінік беру;
Міндеттері:
-
Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімін ояту
-
Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.
-
оқушыларды ұлтын сүюге, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Музыкалық құрал-жабдықтар, АКТ, слайд, презентация
Көрнекіліктер: Мемлекеттік рәміздер, слайдтар, бейнематериалдар, суреттер, костюмдер, микрофондар, театр реквизиттері.
Іс-шараның барысы
Әнұран
Слайд№1.
Видео «Тәуелсіз Қазақстан» (1 мин)
Слайд №2
1- жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен Балдәурендік жас достар!
16 - желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отырған "Тәуелсіз елім-кең байтақ жерім" атты концерттік бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Слайд №3
2 - жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар мен балдәурендіктер! Көп ұлтты және ортақ салты мен тарихы бар біздің арамыздағы өзара келісім - біздің жеріміздегі бейбітшілік пен берекенің дәлелі болып табылады. 2021 жыл еліміз үшін айрықша, мерейлі де, мерекелі жыл. Тәуелсіздік алғанымызға биыл 30 жыл толды!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
1-Жүргізуші: Иә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз.
2-Жүргізуші: Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра,
Нағыз қазақ- қазақ емес, нағыз қазақ домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек ғана,
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана дей отырып әсерлі кешіміздің шымылдығын қазақтың қасиетті қара домбырасынан төгілген құдіретті күйге беруді жөн көріп отырмыз. Ендеше, сахна төрінде:
Күй: Оқушыларымыздың орындауында «Балбырауын» күйі
-----------------------------------------------------------------------------------
Слайд №4
1- жүргізуші
Егеменді, Байрақты ел,
Бағы жанған қуаты мол, айбатты ел.
30 жылда мойындатқан әлемді
Жаратқаным, әр қазаққа қайрат бер
Қазағымның Тәуелсіздік тойында
Қызыл тілім тоқтамастан сайрап көр.
2 жүргізуші:
Арайланып әрбір
таңымыз,
Арайланып әнмен
сәніміз.
Туған жердің төсінде
тұрып,
Шырқалсын кәне
әніміз-деп.
Серік Жадыраның орындауында « Менің ғасырым» атты әнімен ортаға шақырамыз
1-Жүргізуші: Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны анық.
2-Жүргізуші: Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Слайд№5. Видео: «Тәуелсіздік шежіресі» (видео көрсетіледі) (2 мин)
1 жүргізуші: Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Тәуелсіздіктің 30 жылы тарихта өз ерекшеліктерімен қалды.
2 жүргізуші:
Сахнада биші емес, құс сияқты,
Елестейді бір көрген түс сияқты.
Әжемнің ұршығындай үйірілгенде
Жер шарын айналдырған күш сияқты.
Олай болса қарсы алыңыздар сахнада өнерпаз қыздардың орындауында «Шашу» биі.
1-Жүргізуші: Бостандығым! Тосқан күнім азалдан,
Отыз жыл – аспан кірсіз, ажарлы ән.
Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан,
Сен келгенде сары мұңнан тазарғам.
2- Жүргізуші: Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұрам, сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім
Ән: Ислам Арман «Мен қазақтың ұлымын»
Слайд№6
1- Жүргізуші:Жаңарды заман, жасампаз елміз жайнаған.
Төсінде сан мың ұлыс пен ұлты жайлаған.
Мұнай мен газы атқылап көкке алтын боп,
Еңбекші жұртпен жадырап кетті бай далам!
2 жүргізуші:
Ортаға көркем сөз оқу шеберлерін шақырамыз.
Слайд№7
1- оқушы: Тәуелсізбіз, іріміз, іргеліміз,
Көгіміз - нұр, көңіл шат, гүл жеріміз.
Өжеттікпен сен жеттің, қайсарлықпен
Бодандықтың тұманын түргеніңіз.
Тәуелсіз ел төрінен мұнар тарап,
Болашаққа сеніммен ұлан қарап,
Желбіреген көгімде көк байрақтан
Қыр қыраны келеді күн арқалап.
2 - оқушы:
Тәуелсіздік
Еркіндігім. Қасиеттім.Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
Қош келдің!
Слайд№8
Слайд№9
Слайд№10
1-жүргізуші: Тәуелсіздік алғалы бері білім саласына да аса көңіл бөлінуде, соның бір айғағы сіздер демалып жатқан осы орталық. 2000 жылдың 1 сәуір күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың шешімі бойынша «Тау самалы» оқу-сауықтыру орталығы құрылды. Осыдан бірер күннен кейін, 21 сәуір күні Н.Ә.Назарбаев келіп, орталықтың тұсауын кескен болатын.
2018 жылы 15 тамыздан бастап «Тау самалы » оқу-сауықтыру орталығы, «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы болып қайта құрылды
2-жүргізуші:
«Балдәурен» орталығы Мемлекетіміздің Елбасы Н. Ә. Назарбаевтің жеке тапсырысымен және де Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 7 қарашада шыққан қаулысы негізінде, демалысты ұйымдастыру және де балалар мен жасөспірімдерді сауықтырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатымен «Балдәурен» атты Республикалық балалар сауықтыру орталығы құрылды, ал 2004 жылдың 30 қаңтарынан бастап, «Балдәурен» Республикалық оқу – сауықтыру орталығы болып өзгертілді. Мінекей, қазіргі таңда бұл орталық 19 жасқа толып отыр. Туған күнің құтты болсын «Балдаурен».
Слайд№11
Слайд№12
1-жүргізуші:
Той-думан болсын өмірің сарқылмайтын,
Бақыт берсін ешқашан таусылмайтын.
Тілейміз Балдауренге ұзақ ғұмыр,
Орындалсын ой-арман тілегіміз 2-жүргізуші:
Өмір жыры таусылмасын
мәңгілік,
Тұрсын алдан арайланып таң
күліп,
Бақыт болсын әрқашанда
жолығар,
Шаттығыңыз тау суындай
молығар.
Ән: Серікбол Нұрбектің орындауында «---------------------------» әні
Слайд№13
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
Тәуелсіздік құтты болсын, нұр елім!
Осы жылда шықтық талай белеске,
Қазақстан, жасай берші, гүл елім!
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік- рухы күшті ғажап күн
Бізге оңай келген жоқ қой азат күн.
Еркіндіктің желбіретер көк туын
Біз жастармыз, болашағы қазақтың.
1-жүргізуші: Осымен "Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты іс - шарамыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Мерейіміз үстем, еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай! Балдәуренде қалыптасқан дәстүр бойынша қонақтарымызды шығарып саламыз!