Материалдар / Тәуелсіз, елім Қазақстан!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіз, елім Қазақстан!

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағатын 5 сынып жетекшілері қолдана алды.Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіз алғалы жеткен табыстарымен таныстырып, білімдерін нығайту сияқты басты мақсат қойылған, сынып сағаты екі турдан тұрады. Бірінші бөлімде қазақстан тарихы туралы , жетістіктері туралы таныстырылды, екініш бөлімде бесіші сынып болғандықтан сайыс ретінде өткізілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
507
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіз, елім Қазақстан!»
Сабақтың дамытушылығы: Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіз алғалы жеткен табыстарымен таныстырып, білімдерін нығайту.

Сабақтың білімділігі: жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға,өзге ұлт өкілдерімен тату болуға,құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың тәрбиелігі: Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлесітерін қосатыназамат тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:! Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар!
Бүгінгі біздің : «Тәуелсіз елім Қазақстан!» мектепішілік тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер



Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз. 
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 


-Балалар , мына хат кімнің хаты деп ойлайсыңдар? (Ол Қайрат Рыскулбековтың анасына жазған хаты) Тыңдайық.

Қайраттың хаты: Амансыздар ма, анам, туған-туыстарым! Менің нақақтан абақтығы отырғаныма сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың жиналған қазақ жастьарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп, қорлағандарын көріп шыдамадым. « Еруліге қарулы» деп мен де топ ішіне кіріп, көмектесуге ұмтылдым.

Менің де, сол күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының да еш күнәсі жоқ.  Алаңға барғанымыз – азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісі емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алар күні алыс емес! Аман болыңдар!

Ана: Ұлым менің! Сен әлі жиырма бірдесің. Аман болсаң, бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді сорлы анашың

Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

Аймара:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі

 Маулетхан

Елім барда еңсем биік менің де,

Өйткені мен жүрмін туған жерімде.

Тілім, дінім досым, барлық бауырым

Бәрі менің жүрегімнің төрінде.


Ұлан:

Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға Алаш деген атты аламын.

Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?


Алуа:

Біздің қазақ мықты ғой,

Тәуелсіз ел атанған.

Желтоқсан деген көтеріліс

Жан аямау Отаннан.




Дильназ: Намыс үшін күрессең мазақтар кім?

Құлға айналу азабы азаптардың.

Қаны төгілді желтоқсан алаңында,

Ботандыққа көнбеген қазақтарды

Ұлан:

Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға Алаш деген атты аламын.

Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын

Арсен:

Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.

Данияр: Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,

Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.

Отан үшін отқа түссең күймейсің,

Ізбасары болмай елге жақпаймыз.

Арайлым: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша

ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.

Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1-минут үнсіздік

Гүлім:

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр





Мерей: Жарқырап атар таңы бар,

Жарқылдап айтар әні бар.

Әні бар, теңіз дәні бар,

Айналдым сенен Отаным!



Алишер: Желдей еркін, түздей кең қандай азат,

Мен қазақпын деген де қандай ғажап.

Мақтан етсін халықтар халықтығын

Жетер сан жыл шеккені азап.


Карлыгаш: 16-желтоқсан

Тәуелсіздік

алған күн,

Ерекше боп

мәңгілік

Ел жадында

қалған күн.

Жасай берсін

ұлы күн,

Үміті боп елінің.





Муниат: Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында  қаншама қан төгілді,

қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл,  бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы  арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы  бір зер салайық.

 Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

 І ж:   1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.

ІІ ж:   1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.

І ж:    1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

ІІ ж:    1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

І ж:    1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.

ІІ ж:    1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.

І ж:    1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.

ІІ ж:    1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.

 

Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді елдігі.

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында

Ағалардың ұмытылмас ерлігі.

  • Қазақстан шежіресі .(презентация арқылы тарихка шолу)

ІІ-бөлім.Топқа бөлу.1 топ- «Қазақстан», 2-топ: «Тәуелсіздік»,3-топ: «Атамекен»

1 тапсырма.Әр топ топтың атына акростих құрайды.

-қорғайды

2-тапсырма «Мақал-мәтелдер» сайысы

Әр топтан бір-бірден оқушы шығады.

1-топ:Туған ел, жер туралы /5/

2-топ:Оқу, білім туралы /5/

3-топ:Еңбек туралы /5/



3-тапсырма: «Сөз құра» Топтық жұмысы .Осы сөздерден қай топ көп сөздер құрай алады.

1-топ «Қазақстан»

2-топ: «Тәуелсіздік»

3-топ: «Атамекен»


-Рефлексия. «Алақан» (Әр оқушы елімізге тілегін жазады)

Құрметті оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіз елім Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!