ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының ең үлкен жетістіктері мен байлығының бірі - елімізде тату -тәтті өмір сүретін барлық этностардың бірге өмір сүруі. Бірлігі мен ынтымағы жарас Бұл Қазақ мемлекетін этникалық қақтығыстардан зардап шеккен басқа елдерден ерекшелендіріп тұрады. Тәуелсіздігімізді алған соң 1997 жылы Ақмола - Қазақстанның астанасы болып жарияланып «Астана» атауы берілген болатын. 1999 жылы ЮНЕСКО «Бейбітшілік қаласы» деген марапат берілді. Бұл құрметті атақ салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде дамудың барлық негізгі бағыттары бойынша нәтиже көрсеткен қалаларға беріледі. 2012 жылы Қазақстан 2013-2014 жылдардағы Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық есебінде әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

Сан ғасыр қазақ халқының асыл мұраты болған тәуелсіздікке қол жеткізу барысында көптеген кезеңдерді, қасіреттер мен қиындықтарды басынан өткерді. Бүгінгі егемен еліміз еңселі бейнесі – ерен еңбек пен нар тұлғалы ерлеріміздің жемісті жеңісінің, ұлтымыздың зиялы тұлғаларының «Алаш» деп ұрандаған ұмтылысының, желтоқсанның аязды ызғарына қарамай тәуелсіздікке ұмтылған жалынды жастардың қаны мен терінің өтеуі деп айтсам қателеспеймін.

Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері жетерлік. Бүгінде 19 миллионға жуық халқы бар көпұлтты, экономикалық әлеуеті серпінді дамып келе жатқан Қазақстан «"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыруға, қоғам алдында жауапты кәсіби мемлекет болуға ұмтылуда[1].

Ең алдымен жетістігіміздің бастауы, Қазақ елінің ұтымды шешімі болған - Семей полигонын жабу . Қазақстан ядролық қауіпсіздік рейтингісіндегі ең қауіпсіз елдер тізіміне енді. Бүгінде полигонды жабу туралы қаулы жарияланғанына 40 жылдан асты. Ол кезде мыңдаған адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіретін 500 жарылыс болған болатын. Бұл – ең маңызды, ең дұрыс, халықтың денсаулығы мен болашағына бей –жай қарамайтын кемеңгер басшының шешімі.

Қазақ халқының ең үлкен жетістіктері мен байлығының бірі - елімізде тату -тәтті өмір сүретін барлық этностардың бірге өмір сүруі. Бірлігі мен ынтымағы жарас Бұл Қазақ мемлекетін этникалық қақтығыстардан зардап шеккен басқа елдерден ерекшелендіріп тұрады.

Тәуелсіздігімізді алған соң 1997 жылы Ақмола - Қазақстанның астанасы болып жарияланып «Астана» атауы берілген болатын. 1999 жылы ЮНЕСКО «Бейбітшілік қаласы» деген марапат берілді. Бұл құрметті атақ салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде дамудың барлық негізгі бағыттары бойынша нәтиже көрсеткен қалаларға беріледі.

2012 жылы Қазақстан 2013-2014 жылдардағы Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық есебінде әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Сонау 2000-шы жылдардың басында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу туралы ұлттық мақсат қойды. Осы уақыт ішінде жалпы ішкі өнім көлемі 18 есе өсті, халықтың табысы тоғыз есе өсті, кедейшілік деңгейі 10 есеге қысқарды.

2017 жылы Қазақстан сириялық шиеленісті бейбіт жолмен реттеу алаңына айналды. Елордада ЭКСПО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтті.Қазақстан 2019 жылға дейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру басталды.

Тәуелсіздік кезеңінде Қазақстанға 300 миллиард доллардан астам шетел инвестициясы тартылды. Ең ірі инвесторлар – Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Франция, Ұлыбритания, Ресей, Италия, Жапония, Бельгия және Канада.

Қазақстан егемендік алғаннан бері елімізде 300 мыңнан астам жұмыс орны мен 1250 жаңа кәсіпорын ашылды. 100-ден астам мемлекет қазақстандық өнімді тұтынушы болып табылады. Соңғы жылдары 500-ден астам өнім түрін шығару игерілді, 50-ге жуық жаңа өнім экспортқа шығарылды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы – ерекше қарқынмен даму үстіндегі, бәсекеге қабілетті, әдебиеті мен мәдениеті, дәстүрі мен ұлттық құндылықтары бүкіл әлемге танылған тәуелсіз, өркениетті ел[1].

Қорыта келе, Қазақстанның жетістіктерін талдай отырып, Қазақстан Республикасы стратегиялық тұрғыдан дұрыс жолды таңдады деп сеніммен айта аламыз. Қазіргі уақытта Қазақстан аймақтық көшбасшы болып танылды. Еңсесі биік Егемендігіміз жайлы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Қасым Жомарт Тоқаев «Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір Ел болып еңбек етіп жатырмыз» деп, Қазақ елінің дамуындағы маңызды істерге шолу жасап, дұрыс бағытта келе жатқанымыз жайлы айтты. Біздің ең үлкен парызымыз - ұрпағына бейбіт жылдар сыйлаған ата -бабаларымызға тағзым ету[2].

Тәуелсіздік жылдан-жылға қоғам өміріне игі ықпалын тигізуде. Республика өзінің мерейтойын әлемдік қауымдастық қатарында, озық демократиялық және экономикалық реформалардың көшбасшысы ретінде болашаққа сеніммен қарсы алуда. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның болашағын айқындайтын ерекше өзекті мәселелер кезеңін қамтиды. Ең бастысы, қазақстандықтардың дүниетанымы мен ұмтылысы өзгерді. Халқымыз әлеуметтік реформаларды дұрыс бағалап, қабылдай білді. Осынау сұрапыл жылдарда біз тарихи қазынаның мұрасын қайта сараладық. Біз әлемдік қауымдастыққа кірігу жолынан өттік.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. М.Алмасбекұлы. Тәуелсіздік жолындағы дипломатия. – Астана, 2016 ж.

  2. Президент Қ.Ж. Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы. 05 Қаңтар, 2021 ж.

egemen.kz: https://egemen.kz/article/260146-tauelsizdik-barinen-qymbat


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.07.2023
268
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі