Сабақтың
тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанның Ата
Заңы.
Мақсаты: Қазақстан тәуелсіздігін
нығайту үшін ең алдымен Конституция керек екенін түсіндіре отырып
оқушыларды Қазақстан Республикасын қорғауға, құрметтеуге және заң
сыйлағыштыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының
Конституциясы, интерактивті тақта, кестелер, оқулықтар,
газет-журналдар, т.б.
Сабақтың
әдісі: топпен жұмыс, жеке жұмыс,
сұрақ-жауап, шығармашылық
тапсырмалар.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабаққа
дайындықтарын тексеру, сыныпты топқа
бөлу.
1-кезең: Санаға
сапар:
Эпиграф:
Көк туым
көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам
төрде әлемге танылды
анық.
Шырқадым
әнұранды бар дауыспен,
Арманым Ата
Заңым қабылданып. Осылай
оқушылар
Қазақстан тәуелсіздігін
нығайту үшін ең алдымен Конституциясын (Ата Заңын), мемлекеттік
рәміздеріе анықтап, бекіту қажет еді. Әр мемлекеттің қалыпты өмір
сүріп, тұрақты дамуы үшін өз заңдары
болады.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан
кейін Президенттің төрағалығымен Ата Заңды дайындау мақсатында
арнайы комиссия құрылды. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіщ
Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Ол 4 бөлімнен 21
тараудан тұрды. Алайда уақыт өте келе бұл Конституция заманның
талабына сай келмегендіктен, өзінің өмір сүруін
тоқтатты.
1995 жылы 30 тамызда
бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстанның жаңа екінші
Конституциясы қабылданды. Референдум (латынша жариялануы тиіс
нәрсе) – МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖӘНЕ ҚОҒАМНЫҢ ӨМІРІНДЕГІ ҚАНДАЙ ДА
БІР МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ ДАУЫС БЕРУ, БҮКІЛ ХАЛЫҚТЫҢ
ПІКІРІН СҰРАСТЫРУ. Конституция бойынша Қазақстан
Республикасы Президенттің басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
Республика деп мемлекет басшысы белгілі бір мерзімге сайланатын
мемлекетті айтамыз. Қазақстан Республикасы Конституциясы 9
бөлімнен, 98 баптан тұрады. 1-бөлім. Жалпы
ережелер
2-бөлім. Адам және
Азамат
3-бөлім.
Президент
4-бөлім.
Парламент
5-бөлім.
Үкімет
6-бөлім Конституциялық
кеңес
7-бөлім Сот және сот
төрелігі
8-бөлім Жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін-өзі басқару
9-бөлім Қорытынды және өтпелі
ережелер
Олай болса оқушылар жадыңда
сақта атты ойынға кезек берейік.
2-кезең: Жадыңда сақта: Әр
топқа екі баптан таратылып беріледі.
1-бап.Қазақстан Республикасының
демократиялық,зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі,
оның ең қымбат қазынасы-адам және оның құқықтары мен бостандықтары
екендігін айтылған.
7-бапта Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі қазақ тілі екендігі жазылған. Ал орыс тілі ресми
түрде қолданылады.
9-бап. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздеріТуы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың
сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен
белгіленеді.
14-бап.Заң мен сот алдында жұрттың
бәрі тең.Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына,
жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына немесе кез-
келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге
болмайды.
27-
бап. Неке мен отбасы, ана мен әке
және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау
мен оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі
парызы.
Кәмелетке толған еңбекке
қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қмқорлық жасауға
міндетті.
34-бап. Әркім Қазақстан
Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа
адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін
құрметтеуге міндетті.
38-бап. ҚР-ның азаматтары табиғатты
сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға
міндетті.
40-бап. Қазақстан Республикасының
Президенті – мемлекеттің басшысы мемлекеттің ішкі және сыртқы
саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын Қазақстанның атынан
өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға .
3-кезең: Ой сергіту:
Сөзжұмбақ.
1-топқа.
1. Қазақстан Республикасының
Ата Заңы қалай аталады. (Конституция)
2. Қазақстан Республикасының
конституциясы қай айда қабылданды.
(тамызда)
3. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі. (қазақ тілі)
4. Жариялануы тиіс нәрсе
сөзінің мағынасы(референдум)
2-топқа
-
Қазақстан Республикасының
конституциясы 3-бөлімі қалай аталады?
(Президент)
-
Қазақ тарихындағы заңдар
жинағының бірі. (қасқа жол)
-
Қазақстан Республикасының ең
қымбат қазынасы байлығы (адам)
-
Қазақстан Республикасының
конституциясының 7-бабында не туралы айтылған
(тіл)
3-топқа
-
Қазақстан Республикасының
конституциясының 9-бабында не туралы айтылған.
(рәміздер)
-
Қазақ тарихындағы заңдар
жинағының бірі. (ескі жол)
-
Қазақстан Республикасының
конституциясының 38-бабында не туралы айтылған.
(табиғат)
-
Қазақстан Республикасының
тәуелсіздік алғаннан кейінгі конституциясы қай айда қабылданды.
(қаңтарда)
4-топқа
-
Қазақ тарихындағы заңдар
жинағының бірі. (жеті жарғы)
-
Н.Ә.Назарбаев қай ауылда
дүниеге келді (Шамалған)
-
Мемлекеттік биліктің
бірден-бір бастау (халық)
-
Демократия сөзінің мағынасы
(халық билігі)
4-кезең:
1-топқа. Конституция туралы өлең
жолдары
2-топқа. Конституция жалпы заң туралы
мақал-мәтел
3-топқа. Конституция туралы постер
қорғау яғни заңды қалай түсінесің соны сурет арқылы
жеткіз.
4-топқа. Конституцияның 38-бабында
табиғатты ластамау, табиғат байлықтарына ұқыпты қарау әрбір
азаматтың міндеті деп жазылған яғни осы бапқа сәйкестендіріп
көрініс қоямыз.
Оқушылар олай болса сәттілік
тілеймін сіздерге 5 минут уақыт беріледі.
Сабақты қорытындылау:
Оқушыларды орындарынан тұрғызып бүгінгі сабақтан не түсінгенін
сұрау.
Бағалау.
Маңғыстау
облысы
Мұнайлы
ауданы
№5 орта
мектеп
Ашық
сабақ
Сабақтың
тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанның Ата
Заңы. Қазақстан Республикасының конституциясының 20 жылдығына
орай.
Өткізген: Тарих, құқық пәні мұғалімі
Дзельбаева С.А.
Сыныбы: 5 «А»
2014-2015 оқу
жылы