Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәуелсіздік
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
I жүгізуші:
Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар және қадірменді ата-аналар, Құрметті қонақтар!
IІ жүгізуші:
Сіздерді ғасырлар бойғы халқымыздың асыл мұраты- азаматтығымызды әперген айтулы мерекеміз - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
I жүгізуші:
Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 31 жыл толып отыр.
IІ жүгізуші:
«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.
I жүгізуші:
Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?
IІ жүгізуші:
Сол Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгенінің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр.
Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.
I жүгізуші:
Ертеңіне бұрғаныңда бетіңді,
Ұлы ерлікке буған белің бекінді.
Тәуелсіздік хабаршысы – Желтоқсан,
Тарихыңның жаңа беті секілді.
IІ жүгізуші:
Тәуелсіздік! Бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік!Түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
I жүгізуші:
Таңғажайып атың да дәл табылды,
Табылды да , талай жұртқа танылды.
Қазақ елі көкке жетті көк туың,
Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.
IІ
жүгізуші:
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің
өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 26 жыл ішінде
тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен
аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең
мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген
тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл
бүгін және әрқашанда айтып
өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары
үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды
қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен
өтті.
I жүгізуші:
1991 жыл. 16 желтоқсан. Біздің халқымыздың тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн. Бұл күн- біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзі мойындаған күн!
IІ жүгізуші:
Қазақ халқының мақтанышы, қуанышы мен қасиетіне айналған күн- Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тұғырым» атты салтанатты жиынды ашуға рұқсат етіңіздер!
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
I жүгізуші:
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан
Тарихы оның тым әріден басталған
Бодандықтан құтқарам деп Елімді
Талай боздақ қара жерді жастанған.
Жылдар бойы бостандықтан шөлдеген
Халқым менің не қасірет көрмеген.
IІ жүгізуші:
Көзіме бүгін жас келіп тұр,
халайық,
Әрбір істі зердеге алып қарайық.
Тәуелсіздік жолына жан пида еткен,
Ерлерімізді есімізге алайық.
Еліміздің тәуелсіздігі үшін жанын құрбан еткен ағаларымыз бен апайларымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.
I жүгізуші:
Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған мерекелік іс – шараның алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Заманбекова Айтолқын Асеновнаға беріледі.
Келесі сөз кезегін Новобаженово ауылдық
округының мәдениет үйінің меңгерушісі Өміржан Шынықұлына
береміз.
IІ
жүгізуші:
Армандарды жақындатып тым
алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы
ағыс.
Егемендік - ел бақыты,
ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын
қуаныш!
I
жүгізуші:
Азат өлкем күндей күлген
шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі
ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен
бақытым,
Айналайын, Қазақстан -
Гүлстан!
Алдарыңызда мектепалды даярлық тобы
(Әдеби монтаж) Хор
I жүгізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін
бағына
Жас өрендер желбіретіп нық
ұста
Ғасырларға жалғастырып
елдікті
Дақ түсірме ата баба
рухына
Үлгі бізге аталардың
ерлігі
Ұлағаты өнегесі
еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары – деп келесі
кезекті Новобаженово ауылдық округының мәдениет үйінен келген
қонақтарға берейік.
IІ жүгізуші:
Тәуелсіздік оңайлықпен
келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
I
жүгізуші:
1986 жылы желтоқсан айында алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан
қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері
қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады.
Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал
шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.
Ән «Желтоқсан желі»
IІ жүгізуші:
Қазақ дейтін менің бар
елім,
Жатыр алып жарты дүние
әлемін.
Бұл даланы анам жаспен
суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым
Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының
басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де,
ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп,
үміттерін үзбеді.
3 – сыныптың орындауындағы «Батырлар» биін қабыл алыңыздар
I жүгізуші:
Желтоқсан – заман толғағы байтақ
даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік
қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат,
Сабира
Құрбаны болған
жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма
асылы,
Кеткен де жоқ құлақтан зар
басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете
барды
Бірі атылып, ал бірі дарға
асылып
Мәнерлеп оқу
IІ жүгізуші:
Тәуелсіздік бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.
Тура келіп тарихи бір орайға,
Тәуелсіздік түсті деме оңайға.
Бастан өткен «Шұбырынды ақтабан»
Не көрмеді қазақ елі соны ойла.
I жүгізуші:
Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтындығы- оның халық тағылымдарымен байланысында. Қоғам құрсағында жетілген қайшылықтардың салдары ретінде көрінген мұндай құбылыстардың талайы тарихтан белгілі. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы әңгіме емес,дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғаламат тарихи оқиғалардың бірі. Сол бір қаһарлы желтоқсан күндерінен бері талай жылдар өтті.
2 – сынып оқушысы Еркежанның орындауындағы «Қазақстан бақыты» әнін қабыл алыңыздар.
IІ жүгізуші:
Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының бас қаһарманы Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, С. Мұхаметжанова, Қ. Рысқұлбековтер секілді ұл – қыздарымыз еліміздің болашағы, еркіндігі үшін күресті. Сол Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келді. Солардың арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық.
Ән: «Қазақ елі осындай»
I жүгізуші:
Арманға ақыр жеттік, ел болдық та егемен,
Ойда жоқта түскен жоқ ол төбеден.
Тарихи сол күрестердің тартуы ол,
Аруақ қолдап, әділ шындық жебеген.
Мектепалды даярлық тобының орындауындағы тамаша биге кезек берейік.
IІ жүгізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім
менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім
менің
Бүгінде бар әлемге даңқың
жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім
менің
Алдарыңызда 1 – сынып оқушылары. Қабыл алыңыздар.
I жүгізуші:
Сол күндер ғой жүректің
аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп
тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш
па
Өз-өзінен жүрегім ән
салады.
IІ жүгізуші:
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса, мектебіміздің 9-сынып оқушыларының орындауындағы тамаша биді тамашалаңыздар.
I жүгізуші:
Қазақпын, еңселі елмін
егеменді,
Кеңейттім кең әлемге
керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан
жұрттар
Таныды тепе-тең деп
тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт,
жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде
айтам.
Алдарыңызда 5,7 – сынып оқушылары КВН
I жүгізуші:
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашан да тиісті емес еңкеюге жалауы!
4 – сынып Ән
IІ жүгізуші:
Тәуелсіздік- айналайын кұныңан,
Тәуелсіздік түсе көрме тұғырдан.
Отаныма мәңгілігің үшін де
Садағаң болсын шыбын жан.
I жүгізуші:
Тәуелсіздік – пейіл сыйы қазақтын,
Арымыздан арылғаны азаптың,
Батыры көп, ақыны көп халқыңа
Алла жар боп, туа қалған ғажап күн
IІ жүгізуші:
Қуаныштан қалай кеуде кермеспін
Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін, - дей келе Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік!
Бүгінгі
тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған
«Тәуелсіздік-тұғырым» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен көп рақмет. Келесі
кездескеше сау болыңыздар!
Динара:
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті
Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.
Оқушы:
Ел болдық, ерік алдық астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады.
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.
Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді елтаңба
Ақ орданың төрінде
Оқушы:
Әнұраным –жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!
Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран
Жаңғыртады аймақты.
Шаттық кернер жүректі
Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы,
Жетіп бізге шетелден
Көкке әнұран шалқиды.
Шәмші атаның сазды үні
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып,
Оқушы:
Көз қуанып күн сайын көркеміне,
Көңіліміз сенеді ертеңіне
Қазақстан – алып ел, төрі Астана,
Таңым ғана лайық ел төріне.
Халқымның мақтанышы - алып тұлға.
Әлемнің назары ауды Ақ ордаға
Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,
Ұқсайды менің асқақ арманыма.
Оқушы:
Тәуелсіздік- айналайын кұныңан,
Түсе көрме тұғырдан.
Отаныма мәңгілігің үшін де
Садағаң болсын шыбын жан.
Тәуелсіздік – пейіл сыйы қазақтын,
Арымыздан арылғаны азаптың,
Батыры көп, ақыны көп халқыңа
Алла жар боп, туа қалған ғажап күн
Қуаныштан қалай кеуде кермеспін
Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін
Би- Казақша
Күй
Терме
Хор- Арайлы алтын ұям!
Ән- Қазақстан
Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиынның жүрісі.
1 жүргізуші:
Қайырлы күн, туған Елім!
Атамекен, Туған Жерім!