ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛ ТІРЕГІ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛ ТІРЕГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛ ТІРЕГІ

Бармешова Гулмира Жайсанбекқызы

"Мейірімділік сәулесі" үйірме жетекшісі


Сабақ мақсаты: оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: ҚР 1991-2017 жылға дейінгі тарихынан үзінділер бейнеленген слайдтар, үн қағаздар буклеттер, карта, фотосуреттер, үнтаспа. Тәрбие сағатының түрі: танымдық сағаты Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу. (Ту, елтаңба, әнұран)

Ой қозғау.

- Қазақстан туралы не білеміз? Сен кімсің? Қандай жақсы тілектер айта аласың?, - сұрақтар аясында ой қозғау.

Балалардың ықтимал жауаптары:

- Мен Қазақстанда тұрамын.

- Мен Қазақстан Республикасының азаматымын.

- Мен өз елімде білім алып жатырмын.

- Мен еліммен мақтанамын.

- Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.

- Мен өскенде елімді қорғаймын.

- Елім үшін қызмет етемін.

- Елімізде соғыс болмасын.

- Бейбітшілік болсын.

- Қазақстан - тәуелсіз ел.

- Мен қазақпын.

- Әрқашан аспанымыз ашық болсын!

- Мен елімнің бай болғанын қалаймын.

- Бәріміз жақсы білім алайық!

Мұғалім: Өте жақсы!

Блиц – турнир

- Балалар ,мына дискілер не үшін тұрғанын білесіңдер ме?

- Бұл жай диск емес, сиқырлы деуге болады.

- Ендеше, әр топ басшылары келіп дискінің артындағы сұрақтарды оқып, жауабын бір сөзбен айтсаңдар, бұл диск сендерге өзінің әкелген бейне жазбасын сендерге ұсынады. Ол бейне жазбада бұл сұрақтың жауабын кеңірек таратып айтып береді.

1-сұрақ.

-Тәуелсіздікті қай жылы алдық ? 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз республика деп жарияланды. (бейне жазба)

2-сұрақ.

-Қазақстан Республикасының жері туралы не білеміз ? Балалардың жауабы (вейне жазба көрсету)

Картамен жұмыс.

Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, олар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстан 14 облыс, 85 ірі қалалар бар. Ел ордасы-Астана қаласы.

3-сұрақ.

Біздің еліміздің байлығы туралы не білеміз ?

Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет. Бізде алтын, темір, мырыш ,күміс, көмір, мақта, газ, мұнай пайдалы қазбалар бар. (бейне жазба көрсету)

Слайдтан президенттің суретін шығады.

- ҚР-ның президенті кім?

Топпен жұмыс

Ту тобы: Мозайка құрау. Тудың суреті шығады, туды сипаттап айтады.

Елтаңба тобы: Постер құрау.

Әнұран тобы: оқиға катасын жасау.

Қорғау

Ту тобы мозайкаларындағы тудың суретін сипаттап айтады. Тақпақтарын орындайды.

Көк аспандай көкпеңбек Қазақстан жалауы. Көк емес ол тектен-тек- Елдің ашық қабығы. Ақ ниеті – алтын күн, Асқақ арман-қыраны. Жалауы бұл-халқымның, Мәртебесі, мақтаны.

Оқушы: Желбірейді шалықтап Қазақстан жалауы Көкке қыран қалықтап, Қанат қағып барады.

Елтаңба тобы постерін қорғап, тақпақтарын айтады.

Елтаңбасы елімнің Неткен әйбәт, әдемі! Тұнығындай көңілдің Ортада-аспан әлемі. Құт, береке, шаңырақ, Орын алған ол төрден. Қанатты қос арғымақ. Екі жақтан көмкеркен. Тәуелсіздік жолында Талай-талай тер тамған... Билігім өз қолымда, Еркіндігім-Елтаңбам.

Әнұран тобы оқиға карталарын қорғап, тақпақтарын айтады.

Әнұраным-жанұраным, Айтар әнім-сөйлер сөзім. Туған жерім-сағынарым - Мың қайталап айтам мұны.

«Жылдар сөйлейді» кино лента жасау 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз республика деп жарияланды. 1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады. 1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 1992 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. 1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1993 жылы 15 қарашада «Ұлттық валюта күні» деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. 1994 жылы қазақ ғарышкері Т.Мұсабаев «СоюзТМ-6» ғарыш кемесімен көкке самғады. 1995 жылы 30тамызда ҚР –ның «Ата заңы» қабылданды. 1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды 1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді. 2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді. 2011 Астана мен Алматы қалаларында Қысқы Азияда ойындары өтті. 2014 жылдың 17 қаңтарында «Мәңгілік ел» идеясы жарияланды. 2015 жылы қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтілді. 2016 жылы ҚР-ның Тәуелсіздігіне 25 жыл болды. 2017 жылы ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі өтті.

«Туған ел» суреті

Оқушы: Атыңнан айналайын егемен ел, Тәуелсіз күнің туды кенеле бер. Мерейің құтты болсын Қазақстан! Ғасырлар тойы болшы келе берер!

Оқушы: Мерекең құтты болсын егемен ел, Терезең барлық елмен тең ерен ел. Бабалар мәңгі бақи арман еткен, Теңдікті,бостандықты иеленгендер.

Оқушы: Жаралдық молшылықтан толы ағыстан Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан Ғасырдың биігіне шықтың ту боп, Көркейген елім менің – Қазақстан!

Оқушы: Мен қазақпын, ұланымын қазақтың Тәуелсізбін, егеменмін азатпын Көк байрағым тұр көгімде желбіреп Алатаудай көкке өрлеген азатпен Мұғалімнің құттықтау сөзі: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Мен сіздерді Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығымен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін! Балалар сендер сабақтарыңды жақсы оқып, жақсы білім алыңдар. Біздің ертеңгі болашағымыз сендерсіңдер, сондықтан да, сендер білімді болуларың керек!

Рефлексия.

- Не білдік, не істедік?

- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Ендеше, бәріміз ортаға шеңбер құрып, отшашу жасайық.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.12.2023
205
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі