«Тәуелсіздік - тұғырың»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тәуелсіздік - тұғырың»

Материал туралы қысқаша түсінік
• Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. • Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік - тұғырың»

Мақсаты:

  • Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру.

  • Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.

  • Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.

Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, слайд.


Барысы:

Әнұран орындалады.

Жүргізуші:

- Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер! Мектебіміздің 3 -4 сыныбының оқушылары дайындаған «Тәуелсіздік - тұғырың » атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Биыл еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға 24 жыл толып отыр.

- Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!

Жүргізуші:

- Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.

- Олай болса, біздің оқушылар тәуелсіздік туралы не айтады екен?

1-оқушы:

Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным

Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным

Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы

Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім

2-оқушы:

Тәуелсіздік таңы атты,

Азаттықтың күні атты.

Тәуелсіздік алған ел,

Егемен қазақ халқы.

Жүргізуші.

- Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше, тәуелсіздік жолындағы тарих беттеріне тағы бір зер салайық.

Слайд

3-оқушы:

Қалса да қайда көлің, қайда жерің,

Қасқайып хақ жолынан таймап едің.

Айрылып күндіз – күлкі,түнде – ұйқыдан

Күткенің осы еді ғой, қайран елім!

4-оқушы:

Республика! Ерікті ел – Қазақстан!

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.

Келді алыстан аңсатып,армандатып,

Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.

5-оқушы:

Өр едің өліссең де беріспеген,

Ел едің еншісін де бөліспеген.

Зар мұңның әні бар ма сен айтпаған,

Тағдырдың зәрі бар ма сен ішпеген?


Бейнетаспадан көрініс көрсету «Қазақ елінің дамуы»


6-оқушы:

Қара мына ғажапқа,

Теңдік тиді қазаққа.

Езгідегі ұрпағың

Енді айналмас мазаққа.

7 оқушы:

Өзіңдікі туың да,

От пен ауа, суың да.

Жаса Қазақстаным!

Белді бекем буын да.

8-оқушы:

Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын!

Қасиет кие дарыған, ұланың да жасасын!

Қанатынан қайрылып, қыл арқаннан майрылып,

Қонақ тәуелсіздіктен, қала көрме айрылып.

9-оқушы:

Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.

Аңсаған сан ғасырлық арман болып,

Қол жеткізген шындық жырын жырлады


Жүргізуші:

- 1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және тағы басқа апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан еді.

1-оқушы:

Ағалардың алып берген биігін

Абыроймен асқақ ұстан жастарың.

Қазақстан деген алып мемлекет

Қарыштап тек алға қадам басқаның.

Атағыңа ғашық болсын жер жаһан,

Азат елім, ашық болсын аспаның!


Жүргізуші:

-Енді еліміздің тәуелсіздік шежіресін тыңдайық.

-1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады.

-1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздері қабылданды.Қазан айында тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа самғады.

-1993 жылы 15 қазанда ұлттық валюта – төл теңгеміз дүниеге келді, ол өмірдегі елеулі жаңалық, айтулы оқиға болды.

- 1995 жылы 30 - тамызда Ата заң қабылданды. Заң 2001 жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енді. Сөйтіп, жаңа Конституциямен еліміздің жаңа тарихы бастау алды.

1 - жүргізуші:

- Ия, достар, алғаш рет 1 - желтоқсан Президент күні деп жарияланды.


Хор «Көк тудың желбірегені» әні


- Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға - әпкелеріміздің арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.Ендеше, осындай бейбіт елде ата- ана,бауырларымызбен тамаша өмір сүрейік!

Хор: «Қазақстаным менің» әні


Жүргізуші:

Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік – тұғырың" атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!















«Камышенка орта мектебі» КММ










«Тәуелсіздік – тұғырың»


Тәрбие сағаты










Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі:

Г.Н.Жумадилова












2017-2018 оқу жылы


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
448
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі