«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бқлімінің Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мекте-гимназисы» ММ
6 «Ә» СЫНЫБЫ
Тәрбие сағаты
Тақырыбы «Тәуелсіздік - ту етер...».
Мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекетт болуыңын мәртебесін зерделеу, мемлекеттік рәміздерінің, соның ішінде тудың, мағнасын ашу, оқушылырды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қазақ елі тарихына байланысты және 16 желтоқсан күні туралы суреттер, мемлекеттік рәміздер суреттері, тұңғыш президентің портреті, оның тәуелсіздік туралы цитатасы, бейнежазбалар.
Өткізу түрі: «дөңгелек үстел», эссе жазу.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Ескіндір Хасангалиевтің «Атамекен» әнінің әуені фонында өлеңдер шумақтарын тыңдау –« Азаттықтың ақ таңы» авторы- Алмас Алтай.
1-оқушы Аханов Жасұлан:
Көне күннен суырсам сыр сабақтап,
Шер қозғалып кетер ме екен, мадақ қап.
Жұмыс басты не алман деп пендеге,
Түркі сөйлеп кетер ме екен, Қазақ, қап.
Тәуелсіздік! Тұрақ болған құтыма,
Тайқы маңдай, шыда заман жұтына.
Қайың шанақ, қос ішектен күй сауып,
Қайқылардай егіліпті Сыпыра.
2-оқушы -Кедирбаев Жандос:
Бастан бұлбұл дәурен ауған шағы ма?!
Асқан дүлдүл, ерек жұрттан бағы да.
Қазтуғаннан қоныс болмай алаң жұрт,
Қайран Еділ.. Қалған бір кез адыра.
Тәуелсіздік! Тәтті ұғымсың сезгенге.
Салмағың бар салынбайтын безбенге.
Алты Алаштың басын қосқан Әз Тәуке,
Ел шетіне қалмақ тиген кездерде.
Халық едік жаннан көрі ар баққан,
Зорлық көріп отырар ма қалмақтан.
Қабанбай мен Бөгенбайым күркіреп,
Наурызбайдың найзасына қан қатқан.
Саумал күннің сипатынан күй ұққан,
3-оқушы –Жалғасбек Руслан:
Төле, Қазбек, Әйтекедей биік бар.
Үш арысқа Абылайды, хан болған,
Бұқар жырау ақылына ұйытқан.
Ыстық қайрат от жүрекпен қатар кеп,
Тағдыр, бірақ, осыншама қатал ма ед.
Жау қолынан өлу жазбай, дүние-ай,
Жарқ етті де өтіп кетті Махамбет.
Бағын деген бұйрық келген сәтінде,
Бас ұра алмай, құлақ аспай жат үнге.
Иса, Досан халық туын көтерген,
Қылыштарын сермеп өткен кәпірге.
4 –оқушы -Бекжұма Әмір: Жалғыз кеме қарсы жүзген ағысқа,
Ұлтым үшін мыңмен жалғыз алысқан.
Қанат байлап дүлдүл Қызыл Жебеге,
Тұрар көкем самғап кетті ғарышқа.
Тәуелділік бұғау ма еді тағылған,
Үміт өшпей жүрген халық жадында.
Менің дағы кеудемде жүр бір ұшқын
Желтоқсанда мұзда жанған жалыннан.
Қазақ барда өшпек емес аттары,
Бірлік барда белгілі ғой бақ бары.
Барлық қазақ біріккенде атқанын,
Ұмытпайық! Азаттықтың ақ
таңы!
Мұғалім сөзі: Тәуелсіздік
халқымызға аспаннан түскен құдіреттің сыйы емес. Ол ғасырларға
созылған ата – баба қанды жорығының, дабылды – дуылды күресінің
заңды жалғасы. Жатса түсінен, тұрса есінен бір сәт кетпеген
бабалардың ғасырлық арманы еді. Тереңнен ойлап, тебірене толғасақ
халқымыздың барша тарихы осы тәуелсіздік үшін, елдік үшін, халықтың
бас бостандығы үшін күрес
еді.
1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д. Қонаевтың зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды. Асығыс өткен пленум шешімі дүйім Қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті.
Желтоқсан оқиғалары – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Екі ғасыр бойы езіп келген империяның қуатты құрсауын бұзып, отарлаушылардың тас шеңгел құлдығынан құтылуды көксеген жастардың көз жасы, қаны бекерге төгілмепті. Он екіде бір гүлі ашылмай қыршын кеткен Асанқызы Лязаттың, Сыпытайұлы Ерболдың, Мұқаметжанқызы Сәбираның, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Желтоқсан оқиғасы
- бұл ерліктің тарихы,
- республикадағы халқымыздың рухани жеңісі,
- демократияға жол ашу,
- тәуелсіздіктің алғашқы беті
Көп ұзамай Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды.
Ал, балалар, тәуеліздік елдік мемлекеттік рәміздерін атаңдаршы!
Оқушылыр тақатаға шығып, рәміздер туралы мәлімет береді.
Мұғалім: Осы жере мен сіздердің назарларыңызы мемлекеттік туға аударғым келеді. Ту - бұл кез-келген мемлекеттің егемендігі мен ерекшелігін айқындайтын нышандардың бірі. Елімізді қорғайтын, күші е рухы да мықты әскерлерімізде өзінің Жауынгерлік туы бар. Әскери бөлімнің бүкіл жеке құрамы ұрыста өздерінің Жауынгерлік туын жан аямай қорғауға міндетті, оны қарсыластың тартып алуына жол бермеу керек.Жауынгерлік туды жоғалтқан жағдайда – мұндай абыройсыздыққа тікелей жауапты әскери бөлім командирі мен әскери қызметшілер сотқа тартылып, әскери бөлім таратылады.
Осы айтылған дерек көне тарихымыздан келе жатыр. Тудың қатерлеу, оны жауға қалдырмау – өте маңызды іс! Қазір еліміздің алтын әдеби қорына енген «Қыз Жібек» фильмінен үзінді көрейік.
кыз жибек.mp4 -1.5936-2.00.10
-Енді өз ойларыңыз ортаға салуды сұраймын.
Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай – ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан адамдар Қазақстан Республикасының туын, мемлекеттік нышанын құрметтеуге міндетті.
Тағы да қосамын, айтатын сөздеріңізді ағын шығарма – эссе т.рінде, қағаз бетіне түсіруді сұраймын.
«Атамекен» әні фонында оқушылар өз пікірлерін жазады.
Шығарма тексеру барысында «Тұңғыш президент» атты бейнежазба ұсынылады. Тұңғыш президент.mp4
Осы әдемі бейнежазбадағы әдемі сөздер аясында
сабағымызды аяқтаймыз.
Сабақ соңында – өз эссесін оқып беремін деген
ықылас білдірген оқушыларға кезек
береміз!
Үздік шығармалар иелеріне беленділігі үшін алғыс хат тапсырылады.
Кері байланыс ретінде - жүрек түріндегі стикерлерге осы сабақтан алған әсерлеріңізді жазыңыздар.
(стикерлерде –«Мен патриотпын», «мен елімді мақтан тұтамын», «мен ту ұстайтын жауынгер боламын» – деген сөздер қалды – яғни сабақ өз мақсатына толық жетті деген дәлел).
6 «Ә» сынып жетекшісі Тулегенова Зивагуль Зулхарнаевна
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәуелсіздік - ту етер...

шағым қалдыра аласыз