Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Тәуелсіздік - ұлт мұраты, ұрпақ болашағы
Материал туралы қысқаша түсінік
тәуелсіздік туралы шығарма оқушыларға қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
10 Қаңтар 2019
660
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәуелсіздік - ұлт мұраты, ұрпақ болашағы. Қазақстан биыл Тәуелсіздіктің жиырма жылдық мерейтойын қуанышпен атап өтуде. Бұл - бейбітшілік, келісім және жасампаздықтың жиырма жылы.Н.Ә. Назарбаев. Мен бақыттымын! Өйткені арайлап атқан әр таңы бар, асқар-асқар таулары бар, дархан дала жазираны мекендеген мейірбан халқы бар Қазақстан азаматымын. Қазақстан - қазақ халқының кіндік қаны тамған киелі атамекені. Ол - менің елім, менің жерім! Бұл әрбір қазақ перзентінің көкірегін кернеген, мақтанышпен айтатын сөзі. Біз бақыттымыз! Себебі бұл дүниеде біздің бір ғана отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан. Ұлан байтақ Қазақстанның қанаты қатайып, кемелденіп, міне тәуелсіздік алғанына 20 жыл толып отыр. Осы ойдың өзі адам бойына мақтаныш пен қуаныш сезімін таратады. Тәуелсіздік жолы - қасиетті жол, ата-баба жолы, халық перзенттерінің ақ жолы. Тарихымыздың парағына алтын әріптермен жазылған тәуелсіздік күні - Қазақстан үшін ең ардақты да ұлы мереке, ата-бабаларымыздың аңсаған, армандаған қасиетті күні. Елбасымыз өзінің бір сөзінде: "Аз уақытта айбыны асқақ, әулеті асқан, дәулеті тасқан, іргесі биік, беделі зор айбынды елге айналды", - демекші, құбылған заманда құбылнамасынан жаңылмаған Қазақстан дамудың өзіндік даңғыл жолына түсті. Тарих жылнамасындағы сан ғасырға бергісіз қас-қағым сәт қазақ халқын барша әлемге танытты. "Өткенсіз болашақ жоқ" дейді дана халқымыз. Сонау 1723 жылғы ата қазақ ордасын, шаңырағын шайқалтқан "Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама" кезеңіндегі "Елім-ай" зарынан бастап, отаршылдық озбырлығының қасіретті ылаңы, сергелдеңге түсіріп, сарсаңға салған сексен алтыншы жылғы желтоқсанда, Алматыда, ақ қарда болған оқиғасы - бәрі-бәрі халық жанына, арына жара салған. Ұзақ жылдар бойы қазағымның ойлағаны, айтқан сөзі, істеген ісі біреулерге қарап, алаңдаушылықпен өтті. Тарихы бұрмаланып, ата-бабадан қалған асқақ рух пен мол асыл мұраны жоғалта бастады. Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырылып, халыққа зор қасіретті зардаптар әкелді: отаршылдық салдарынан қазақ халқы қырылды, жер аударылды, тілі мен ділі, діні, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық сезім, таным ұмытыла бастады. Алаш туы астына мемлекет құруға біріккендердің бәрін біртіндеп құртып жіберді, оқығандарын қудалап, қырды. Себебі, қызыл империя қазақтың еркіндігінен қорықты. Қазақ халқы қара халыққа айналды. 1932-1933 жылдардағы ашаршылық, 1936-1937 жылдардағы әдейі ұйымдастырылған қырғын, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы да халықты қаншама азап пен шығынға ұшыратты. Тағы бір қазақ көрген нәубеттің ең сорақысы – бұл 1949 жылғы атом полигонының сынағы. Ядролық қарудың қасіретін қазақ ұрпағы әлі күнге дейін тартып келеді. Шежіре боп шертілер тарих бетіне көз жүгіртсек, қазақ елі үш ғасырға жуық бодандықтың құрсауында болған. Қазақ зиялыларын жалмаған заманда ел тілегі, халық мұраты – Тәуелсіздік еді. Ел азаттығы үшін қаншама тарланның тер мен қаны төгілген. Ұлттың ұлылығын қорғап, бостандығы үшін ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ат жалын ұстаған қазақтың қаһарман қара баласы басын бәйгеге тіккен. Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестер, Алаш азаматтарының, зиялыларының азаттық ұраны, Кеңес үкіметіне қарсы үлкенді-кішілі көтерілістер, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны – бәрі-бәрі азаттық үшін болғанның куәсі. Ал тәуелсіздіктің түп тамыры Алматыдағы қазақ жастарының қанға боялған бейбіт шеруі желтоқсан оқиғасымен тікелей байланысты екені бәрімізге айдан анық. Дегенмен, бұл қазақ ұл-қыздарының ерлігі бір күнгі ашу-ыза, бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. Қалғып бара жатқан қазақтың қайта оянған ұлттық рухы желтоқсан оқиғасына әкеп тіреді. Желтоқсан оқиғасы – жиырмасыншы ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі. Бірнеше ғасырға созылған ұлт-азаттық, тәуелсіздік жолындағы күрестің қайта жаңғырып, шешуші кезеңде өр мінезді қазақ жастары: Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира сияқты ер жүрек ағаларымыз бен әпкелеріміздің арқасында көк байрағымызды желбіретіп, дербес те тәуелсіз мемлекет болуымызға жол ашты, жаңа дәуірдің, демократия қоғамының бастауы болды. Тамыры терең кеткен қазақ елінің бұл қасіретті де қасиетті тарихы – бүгінгі буын арқылы келер ұрпаққа аманаттайтын баға жетпес игілік. Қиын-қиын бұралаң кезеңдерден өтіп келген тәуелсіздікті сезініп, қолдай да қорғай білу, сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгініміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмағанын насихаттап, болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамыздың парызымыз.Ел ұранын көтеріп алға басқанТуған елім тірегім Қазақстан.Тәуелсіздік, еркіндік алған кезденДүние жүзі елінде даңқы асқан. Біз егеменді елміз. Киелі атамекенін дана да, дара Н.Ә.Назарбаев мемлекетімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикамызды реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Салиқалы саясат жүргізіп отырған елбасымыздың арқасында, оның адал еңбегінің нәтижесінде Қазақстан бағы жанған, күннен-күнге көркейіп, дамып, келе жатқан ел атанып, бүкіл дүние жүзіне танылды. Еркіндіктің самал желімен тыныстаған елім неткен бақытты! Әр қазақтың өзегін туған жеріне деген сүйіспеншілік кернеп: «Бұл дүниеде менің бір ғана Отаным бар, ол – Тәуелсіз Қазақстаным!» - деп жар салар мекен екеніне ешқандай күмән жоқ. Атам қазақ даму тарихына тұтастай үңіліп өтіп, азаттық үшін, бостандық үшін күрестің толассыз жүргізілгенін байқаймыз. Бұл киелі тарихты сақтап қалу, баянды ету, ұрпаққа аманаттау – ұлы борыш. Міне, қазақ елінің ғасырлар бойғы арманы орындалып, тәуелсіздік алғанына биыл 20 жыл. Бұл бір қарағанда тым азғантай уақыт. Дегенмен Қазақстан аяғынан қаз тұрып қана қоймай, кешегі бабалар қаны тамған дала төсінде бүгін Астанандай алып шаһарымыз бой көтеріп, әлемдік өркениетте орны бар мемлекет ретінде танылды. Еліміздің бірлігін, ұланғайыр даламыздың тұтастығын қорғайтын құжаттар мен шарттарға қол қойылды. Еліміздің мамыражай бейбіт тірлігі, төріміздегі Ата заң, көгіміздегі азаттықтың көк байрағы, еңселі елтаңба, асқақты әнұранымыз шарықтап, қазағымның еңсесі көтерілді. Бұл жетістіктерді біз – қазақ елінің ең жас ұландары, өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіспіз. Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали атамыз:Пай! Пай! Пай!Киелі неткен жер!Батырлар дүрілдеп өткен жер,Тұлпарлар дүбірлер төккен жер,Ғашықтар бір-бірін өпкен жер, - дегендей, қазақ жері қандай байтақ болса, жаны да сондай дархан. Дәл осындай ұлан-байтақ жерді ата-бабам болашақ ұрпақтарына, яғни бізге қалдырған. Н.Ә.Назарбаев: «Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгін тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін», - демекші, егеменді елдігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалап, қымбатымыздай құрметтейік. Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді болып, көк байрағымыз көкте қалықтап желбірей берсін! Мен әрқашан егеменді елімнің гүлденіп, көркейе беруіне өз үлесімді қосып, Қазақстанымыздың болашағына сеніп, мына бір шоқ өліңімді арнаймын: Қазағымның атты ғой арман таңы Күллі әлемді тыңдатып тағы-тағы. «Қазақстан – егеменді елдігім!» Деген сөзді ұрандатып азаматы.
Қарағанда әрқашан гүлдей жайнап Даңқы өрлеп, алға озып, тұрсын сайрап. 25 жыл мерейтойы құтты болып, Сөнбесін «Қазақстан» деген атақ!
Қарағанда әрқашан гүлдей жайнап Даңқы өрлеп, алға озып, тұрсын сайрап. 25 жыл мерейтойы құтты болып, Сөнбесін «Қазақстан» деген атақ!
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)