Материалдар / Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
725
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған



Тақырыбы: Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған


Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу.

Өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Еліміздің туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Отан, Туған жер туралы нақыл сөздер, буклеттер.


Б А Р Ы С Ы:

1. Кіріспе.

2. Тәуелсіз ел – Қазақстан.

3.Тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар.

4. Тарихи оқиғалар тізбесі.

5. Желтоқсан құрбандарына тағзым.

6.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктер.

7. Қорытынды.


І.Кіріспе

Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп, қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.


І-жүргізуші:

Армысыздар, Отандастар!


ІІ- жүргізуші:

Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!


І- жүргізуші:

Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.


ІІ-жүргізуші:

Шаттық нұры шашылып зеңбіректен

Шуағын күн төгеді енді көктен.

Шылбыр үзді даланың арғымағы,

Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.

Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке

Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.

Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,

Қазақстан бет алды мәңгілікке!


Оқушы:

М.Шаханов «Төрт ана»

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқалы,

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері – түп қазығы айбыны,

Туған тілі – сарқылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы,

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да


Құдіреті жоқ төрт анаға тең келер,

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.

Өзге ананың ұлылығын танымас,

Төрт анасын менсінбеген пенделер.

Төрт анадан сенім таба алмаған

Тамырсыздың басы қайда қалмаған.

Төрт анасын сыйламаған халықтың

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырымның тынысы.

Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!


ІІ- жүргізуші:

Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған

Жете алмай құрбан болды қанша адам.


І- жүргізуші:

Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.


І-көрініс


ІІ- жүргізуші:Жоңғар хан ордасы. Хан тақта отыр.


Уәзір:Ләппай тақсыр! Қазақтар келіп тұр.


Хан:Кірсін! (Бір топ қазақ елінің адамдары кіреді)


Хан:Иә, қазақтар! Неменеге келдіңдер? Айтатындарыңды айтыңдар да үйлеріңе қайтыңдар.


Қазыбек би: Біз — қазақ деген елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм тұзды ақтай білген елміз. Сен қалмақ та, біз қазақ қарпысқалы келгенміз Табысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз Тұтқыр сары желімсіз жабысқалы келгенбіз. Сен темір де біз көмір еріткелі келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұратын жеріңді айт!


Хан: Балам атың кім?


Қазыбек би: Атым Қазыбек, әкем Келдібек би, үлтым қазақ, руым Қаракесек.


Хан: Ендеше даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен., есімің қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын.

Хан шапалақ ұрады.


Уәзір: Ләппай, тақсыр!


Хан:Қамаудағы қазақтарды босатыңдар.


І- жүргізуші: Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін мойсыратып кетті.


ІІ- жүргізуші:1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс

1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болды.


І- жүргізуші:1925-33 жылдары Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші октябрь» саясатын жүргізді. Елді аштық тығырығына тіреп, негізгі күн көрісі мал болған қазақтар 2-3 жылда малдарынан түгел айырылып, Қазақстанда тұратын 2 млн. Қазақ аштықтан қырылды.


ІІ- жүргізуші:1937 жылы асыра сілтеудің кесірі – біздің қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды.


І- жүргізуші:Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.


ІІ-көрініс:

Бес арыс бейнесіндегі бес арыс баланы әскерлер алып шығады. Атуға дайындап тұрғызады.


Әскер: Иә, соңғы сөзді кім айтады іштеріңнен.


Мағжан:

Ей тәкаппар дүние,

Маған да бір қарашы.

Танимысың сен мені

Мен қазақтың баласы.

Мылтық даусы естіледі.


Оқушы:

Құрбандарым жазықсыз құрбандарым,

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым

Қаралы жылдардай боп қарауытып,

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.

Құрбандарым жазықсыз құрбандарым.


Оқушы:

Кеудемдегі қолаңтаны қоздатқаның

Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.

Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан

Жалтақтатып кете барған боздақтарын.


ІІ- жүргізуші: Ұлы Отан соғысы жылдарын жырлалық.


Хормен

Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін.


Оқушы:

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталған.


Оқушы:

Соғыс жалмап аға, іні, бауырды.

Зор жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы

Әкесінен айырыпты ананы.


Оқушы:

1941-1945 жылдары адамзат тарихында болмаған алапат соғыста, бірлік жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. 100-ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді.



І- жүргізуші:

20 ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел қазақ көргенді көрген жоқ. 1949-50 жылдары Семей полигонында сыналған 600-ден астам ядролық жарылыстардың кесірінен осы өңірдегі 500 мыңнан астам адам уланды.


ІІ- жүргізуші:

1986 жылдың желтоқсаны.

Атыраудан Алтайға, Сарарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп дүбелең жайылды. Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл шылбыр салынды. Әділік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Бастарына қара бұл түйірілді.


І- жүргізуші:

Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар еліккеннен, еріккеннен шыққан жоқ, алдына мақсат қойып шықты. «Ұлтшылдық», «бұзақы», «арамтамақ» тәтіпсіздікті «ұйымдастырушылар» деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл совет еліне таратылды. Қазақ ұлтшыл халық деген атқа қалды.


Оқушы:

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн


Оқушы:

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн.


Оқушы:

Қақаған қыстың ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн.


Оқушы:

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрке шапқан күн

Аппақ қар қарға боянып

Қып қызыл мұз боп жатқан күн.


Оқушы:

Қайғы езіп елдің еңсесін

Жаншыдау жанын батқан күн

Енді қайтып келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн.

Қасқалдақ әні орындалады.


ІІІ-көрініс.

Ортаға бір топ қыз жігіттер шығады.

  • Қыздар, мен газет әкелдім

  • Қане, не жаңалық бар екен?

  • Пленум болыпты.

  • Қонаевты орнынан алды дейді.

  • Онысы несі?

  • Орнына кім болыпты?

  • Колбин деген. Ульяновтан келіпті.

  • Қазақтан-ақ біреу қойсашы!

  • Т.б.

Жастар шуласып кетеді.


І- жүргізуші:

Осы шешімге қарсы халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтардың бірі – қазақ студенттері мен жастары алаңға шықты. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Сонымен 16 желтоқсанда таңғы саған 7-де Брежнев атныдағы алаңда жастардың алғашқы тобы пайда болды.

Бір топ жастар Менің Қазақстаным әнін айтып шығады.

  • Пленум шешіміне қарсымыз!

  • Әр ұлтқа өз басшысы!

  • Колбинді әкетсін!

  • Қонаевтің өзі сөйлесін!

Оларды екінші топ ОМОН, милиция киімін кигендер қуып таратады. 1-2 адамдарды ұстап алады.

  • Қайрат!

  • Қайрат! – деп топ шуласып тарайды.

Қайратты тергеуге әкеледі.


Қайрат:

Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұшырдың

Балағаттайсың маған бір түйінін түсінбедім.

Жазықты емеспін қайталай берем несіне,

Оқып көр міне, өлеңге түнде түсірдім.


Тергеуші:

Түкірдім мен жырларыңа

Ит не деген өткір едің

Ине сұқтым тырнағыңа

Өлердей ғып тепкіледім.

Алдап арбау тәсілімен

Мойындата алмадым.


Қайрат:

Мойындата алмайсың


Тергеуші:

Байқа, 87 бұл бүлігі көп

Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп.

Тіліңді безеп, өлең айт маған десең,

Свицкийді өлтірдің алаңда сен.


Қайрат:

Бітер екен осы бір «Кеңес» қашан

Өлтіргем жоқ, көргем жоқ мен ешқашан.

Сенбесеңіз құдай менен достар куә.


Тергеуші:

Жылап бүркіт болмас 10 мың қарға,

Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма?

Бәрібір іске аспады амалдарың

Қарағайдай қаңқылдаған қадамдарың

Жарық дүниеге сені енді қайтармаймыз

Паспорттарыңды атуға даярлаймыз.


Қайрат:

Күнадан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Бозтоғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты құрбандық.

Атам десең атыңдар!

Ж.Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалады.


Оқушы:

Ербол, Қайрат, Ләззат сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1 мин. Орнымыздан тұрып үнсіздікпен еске алайық.


Оқушы:

1991 жылы 16желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика деп жарияланды.


Оқушы:

Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Т – білдіреді теңдікті,

Ә - әдептілік, әлдікті.

У – уайымсыз уақытты,

Е – егемендік елдікті

Л – дейді лағып лепірме

С – сенімділік секілді ең,

І – ілтипат пен ізет қой,

З – зиялылық тілек қой.

Д – шақырады достыққа,

К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.


Оқушы:

Далада думан, қалада думан жыр бүгін

Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым.

Хормен:Тәуелсіз Қазақстаным!


Оқушы:

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания, Италия Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9-шы орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, Олар: Ресей, Қытай, -Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт, өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Ел ордасы – Астана.


Оқушы:

Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет.Бізде алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, яғни сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездесін.


Оқушы:

Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар.

Әнұранымыздың авторлары: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжмединов,

Н.Назарбаев


Оқушы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті. Онда алтын күн бейнесі шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар.

Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы – байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі.

Қыран бүркіт – Тәуелсіздік белгісі. Өрнек – салт дәстүріміздің белгісі.

Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков.




Оқушы:

Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бастысы – шаңырақ. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі. Ол күн бейнесін ал уықтар одан тарап жатқан алтын сәулелері. Қазақта «Ат – адмның қанаты» деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бес бұрышты жұлдызы - әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды, жұлдызды кие тұтатын халқымыз «Жұлдызың жарқырай берсін» деген асыл арманын айтып тұрғандай.

Хор: Елім менің. Авторы: Н.Назарбаев


ІІ- жүргізуші:

1991-2007 жылдар аркалығында қандай жетістіктерге жеттіік?


Оқушы: 1991 жыл Тәуелсіздік алған жыл.

Өзіңдікі туың да, отпен ауа, суың да,

Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буын да.

Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын.

Қанатың қайрылып, қыр арқаңнан майрылып

Егемен тәуелсіздіктен, қала көрме айрылып.


Оқушы: 1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ-ға мүше болып кірді.


<
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!