Материалдар / «Тәуелсіздік- байлығым баға жетпес» атты қойылым концерт сценариі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тәуелсіздік- байлығым баға жетпес» атты қойылым концерт сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тәуелсіздік- байлығым баға жетпес» атты қойылым концерт сценариі
Авторы:
13 Желтоқсан 2023
349
22 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Тәуелсіздік- байлығым баға жетпес» атты қойылым концерті

Ассалаумағалейкум, халайық!!!

Қайырлы күн, өнер сүйер қауым!

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіздік- байлығым баға жетпес» атты қойылым концертімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткенін мақтанышпен айта аламыз.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші?! Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Бүгінде аңсаған армандар орындалды. Тәуелсіз елімнің ашық аспанында шаттық, еркіндік мерекесін тойлаудамыз.

 Иә ,Мен бүгінде елімнің «Тәуелсіздігін», елін ойлап елдікке ерен еңбекпен қол жеткізген «Елбасы күнін», айта берсем азат елімнің азат таңында өзімізге тиесілі мерекелерімнің барлығын тойлап жатқан қазақпын!…Осы күнге жету үшін не өтпеді басымнан,не өшпеді жылдарда қалған жадымнан…


Көкбөріден жаралып,Жер Анадан нәр алып таза тұнық қаным пайда болды. Хандық құрып «жақсылармен» бауыр боп,»жамандарды» аластаттым.


«Шоқан» боп тудым жұлдыздай, »Абай»боп тудым дана болып, надандарға қапа болып, «Ыбырай»боп қараңғыға сәуле шаштым,білім кілтімен есік аштым.


«Алаш»болдым арыстандай ақырып,жолбарыстай жақсы істерді жапырып. Сол жылдары ауыр болды,Ресейдің қабағын торыдым,бұйрықтары құлағыма «жауыр» болды. Қастықты да көрдім, аштықты да көрдім.


ІІ Дүние жүзілік  соғыста құладым , жыладым, қайрат жинап қайта тұрдым,рух шақырып «жеңіске» бетті бұрдым да «Рақымжан» боп  Рейхстагқа ту тіктім.


Әрине, «қазақ» деген қаным, жаным, тілім, дінім, тірлігім, елім, жерім,  ұрпағым болғасын Ресейден 1986жылы «Қайрат пенен Ләззат» боп барша жастарды жинап желтоқсан ызғарында арнамды бөліп алдым.

Шүкір, Тәңір қолдап Тәуелсіз таңымды атырып, күрсінбей күнімді батырып келемін.

Қанша ауыр болса да бәрі есімде, ұмытуға хақым жоқ.


Еңселі елімнің  бағына бұйырған Елбасым бар, дұшпанымнан досым көп.

Бүгінде мен Егеменмін, еркінмін, болашаққа шексіз жол салдым, бекіндім.


Мен – Тәуелсіз елімнің тарихымын, естелігімін, аузымда «біссімілләсі» бар қазыналы қариясымын, арманы айға ұшқан жас өренімін, жаңа туылған қазақтың қаны таза жұрнағымын, мәңгі жасайтын Ұрпағымын!

Ән «Саржайлау»

Тәуелсіздік алғанша біздің еліміз талай қиындықтарды бастан кешірді. Ақ найзаның ұшымен, білектің күшімен ата-бабаларымыз бізге осындай кең байтақ жерді сый етті, аманат етіп қалдырды.

1917 жыл Кеңес үкіметі құрылып, қазақ елі 15 одақтас республикалардың құрамына кірді. Сырттай қарағанда еркін ел болып саналғанмен, қазақ халқы сырттан келген солақай саясаттың нәубетін, қилы тағдырын бастан кешіп жатты.

1991 жылғы алған Тәуелсіздігіміз бізге оңайлықпен келген жоқ. 70 жыл бойында нелер қилы заманды бастан кешіріп, халықтың қаны төгіліп, намысы тапталған сәттерді бастан кешірді.


«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» дейді президентіміз Н. Ә. Назарбаев Сондықтан бүгін біз өткен күндерден сыр шертеміз.

Қайран, қазақ елі... Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп тұр.

   

Сонау “ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама “ заманынан бастап, қойша қырылған " репрессия " жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді.


Сталиндік қуғын-сүргіннен 4 миллиондай Қазақстан азаматы зардап көрді. 1920-30-жылдардағы ашаршылықтан түрлі дерек бойынша қазақ халқының жартысына жуығы қырылды. Тек Қазақстанда 20 мыңнан астам адам түрмеге қамау, ату сияқты қатал жазаға кесілді.


Иә, Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды.

Сол сүргінге еліміздің көзі ашық, ағартушы ғалымдары, ел жанашырлары, атап айтсақ А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, Асфендияров, Б.Майлин, Жансүгіров,М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейханов айта берсек өте көп. Қазақтың зиялы қауымына құрылған тұзақ болды.

Өзімізді өзімізге қайрап қойған, жазықсыз жандардың қаны төгілген заман болды.



Сол күндердің бір көрінісін назарларыңызға ұсынамыз.

Көрініс «Зұлмат»


Ашаршылық, қуғын сүргіннің жарасы жазылып бітпей жатып 1941 жылдың қаһарлы күні де келіп жетті. Бұл кезде де қазақ халқы жеңіс үшін аянып қалмады.

Соғыстың алдында Қазақстанда  6,2 млн. адам тұрды. Соғыс жылдары қолына қару алып, майданға 1,9 млн. адам аттанды. 

Соғыстан оралмаған  қазақстандықтардың саны 601 000 болды, оның 350 мыңнан астамы қазақтар.

Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста  қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді. 


Көрініс «Соғыс қасіреті»

Ән «Әлия»


КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.


Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. Салдарынан көзі, құлағы жоқ немесе бір қол, бір аяқпен туылған кемтар, мүгедек балалар дүниеге келді.


Құбыжық адамды дүниеге әкелген қаншама аналардың жүректері қарс айрылды, көз жасы көл болды.

Назарларыңызға сол күндерде мүгедек қыз жас Ләйләнің аянышты өмірін баяндайтын жазушы Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасынан көріністі ұсынамыз.

Көрініс «Мәңгілік бала бейне»

Ән «Заман-ай»


Бұнымен ХХ ғасырдың бізге дайындаған қазақ халқына жазмышы осымен бітпеді. Қаһарлы 1986 жылдың ызғарлы желтоқсаны келді. Келді де қаншама қазақ жастарының өмірін қыршыннан қиды. Қаншамасы қоғамнан аластатылып, нашақор, бұзық деген жалған жала жабылды.


Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.


Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды.



Көрініс «Желтоқсан оқиғасы»


Бүгін қазақ елінің, қазақ жерінің тек ХХ ғасырда басынан кешкен тауқыметінің көріністеріне куә болдыңыздар.

Қаншама арыстарымыздың қаны төгілді, қыршыннан қиылды.

Қазақ елінің тәуелсіз болашағы үшін жанын қиып өмірден озған құрбандарына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алайық!

Бұл деген сөз Тәуелсіздік бізге оңайшылықпен келген жоқ.

Олай болса, барымызды бағалайық, егеменді еліміздің еңсесі биік, мәртебесі үстем болсын!

Ел іргесі аман, тыныштық заман болсын!

Бейбітшілік орнаған, достығы жарасқан мәңгілік ел болайық!

Қазақстанның болашағы лайым жарқын болсын!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бақытымыз баянды болғай!




Көрініс «Зұлмат»


-Жасасын Кеңес үкіметі!!! Жасасын Сталин мырза!!! Кеңес үкіметі орнады. Кеше байдың қойын баққан Көпешжан бүгінде нәшалнік. Қалағанымды жасаймын. Кезінде тісі батқандардың кез келгенін «халық жауы» деп жала жауып жібере салам.Кеңес үкіметі маған сенеді, себебі мен қарапайым кедейден шыққанмын.

- Көпешжан, рақымшылық етші, балаларыма тимеші, бірге өсіп едің ғой.Мен сені кішкентайыңнан білем, баламдайсың ғой.

-Мен саған балаң емеспін, кеңес үкіметінің адал азаматымын, ал сен халық жауысың!!!Болды бітті!!Кезінде сенің босағаңда жүрдім,қойыңды бақтым, есігіңде құлың болдым. Сол кезде күйеуің мені қара құл, тексіз деп адам құрлы көрмеуші еді. Енді сенің балаларың әкесі үшін жауап береді.Халық жауысыңдар.

-Көпешжан, сен мұндай емес едің ғой,қандай жолға түстің? Өз халқыңды өз қолыңмен өлтіртіп жатқан жоқ па сол Сталинің?! Аяушылық қайда?

-Біз тек тапсырманы орындаймыз,қатын Жолымнан былай тұр!!!

-Мен сенің анаңдаймын ғой...

-Үүүүй, сен кімсің?! Кеше ғана Ахмет Байтұрсынов, Мағжан, Сәкен, Бейімбет, Ілияс сияқты жазушы ақынсымақтарды жауып, атуға бұйырды. Ал сен кімсің олардың қасында?!

-Не деп тұрсың?! Олар халқымыздың ұлы тұлғалары ғой...

-Оттамай жөнел жолымнан!!!

-Көпешжан, әлі де ойланшы,балаларымды жазықсыз жазалама, ата көрме!!!!

-Апа, апа, апатай! Апама тиме менің қолыңды тарт!

-Үйи, мына жүгірмектің де тілі шығыпты ғой. Сталиннің атаңның саясатына қарсы келейін дедің ба?!

- Әлімтай, айналайын, көкеңнен кешірім сұра. Көпешжан, бала ғой көңіл бөлмей-ақ қой.

-Сталин – отец наш родной,Ленин дедушка родной!! Сталин – отец наш родной,Ленин дедушка родной!! Сталин – отец наш родной,Ленин дедушка родной!!

-Әкетіңдер!!! Мына жүгермекті де халық жауы, атыңдар!!!









Көрініс «Мәңгілік бала бейне»


-  Апа, апа,естимісің,бүгін тағы да анау полигон деген саңырауқұлақ атылды...Әр бомбасын атқан күні мазам кетеді.басым ауырады.

(Апасының сөзі)

- Е...е...е...ей...жарық ай!!! Қашпа, менен, қашпа! Бәрібір, сені тауып аламын. Жасқандың ба, сен де менен жиіркенемісің, сен де менен қорқамысың жарық Ай?!  «Өз жасыма лайық қыз болғым келеді. Иә... иә... Менің де әп- әдемі, нәп-нәзік қыз болғым ке...л...е...ді...»

«Қасиетті жер еді, қадірден әбден жұрдай болды. «Жақсының арты жын» деуші еді. Шынымен-ақ адам естіп, көз көрмеген қасіреттің бәрі Абай ата басқан топырақтан шығып жатқан жоқ па? Алланың әмірі деген осы да!»


- Қарағым Ләйлә, сенің де көрген қасіретің аз емес...Саған бір нәрсе жайлы... Ертең біздің ауданда қаралы жиын өтпек. Өзің сияқты балаларды өткенде қала жаққа алып кеткен. Содан әлі күнге дейін хабар жоқ. Енді, міне, көзге көрінер өзің қалған екенсің. Ертең өтетін қаралы жиынға өзіңді қолға ұстап көтеріп шықсақ, деген ой келіп еді.


- Алапат күннің белгісі ретінде, ел басына қатер тұнған күннің белгісі ретінде. Иә... иә, әйтеуір жақсылықтың емес, жамандықтың тек жамандықтың белгісімін. О, құдай...

- Ал, Ләйлә, жолға жиналсақ...

- Ар жағынан шетелге алып кетеді сені. Осы үшін көөөп, өміріңде көрмеген ақша береді. Сені теледидарға түсіреді, танымал боласың,сені барлығы зерттейді. Қысқасы, осы бейнеңмен қыруар пайда табуға болады.Айналып қана кетейін, Ләйлек, несіне қырсыға бересің? Кем екенің өтірік пе?

- (жұдырықтап)Ләйлә,тездетіп жолға жиналайық...

- Тоқтатыңдар, жетер енді!!! Жамандықтың белгісі болғым келмейді. Мені аяңдаршы. Мен ел көзіне оғаш, мүгедек болғаныммен, жаксылықты ғана аңсаймын. Мен тек жақсылықты...


- Намысқойын қарай гөр! Жаман неменің! - күңк-күңк етеді.

- Білемін, өспеймін. Құдірет-ау, басқа мазағың жетпегендей, әлі көрсетер қасіретің көп пе? Онан да біржола жоқ етіп неге жібермейсің. Heгe неге? Саған да керегім жоқ па, менің қасиетсіз бейнеме ыржалаңдап күлгің келе ме? Көңіліңе басқа ермек таппай, мәңгі өспейтін қыз тағдырын қызықтайын дедің бе?


- Бармаймын, бара алмаймын. Кідірмей жүре беріңіздер


  • Ләйлек , сен білесің бе, сен сондай әдемісің!!! Жұрттың бәрі саған менің көзіммен қараса ғой ! Сенің жаның сұлу!!! («Әдемі қыз» әні)




Көрініс «Соғыс қасіреті»


Ұлы Отан соғысы

-Пошта келді, пошта! Жігіттер,мында келіңдер!!!

-Иманғалиев, міне ал!!Анашыңның хаты да бар болар!

-Анашым, жан анам!!!

-Бекмұратов,кел жылдам, елден келген сәлемдемені қабыл ал!

-Ал мына пошта Нұркенге келіпті!!! Нұркен, Нұркееен,саған келді бауырыңнан.Нұркен!!!

(үнсіздік)

-Нұркен...Нұркен... ол ...ол..Нұркен енді бауырының сәлемдемесін ала алмайды...ол енді мәңгі оралмайды еліне...ол енді жарын құшып, баласын сүйе алмайды...ол енді туған жердің төсінде тұлпар мініп, көкпар тартпайды... ұлының ат жалын тартып, азамат болғанын да көрмейді..кешегі қанды шайқаста Нұркен мерт болды..ол қаруластарын құтқарды..өзі ерлікпен қаза тапты..

Кек сақтап жүректерінде

Оқ сақтап сүйектерінде

Өмірге өздерін беріп

Көз жұмды мәңгілікке

Жеңісті жақын еткендер

Тым ерте сөніп кеткендер

Сөнбейтін алау барына

Мәңгілік сеніп кеткендер

Ел үшін құрбан болғандарың үшін

Мәңгілік үнсіз қалғандарың үшін

Мәңгілік от болып жанғандарың үшін

Мәңгілік ел есінде қаласыңдар....


Әлия: кестені оюлап тігетін саусақтарым күннін күнінде мылтықтың шүріппесін баса баса сүйелденеді деп кім ойлаған?!Қобданың суында еркін жүзіп еркелеп бақытты жүрген күндерімді соғыс ұрлайды деп кім ойлаған?! Шыбынды шүберекпен қуып жүріп өлтіруге қимайтын ет жүрегім қорғасын боп оққа айналады деп кім ойлаған?! Қолым менің қанға малынды, бірақ мен,мен адам өлтірген жоқпын, адам кейпін жамылған хайуанды көздедім, фашизмге оқ аттым.Бәрі жеңіс үшін, болашақ үшін!!!Отан үшін!!!





Көрініс «Желтоқсан оқиғасы»


-Естідіңдер ме? Бұл не масқара?

-Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз?

-Ең болмаса ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда кім ойлайды?

-Жан - жаққа жатақханаларға, институттарға, қыздарға хабар бардыма екен?

-Ту, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?Қазақстаннан адам табылмады ма?

-Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені несі?

-Талап-тілегімізді айтамыз. Шықсын ортаға басшылар. Колбин долой!

-Колбин долой! Қазақ ежелден еркіндік аңсаған!

Прокурор: Қыздар,жігіттер! Уа,жастар! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар!

Жатақтарыңа қайтыңдар! Ұят болады! Мен сендерге күш қолданам! Үйге қайтыңдар!

Әскери адам: Первая рота! Слушай мою команду! Производится операция

Құйын”. Немедленно розогнать экстремистов и хулиганов! Если надо будет применят все необходимые меры

-Демократияны бұғаудан босатыңдар, әр халыққа өзінің көсемі керек.

-бұл дегенің Қазақстанның одақта беделінің қалмағаны, құрып барады емес пе? Колбин деген кім екен, қайдан келген?

- Сырттан келгендерге ел басқаруына жол бермейміз!

-Неге халықпен санаспайды,біз қарсымыз!

-Әділеттік жолын таңдаймыз!

-Действуйте !!

-Жіберіңдер, қыздарда нелерің бар?! Тарт қолыңды қыздардан!

-Сендердің де қарындастарың бар шығар!

- Көн

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!