Материалдар / «ТӘУЕЛСІЗДІК- МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ» дебаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«ТӘУЕЛСІЗДІК- МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ» дебаты

Материал туралы қысқаша түсінік
ӘРІПТЕСТЕРГЕ, ЖАС МАМАНДАРҒА ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
5760
29 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы қаласы Білім басқармасының

«Алматы сән және дизайн колледжі»

Коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорны



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ

«ТӘУЕЛСІЗДІК- МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ»

ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЕРКІН ПІКІР

ІС-ШАРАСЫНЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ


Объект 3


Ұйымдастырушылар:

Тарих-география пәні оқытушысы – Каскенова А.А.

Химия-биология пәні оқытушысы – Умербекова Н.Ч.







Алматы, 2021


Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары


________________ Г.Уябаева

____ __________ 20 ___ жыл


Тақырыбы: Тәуелсіздік- мәңгілік елдің тұғыры
Мақсаты:

Студенттерге еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу.

Міндеті:

  • Студенттерге еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру. Тәуелсіздік , мәңгілік ел туралы түсінік беру.

  • Студенттерді Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу. 

  • Студенттердің ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру.

Тәрбие сағатының түрі: пікір-талас сабағы.

Әдіс-тәсілі: сыни тұрғысынан ойлау

Барысы: 

Picture 1 Picture 8

1991 жылы Қазақстан егеменді ел болды. Еліміздің Тәуелсіздігін ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары, екінші Қытай, содан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Ал «Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады» деген сөз ақиқат болмай шықты. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашқан, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов айтты. Сонымен қатар осы жылдың 2 қазанында қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шекті.

1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі атанды. Осы жылы мемлекеттік рәміздер — Әнұран, Елтаңба және Туды жасауға конкурс жарияланды. 1992 жылдың 4 маусымында Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны туралы» заңға қол қойды.

Shape1

1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды. Осы жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз - теңге айналымға енді
1994 жылдың 16 ақпанында Елбасы Н.Назарбаев Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп Қазақстан өз еркімен қуатты қарудан бас тартып, ядролық қаруы жоқ ел ретінде осынау зұлматпен күрестің алғашқы баспалдағын қалады.
1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданып, 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
1996 жылы Қазақстанның араласуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылды. Осы ұйымның құрылуына сол кезде біраз жұрт күмәнмен қарағанымен, ШЫҰ өзінің шынайылығын, қажеттілігін танытты. Бүгінде бұл ұйымның әлемдегі беделі айтарлықтай жоғары.













Shape2

1997 жылы 20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. Осы жылдың 8 қарашасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін Алматыдан Ақмолаға шығарып салу рәсімі өтті. Сондай-ақ, 3 желтоқсанда Премьер-Министрдің кеңсесі Ақмолаға көшті.

1998 жылы елордамыз Ақмолаға Астана аты берілді. Сондай-ақ осы жылы елімізде зейнетақы реформасы басталды. Мемлекет зейнетке шығу жасын әйелдер үшін 58 және ерлер үшін 63 жасқа дейін ұзартты.

2000 жылдың 10 қазанында Астанада халықаралық экономикалық ұйым ретінде кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды. Аталған қоғамдастықты құру туралы келісімге Қазақстан, Ресей, Беларусь, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттері қол қойды. Кейін Еуразиялық экономикалық одақ құрылып, қоғамдастық алынып тасталды.











2001 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өтті. Осы жылы көптеген ауқымды шара ұйымдастырылып, Рим папасы Иоанн Павел II Астанаға келді.
2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтой ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.

Рисунок 5

Сонымен қатар осы жылы киелі Түркістанда Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті.
2003 жылы Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің бірінші құрылтайы өтті. Тарих жүзінде бұған дейін дәстүрлі үш бағыттағы дін басшыларының бір жерде бас қоспағанын ескерсек, бұл Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі саналары анық.
2004 жылы 24 желтоқсанда «Ақорда» резиденциясыны ашылды. Ғимараттың жалпы ауданы 36 720 шаршы метр. Сонымен қатар осы жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонат бар.
2005 жылдың желтоқсанында Конституция шеңберінде Президенттік сайлау өтіп, ел өзінің басшысын таңдады. Сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев қатысушылардың 91 пайыз дауысын алып, ел сеніміне ие болды.
2007 жылы Қазақстан халқы үшін аса маңызды «Мәдени мұра» бағдарламасының екінші кезеңі жүзеге асырыла бастады. Мемлекеттік бюджеттен аталған бағдарламаны жүйелендіруге, сақтап және дамытуға 4 миллиард теңге бөлінді. Алғашқы кезеңге 2,7 миллиард теңге, соңғысына 5 миллиардтан аса бөлінді. 2008 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізінде жаңа мейрам - 6 шілде - Астана күні тарихқа енді. Сонымен қатар елордадағы «Қазақ елі» монументі ашылды. 2009 жылы Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтті. Ел тәуелсіздік алғалы бері екінші рет өткізіліп отырған ұлттық халық санағы Қазақстан тұрғындарының саны 16 миллион 4 800 адам болғандығын көрсетті.

2010 жылы Қазақстан Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ете бастады. Осы жылдың желтоқсан айында Қазақстанда саммит өткізілді.

2011 жылы Қазақстанда алғаш рет қысқы Азия ойындары өтті. Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар 70 медаль иеленді. Олардың 32-сі — алтын, 21-і — күміс және 18-і — қола.




Shape3

2012 жылдың 22 қарашасында Қазақстан 2017 жылы елде әлемдік көрме өткізу құқығына ие болды. Халықаралық көрме бюросы мүшелерінің қатысуымен Астана 103 дауыс жинады.
2013 жыл Тұңғыш Президент жариялаған «2050 Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдау бойынша жұмыстардың қолға алынуымен ерекшеленді. Сонымен қатар осы жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет жергілікті билік органдары басшыларының сайлауы өтті.
2014 жылдың тамыз айында үкіметте қайта құру жұмыстары өтті: 17 министрлік пен 9 агенттіктің орнына елде 12 министрлік және шамамен 30 комитет құрылды. Қаржы полициясының қызметі мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес істері жөніндегі агенттікке берілді. Бұдан өзге энергетика, мәдениет және спорт, инвестициялар және даму, ұлттық экономика министрліктері құрылды.
2015 жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды.















Shape4

2016 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның өз алдына егеменді ел болып жарияланғанына 25 жыл толды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларация жазылды.

2017 жылы Қазақстанда EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. Оны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті. Сондай-ақ Астананың 20 жылдық мерейтойы тойланды.

2019 жыл Қазақстан үшін тосын оқиғаларға толы болды. 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.

















«30 жыл ішінде Қазақстан айтарлықтай әлеуметтік және экономикалық жетістіктерге жетті. Бұған, ең алдымен, нарықтық экономикаға көшудің және елді жаңғыртуға бағытталған түбегейлі реформаларды жүзеге асырудың нәтижесінде қол жеткіздік. Нарықтық реформалар, индустрияландыру және шетелден келген инвестиция өнімділікті арттыруға қозғаушы күш болды. Сондай-ақ, экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қоғамның әлеуметтік бөлінісін азайтуға мүмкіндік берді», – деді Елбасы.

Объект 3 Рисунок 3 Рисунок 4

«Экономикалық өсім жоғары болған кезеңде құрылған Ұлттық қор қаржы саласындағы «қауіпсіздік қалқанымызға» айналды. Біз 1400 жаңа аурухана мен емхана, 1800 мектеп және 900 балабақша салу арқылы әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарттық. «Қазақстан – 2050» стратегиясы аясында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттарын басшылыққа алып отыр», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Shape5

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында этникалық әртүрлілікті артықшылыққа айналдырып, өзінің ұлттық бірегей стандартын қалыптастырғанын атап өтті. Осы үдерістегі негізгі рөл, Елбасы атап өткендей, Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктелген.







Shape6

«Тұтас мемлекетті қамтитын ауқымды іс-шараларды өткізген кезде айқын көзқарас, нақты ұстаным болуы шарт. Себебі өңірлердің бәрі орталыққа бейімделіп жұмыс істейді. Сіздерден бағдар алады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тек мерейтой деп санауға болмайды. Ең алдымен, бұл тарихи оқиғаға идеологиялық тұрғыдан қарауымыз керек», – деді Президент.







Shape7

Мемлекет басшысы қазір заман басқа, адамдардың санасы айтарлықтай өзгергенін, оған қоса, бүгінде барша әлем жұртшылығы күрделі кезеңді бастан өткеріп жатқанын айтты. Қаржыны оңды-солды жұмсап, ұлан-асыр той жасайтын уақыт емес екенін, тиімсіз форумдар мен конференциялар өткізудің қажеті жоқтығын қадап тұрып жеткізген Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әлеуметтік жағдайына баса мән беру керегін, елдің тұрмысы түзелмесе, жетістіктерді мақтан етудің қажеті жоғын атап өтті. Сонымен қатар мемлекеттік аппарат осы сенім мен үмітті ақтауға тиіс деді.











Shape8

«Үкімет менің тапсырмам бойынша Әлеуметтік кодекстің жобасын дайындап жатыр. Кодекс азаматтардың, әсіресе, көмекке мұқтаж адамдардың сұранысына толық сай келуі керек. Бұл біздің әділетті мемлекет пен ашық қоғам құру туралы идеямызбен үндеседі. Министрлер мен әкімдер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын берік ұстануға тиіс. Азаматтардың арыз-тілектеріне жедел жауап беру қажет. Ең бастысы, Тәуелсіздіктің игіліктерін әрбір отандасымыз күнделікті тіршілігінде сезіне алатын болса – мақсатымыздың орындалғаны», – деді Мемлекет басшысы.











Біз қастерлі Тәуелсіздіктің отыз жылдығына қадам басамыз. Бұл – баршамызға ортақ өнегелі өлшем, тағылымды кезең. Жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің тарихи шежіресі. Сондықтан, мен келесі жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жарияладым. Өткен әрбір он жылдық атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр. Алғашқы он жылдық егемен Қазақстанның өз дербестігін қалыптастыру кезеңі болды. Екінші он жылдықта еліміз тұғырын нықтап, керегесін кеңейтіп, іргесін бекітті. Үшінші он жылдықта мемлекетіміз шын мәнінде кемеліне келіп, әлемдік саясаттың төріне озды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Рисунок 3 Рисунок 6

Ер етігімен қан кешкен алмағайып кезеңдерде ұлттың ұлы ұраны – Тәуелсіздік болатын! Елім деп еміренген жас боздаққа жалын берген, жатса түсінен, тұрса есінен кетпеген қасиетті сөз тағы да осы – Тәуелсіздік. Қазақ халқы осы арманға қол жеткізіп, бүгінде егеменді елге айналды. Әр адамның өмірбаяны болатыны секілді, әр ұлттың да өмірбаяны болады. Біздің ұлттың кешкен мехнаты, көрген қасіреті қаншалық көп болса да, бақыты да сондай баянды, мәңгілік болады деп сенемін.
Әкім ТАРАЗИ, жазушы

Адам, тұтастай алғанда, ұлт өз бақытының ең биігін Тәуелсіздігінен көреді. Өзінің еркін ел, тәуелсіз мемлекет екенін сол арқылы дәлелдейді. Осыған жеткен біз, әрине бақыттымыз. Жандүниеміздегі жаңғырып жатқан жасампаздықтың рухани қуатымен өркениетті өмірге бет алып бара жатырмыз. Ең басты мұраты – Тәуелсіздікке жеткен елдің ең басты сенімі – ертеңі. Өмірде болып жататын қат-қабат, қилы-қилы табиғи құбылыстардың қай-қайсысында да сол сенім арқылы абыроймен алға баса береміз.

Несіпбек ДӘУТАЙҰЛЫ,жазушы

Shape9

Күллі әлем Желтоқсан арқылы кеңестік тоталитарлық жүйеге қарусыз қолмен қарсы тұра алатын айбарлы да айбатты, ар-намысты, ұлт мүддесін бәрінен жоғары қоя алатын қазақ деген жүректі халық бар екенін білді. Сонымен қатар мынаны да ұмытуға болмас: 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – бірнеше ғасырларға созылған ұлтымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы қантөгіс соғыстары мен жанкешті ұлт-азаттық көтерілістерінің сабақтас жалғасы, және бүгінгі тәуелсіздігіміздің саяси беташары.









1. Әлбетте, үш жүз жылға тарта созылған бодандықтың қамытынан кейін ең басты жетістік ретінде - Қазақстанның 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялауын атауға болады. 16 желтоқсаннан бастап Қазақстан үшін жаңа тарихи кезең - Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз кітабында жазғандай «Тәуелсіздік дәуірі» басталды. Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін мемлекеттің негізін қалаушы құжаттар қабылданып, әлем картасында Қазақстан атты ел қайта жаңғырды. Жас мемлекет шекарасын бекемдеп, өз армиясын құрды, дербес мемлекеттің қажетті басқару құрылымын шегелеп, мемлекеттік символдарын бекітті.
2. 30 жылдың ішінде әлемдік қауымдастықтар Қазақстанды толеранттылықты қамтамасыз етуге, барлық ұлттардың конфессияаралық және мәдениаралық байланыстарын нығайтуға бағытталған ішкі саяси жүйесі бар мемлекет ретінде мойындады. Қазақстанның ынтымағы жарасқан халқы заманға сай әрі бәсекеге қабілетті зайырлы мемлекеттің іргесін қалады.
3. Достықтың бейбіт әрі конструктивті саясатын жүргізіп, тату көршілік және өзара тиімді ынтымақтастықты таңдаған Қазақстан халықаралық қауымдастықтардың толыққұқықты мүшесі ретінде бекітілді.
4. Қазақстанның егемендігі жарияланбай тұрып, Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жарлығымен Семей облысындағы әлемдегі ең ірі сынақ полигондарының бірін жапты. Арада көп өтпей, дербес мемлекет ретінде Қазақстан әлемде қуаты жағына төртінші ядролық қару арсеналынан бас тартты. Еліміздің жасаған осы қадамдары әлемдік қауымдастықтардың, сонымен бірге жетекші державалардың сенімін нығайта түсті.
5. Қазақстан жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға қалай көшу керектігін өз жолымен көрсетіп берді. Нарықтық экономиканың барлық негізгі механизмдерін жолға қойды. Экономикасының ары қарай дамуы - жас мемлекетке ары қарай барлық саланы реформалауға мүмкіндік беріп отыр.

6. Қазақстанда демократияның негізгі қағидаттарына негізделген жаңа саяси жүйе құрылды, тиісті заңнама қалыптасты. Тиімді мемлекеттік басқару аппараты ары қарай жетілдірілуде.

7. Этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы теңдестірілген және көреген мемлекеттік саясаттың арқасында Қазақстан қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің айрықша моделін жолға қойып отыр.

8. Бұл модельдің маңызды бөлігі ретінде Мемлекет басшысының бастамасы бойынша құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясын атауға болады.

9. Қазақстанда екі модернизация сәтті өтті. Біріншісі тәуелсіздік алған жылдардан бері басталып, мемлекет жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға қарай көшін түзеді.

10. Екінші модернизация тоқсаныншы жылдардың соңында, 2030 жылға дейінгі Стратегияны қабылдау және Астананың ел орталығы ретінде бекітілуімен 2010 жылдың ортасында аяқталды. Қазақстан тұрақты экономикалық өсудің траекториясына түсті, мемлекеттік институттардың және орта тап жүйесін құрды, өз азаматтарының өмір сапасын едәуір жақсартып, жаңа астананы құрды. Өзінің теңшелген және жауапты да сауатты сыртқы саясаты арқылы халықаралық беделін нығайтты. Аймақта көшбасшылық құқығын дәлелдеді.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!