Тақырыбы: «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»
Мақсаты: 1. Білімділік: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы қандай жетістіктерге жеткені туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту. Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, тарихымен, ел ордамыз Астана қаласымен таныстыру. Еліміздің атақты ақындары, ғалымдары, ағартушылары жайында мәлімет беру. 2. Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту. 3. Тәрбиелік: Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Патриоттық, эстетикалық тәрбие беру. Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік. Түрі: жаңа білімді хабарлау, саяхат сабақ Көрнекілігі: суреттер, ҚР-ның рәміздері,мақал-мәтелдер, музыка. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды отырғызып, зейіндерін сабаққа аудару.
-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Бүгін Қазақстан Республикасы, яғни біздің Отанымыз, алтын бесігіміз жайлы әңгімелесеміз. Сабағымыздың мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы қандай жетістіктерге жеткені туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту. Еліміздің тарихы жайлы, Астана қаласы жөнінде, Президентіміз туралы мәліметтер алу. Ізгі тілекпен бүгінгі сабағымызды бастайық.
Оқушыларды 3 - топқа
бөлу, «Пікір
ағашы» арқылы
1 - топ: Туған
жер 2 -
топ: Отан 3 -
топ: Атамекен
Балалар паравоз құрып 1 аялдамаға келеді. 1 аялдама «Мемлекеттік рәміздер» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. Жаңағы біздің шырқап айтқан әніміз бұл жай ел туралы ән емес, бұл біздің еліміз үшін ерекше,құдіретті, ең қасиетті, әрі әдемі ән. Бұл ән Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Біле білсеңдер ҚР-ның үш мемлекеттік рәмізі бар. Ол Әнұран, Ту және Елтаңба. Жер шарында бар әр мемлекеттің өзіндік үш рәмізі болады. Мемлекеттік рәміздерді біз қастерлеп сақтауымыз керек. (бұл жерде ҚР-ның рәміздерінің суреттері көрсетіліп, рәміздеріміздің авторы мен олардағы суреттердің не білдіретінін түсіндіру)
2-ші аялдама « Ел тарихы - жер тарихы»
Еліміз тәуелсіз ел атану үшін біздің Отандастарымыз, ата-бабаларымыз көп тер мен қан төккен, біздің елдің болашағы үшін өмірлерін қиған. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Абылай сынды еліміздің батырлары жоңғарлармен соғыста ерлік көрсетті. «Желтоқсан оқиғасында» да батырлығымен есімізде қалған ерлер мен қыздар бар. Олар Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұхамеджанова. Мінеки, осындай ардақты ерлердің қанымен келген келген тәуелсіздік қазақ еліне қайырлы болды. (Батырлардың суреттері көрсетіледі, Отан туралы мақал-мәтелдер айтылады) Біздің Отанымыз қандай жетістіктерге жетті соны тізбектесек:
* 1991 жылы 29 тамызда ҚР президентінің нұсқауымен Семей полигоны жабылды.
* 2 қазанда қазақстандық тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.
* 1991 жылы 1 желтоқсанда Президент сайлауы болды.
* 10 желтоқсанда Қазақстан Советтік Социалистік Мемлекеті Қазақстан Республикасы болып ауыстырылды.
* 16 желтоқсанда ҚР Президенті «ҚР мемлекетінің тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңға қол қойды.
* 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда Конституция қабылданды.
* 1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз айналымға шықты
Ой қорыту : Сырсандықтағы жұмбақтарды шешу. Ескерту : Жұмбақтар Қазақстан қалалары мен қазақ батырлары туралы болады .
1. Бұл қаланың басталды жыры
жаңа ,
Қазақстан төрінен мұны қара.
Бірінші буынында тамақ аты,
Екінші буынында ірі қала.
(Астана)
Мәди мұнда шығарған саз өлеңін,
Тәттімбет те шашыпты өз өнерін.
Өркен жайған нән қала таскөмірмен,
Қамтамасыз етеді қазақ елін.
(Қарағанды)
Найманның Қаракерей
руынан,
Артық туған өзгенің мың ұлынан.
Бұл батыр Дарабоз деп атақ алған,
Жаумен шайқасқандағы қылығынан. (Қабанбай батыр)
Жанқияр патриотқа тән
қылығы,
Бұл жас жігіт өлмейді мәңгі тірі.
Оны ойласам келеді құлағыма,
Әйгілі желтоқсанның жаңғырығы. (Қайрат Рысқұлбеков)
Таратамыз әлемге , досқа атын
біз,
Егер жырлай алмасақ босқа ақынбыз.
Ұлы Отан соғысында ұлты қазақ,
Кімдер еді мергендер- қос батыр қыз? (Әлия,
Мәншүк)
Сұрақ-жауап (топ
басшылар) сайысы
(Тақтада ілінген плакатқа
назар аудару. Дұрыс жауап берген топ өзінің қоржынына ұпай
жинайды.)
20–ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?
20–Еліміздің бас қаласы
20–ҚР президенті
50–ҚР туының авторы
50–ҚР елтаңбасының авторлары
50–Әнұранымыздың авторлары
«Қазақстан» - постер қорғау
— Қазақстан дегенде сендердің ойларыңа қандай сөздер түседі.

Мұғалімнің сөзі: Балалар, міне біз қазір кеудемізді бақыт сезімі билеп, «Бұл менің елім, менің жерім, тәуелсіз Қазақстаным» -деп жар салып, мақтанышпен айта аламыз. Қазақ халқында Атамекенді ардақтау, ананың ақ сүтінен, әкенің ақыл-өсиетінен тараған. Өз елінің Тәуелсіздігі үшін жанын да, арын да аямайтын ержүрек жастар, Сіздер деп білемін! Сондықтан, тәуелсіз еліміздің болашақ ұрпақтар қандай болу керек? (Оқушылар ойларын «Пікір ағашына» тілек жазып ілу арқылы білдіреді)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тәрбие сағаты

шағым қалдыра аласыз