400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәуелсіздік бақытым" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Жастарға тәуелсіздіктің қадірін білу, елімізді, ұлтымызды, тілімізді қастерлеуге түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік - бақытым!

Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар құрбан болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақ халқы бүгінгідей бақытқа қол жеткізу үшін қаншама қиын бұралаң жолдардан өтті десеңізші! Тарихымызды оқи отырып, ата-бабаларымыздың қайсарлығына, батырлығына сүйсінемін. «Рухы – өр, тәні бекем» бабаларымыз туған жері үшін қасық қандарын аямай, жанын пида етіп, мына ұлан-ғайыр қазақ жерін кейінгі ұрпаққа аманат етті емес пе?! «Тәуелсіздік»...Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы болған осы тәуелсіздік еді. Жер бетіндегі қарапайым тірі жандарға зер салсақ та, олардың өз бетімен ешкімге бағынышсыз тіршілік етіп жатқанын байқаймыз, тіпті көк байрағымыздың символы болған қыран құс та аспанда еркін самғағысы келеді емес пе!Сонау 1776 жылы Америка Құрама Штаты құрылып, тәуелсіздік декларациясын қабылдады, ал осы кезде қазақ халқының тағдырына егеменді ел болу үшін қалмақтармен соғысу жазды. Бұл күндері Қазақстан- егемендігін алған жас мемлекет, алайда оның үш мың жылдық тарихы бар қасиетті ел екенін біреу білсе біреу біле бермейді. Сол уақыттан бері қазақ халқы егеменді ел боламыз деп талай тар жол тайғақ кешті, сондықтан мен тәуелсіздікті таусылмас тарих деп білемін. Бүгінде біз де еліміздің тәуелсіздік алған жылдарымен қатар өсіп келеміз. Қазіргі жастар бақытты, себебі олар тәуелсіз елдің ұрпақтары. Ендігі алаңдайтын мәселе, жастарымыз түрлі діни ағымдарға еріп кетпей, қасиетті аталардың жанын қиған оқиғалар қалған еліміз тыныш болсын деп тілеймін. Қолымызға тиген тәуелсіздіктің асыл құсын ұшырып алмай берік ұстау бүгінгі ұрпақтың қолында.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
1891
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі