«Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік туралы мәлімет беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алпамыс» балабақшасы

«Балдырған» ересек топ


Бекітемін:

«Алпамыс» балабақшасы

Әдіскер: Шошаева К.

«Тәуелсіздік бастауы -

Желтоқсан»

Picture 1


Тәрбиеші: Байменова.Ж.







Тәрбиеші: Құрметті қонақтар тәрбиешілер және сүйікті балалар. Бүгін «Балдырған» тобында өткелі отырған «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 28жыл толды. Елу жылда ел жаңа демекші, өмір 28жылда біраз өзгеріске ұшырады, нарықтық заман орнады. Болашақтар тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіңдер. Сәби күлкісімен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.

  • Сонымен балалар тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?

  • 28жыл

  • Мемлекеттік тіліміз қандай?

  • Қазақ

  • Елбасымыз кім?

  • Қасым Жомарт Тоқаев

  • Тәуелсіз мемлекет ретінде қандай рәміздеріміз бар?

  • Елтаңба,ту,әнұран

  • Тамаша жарайсыңдар балалар.

Хор: ҚР әнұраны орындалсын


Тәрбиеші: балалар біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен жеткене жоқпыз. Оған куә желтоқсан оқиғасы. Қазақ халқының жері, болашағы үшін жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл қыздары, біздің апа – ағаларымыз. Олар: Қайрат Рысқұлов,Ербол Сыпатайұлы, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанқызының аттарын айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандары толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды, туымыз желбіреп тұр.

Өсер ұлдың қай сәттеде бірлік болмақ қалауы

Лаула,лаула,желтоқсанның мұзға жанған алауы

Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда тиісті емес еңкейюге жалауы – дей келе осы боздақтарымызға арналған балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Қайраттай қайсар ұлдардың

Жанымен келген еркіндік

Жазира мен Ләззаттың

Ары мен келген еркіндік

Қасірет пен қайғының

Бәрімен келген еркіндік


Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан


Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн


Нашақор деп ұлтшыл деп

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн


Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өркендер ақталады

Елнамысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерің мәңгілік сақталады

Көрініс.
Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге 
милиционер жігіт кіреді.
Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты 
тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне!
Жеңгесі: Қайрат, бері кел.
Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің.
Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар
еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз.
Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. 
Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз.
(Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.)

Тергеуші. Айыпты Рысқұлбеков. Халық жасақшысы СОВИЦКИЙді өлтірген сен бе?

Қайрат Рысқұлбеков: Жоқ, мен емес.

Тергеуші: Сен өлтіргенсің. Мойныңа ал.

Қайрат Рысқұлбеков:Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар!

Сот: Қайрат Рысқұлов, ақтық сөзің бар ма ?

Қайрат: Бар.

Күнәдан таза басым бар

Қазақ деген атым бар

21-де жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар

ҚАЙРАТ деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар


Асылай: Көтер ана, көтер ана басыңды.
Өтті, кетті жауынды күн жасынды
Қазақпыз ғой мың өліп, мың тірілген,
Мына иттерге көрсетпе көз жасыңды!
Кешір ана, жан едің ғой тамаша,
Арым үшін түстім, рас араша
Қалай ғана дәтім шыдап тура алам
Ұл-қызыңды қанішерлер таласа,
Арым үшін түстім, рас, араша

Тәрбиеші:Жастарымыздың ерен еңбегін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендегімізді алып Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды. Отанымыз туған жеріміз, еліміз жылдан жылға көркейіп өсіп өнуде.

Ән:

Рәміздерім – елдігімнің  белгісі,
Білу керек бала –дағы ең кіші.
Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.


Жүргізуші: Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
Балалар: Туымыздың түсі – көк.
Жүргізуші: Иә, өте жақсы.
–Ал, енді балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық (балалардың тақпақтары тыңдалады).

Елтаңбасы  елімнің,
Неткен  әйбат, әдемі!
Тұнығындай  көңілдің,
Ортада- аспан  әлемі.


Құт, береке – шаңырақ,
Орын алған  ол  төрден.
Қанатты  қос  арғымақ,
Екі  жақтан  көмкерген.


Анаң- күнің, жүрегің,
Әкең – өмір тірегің.
Сен- бақытты  ұлансың,
Бәрі  саған  қуансын!


Көк  аспандай  көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк  емес  ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.


Тәуелсіздік  жолында,
Талай – талай тер тамған.
Билігім  өз  қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам.

Тәрбиеші: Шалқы қазақ шалқитын заман келді. Текке қанын төккен жоқ бабаларым демекші осы күнге жеткізген еркіндік таңы мәңгі жасасын.
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты. 

Би : «Әдемі – ай »

Тәрбиеші: Кең байтақ туған елім Қазақстан,

                   Мен сені әрқашанда мақтан тұтам

                   Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен,

                   Баршаны байлығымен таңқалдырған.

                   Төбеңде көк байрақты желбіретіп,

                   Жасашы, жасай берші Қазақстан!


      Отанды біз атамекен,

                   Деп аялап айтамыз

                   Өйткені оны мекен еткен,

                   Бабамыз бен атамыз.

 

       Отан деген атамекен,

                  Отан деген туған жер

                  Отан-Ана, Отан үлкен

                  Қазақстан туған ел!


      Әділдік жеңіп соңында.

                    Тәуелсіз болды еліміз

                    Татулықпен бірлікпен,

                    Гүлдей бер, туған жеріміз.


        Тәуелсіздік келді деп,

                   Оралды қайта салтымыз

                   Баянды болғай енді тек

                   Бақытты біздің халқымыз.


      Отаным, Қазақстаным,

                  Жұмбағым Қазақстаным

                  Сен менің желеп-жебеушім,

                   Тәуелсіз Қазақстаным!

Ән: Атамекен

Міне, балалар, бұгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз еліңмен жеріңді көркейтіп, қазақтың намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.10.2020
466
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі