Материалдар / Тәуелсіздік белестері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік белестері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан - көп жылдық сыры бар, қазіргі таңда іргелі тәуелсіз ел, демократиялық дәстүрді берік ұстанған қуатты мемлекет. Біз көзімізді ашқалы аспаны ашық, күннен-күнге өркендеп келе жатқан осы Тәуелсіз Қазақстанды көріп келеміз. Дегенмен, бұл бақыт тәуелсіздікті аңсаған әрбір қазақ басына бұйыра бермеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана Елбасымыз «Қазақстан-2030 стратегиясын қолға алып, мақсаттарымен таныстырып жатқаны есімізде. Ол кезде Қазақстан дамыған 50 елдердің қатарына кіруі туралы түрлі міндеттерді орындау көрсетілген. Енді міне, ол бағдарламаны жоспарлаған мерзімінен бұрын орындап, сонымен тоқтап қалмай, алға қарай ұмтылу мақсатында «Қазақстан -2050» стратегиялы бағдарлама құрылды. Ондағы мақсат Қазақстан дамыған 30 елдің қатарында болу. ҚазҰУ , студент , журфак, мәдениеттану , мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2021
458
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіздік белестері

Қазақстан - көп жылдық сыры бар, қазіргі таңда іргелі тәуелсіз ел, демократиялық дәстүрді берік ұстанған қуатты мемлекет. Біз көзімізді ашқалы аспаны ашық, күннен-күнге өркендеп келе жатқан осы Тәуелсіз Қазақстанды көріп келеміз. Дегенмен, бұл бақыт тәуелсіздікті аңсаған әрбір қазақ басына бұйыра бермеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана Елбасымыз «Қазақстан-2030 стратегиясын қолға алып, мақсаттарымен таныстырып жатқаны есімізде. Ол кезде Қазақстан дамыған 50 елдердің қатарына кіруі туралы түрлі міндеттерді орындау көрсетілген. Енді міне, ол бағдарламаны жоспарлаған мерзімінен бұрын орындап, сонымен тоқтап қалмай, алға қарай ұмтылу мақсатында «Қазақстан -2050» стратегиялы бағдарлама құрылды. Ондағы мақсат Қазақстан дамыған 30 елдің қатарында болу.

Қазақ халқы тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқанға дейін қиын кезеңдерді бастан кешіріп, талай рет жойылып кетуге шақ қалды. Егемендігімізді алу халқымыз үшін оңайға соқпады. Еліміздің басына қанша рет күн туса да, Қазақстанның егемендігін алуы тарихымыздың ұлы оқиғасының бірі. Сонау XV ғасырда Керей мен Жәнібек хандарымыз қазақ хандығының негізін қалап, халқымыздың ұлан ғайыр жеріне көз тастағандарға өлкенің ұлтарақтайын да тигізбей, келешек ұрпаққа жеткізу үшін қасық қаны қалғанша аянбады. Еліміз ата-жұрт, азаттық үшін, небір сұрапыл соғысты бастан кешірді. Бейқам жатқан қазақтың тоз-тозын шығарып, "Елім-ай" деп еңіретіп жоңғарлар кетті. Елі үшін ет жүректері езілген ер жүрек Қара Керей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Райымбек, Шақшақұлы Жәнібек, Наурызбай сияқты батырлар тізе түйістіре, бірлікті ту етіп көкке көтеріп, ақ білектің күшіне сене, айбарлана жауға ұмтылды. Жоңғарды ойсырата жеңгенмен, арқаны кеңге салып, жайбарақат жатуға әлі ерте еді. Аш қасқырдай жан-жақтан анталаған жаулардың жанға тыныштық бермесін сезген ел Ресейдің қол астына кіруге мәжбүр болды. Арқа сүйеп, дос деп көрген орыс империясы хандық билікті жойып, бодандық бұғауын мықтап салды. Сол бодандықтың ноқтасын сыпырамын деген Сырым, Исатай, Махамбет, Кенесары, Амангелді сияқты боздақтарымыз да армандарына жете алмай қапыда кете барды...






XX ғасырдың бас кезінде Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Мағжан Жұмабаев, Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Тұрар Рысқұловтар қылышты емес қаламды қару етіп, еркіндік үшін күресте біліктілік жолын ұстанды. Қарымды қаламдары халықтың көзін ашып, тәуелсіздікке қол созған сәтте ел үшін жан ұшырған ерлеріміз солақай саясаттың құрбаны болғаны бәрімізге белгілі.

Өз заманының ұлы саясаткері бола білген, билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі болғанымен елдің экономикалық, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне Дінмұхамед Қонаев айтулы еңбек сіңірді. Елімізді жандандырып, халық ықыласына бөленді. Бірақ, көп ұзамай гүлденіп келе жатқан Қазақстан Республикасына басқа ұлт өкілдерінің көңілі түсіп, билеуге бел буа бастағанда қазақ жастары қарсы шығып, өз ойларын желтоқсан ызғары кезінде ашық алаңда білдіреді. Ел мен ұлттың тәуелсіздік құқын қорғау үшін бас көтерген Ляззат, Қайрат, Ербол, Сәбира сынды аға-әпкелеріміздің қадамы шын мәнінде ерлік еді. Желтоқсан оқиғасы тәуелсіздік жолындағы ең соңғы ірі қадам болды. Міне, осы қанды оқиғадан кейін бес жыл өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік туын тікті.Тәуелсіздік - азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. 1991 жылы 10 желтоқсанда еліміз Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы деген атаудан біржола құтылып, Қазақстан Республикасы деген атауға ие болды.



Ал 1991 жылдың 16-желтоқсанында Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. Егемендігімізді алған кезеңнен бастап, жаңару дәуірі басталды. 1992 жылы Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бекітіліп, дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті және беделді халықаралық ұйымдармен байланысын нығайтты. Қысқа мерзім ішінде екі жүзден астам мемлекет Қазақстан Республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде таныды. Н. Назарбаевтың басшылығымен салынған ең ері геосаяси жоба Астананың Ақмола қаласына көшуі болды. Астананы көшіру туралы заң 1995 жылы күшіне еніп, 1998 жылы Астананың ресми түрде тұсауы кесілді. Ақмола қаласы Астана қаласы деген атауға ие болды. 1999 жылы Астана қаласына ЮНЕСКО шешімімен бейбітшілік қаласы деген мәртебе берілді. 1999 жылы халық санағы жүргізіліп ашаршылық кезінде қырылып қалуға шақ қалған халық 16 млн 199,2 мың адамға жетті. Бұл әрине қуантарлық жайт. 2006 жылы жаңа әнұранымыз қабылданып, 2009 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен бірінші елге айналды. Осылайша Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың көреген саясатының арқасында кішкентай ғана қазақ елі әлемдік қауымдастықтардың беделді мүшесіне айналды.

Еліміздің егемендік алуы көптеген жобаларға жол ашты. Жастардың болашағы айқындалды, туған жеріміз гүлденіп көркейе түсті. 2017 жылы “ЭКСПО-2017” атты халықаралық көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты болашақ энергияны үнемдеу болды. Бұл көрме арқылы да еліміз одан әрі көп елге танымал болды.

Халқымызға Елбасының сіңірген еңбегі көп, сол секілді елге-жұртқа пайдасы тиіп, еліміздің көк байрағын көк аспанда желбіретіп жүрген жастарымыз жетерлік. Мысалы, Димаш Құдайберген, Генадий Головкин, Данэлия Тулешова, Ержан Максим, Элизабет Тұрсынбаева тағы басқа жастарымыз өте көп.

Елбасымыз: «Болашақ жастардың қолында»-деп бекер айтпаған. Расында елімізді көркейтіп гүлдендіретін, әрі қарай дамытып, атақты ететін осы жастар. Сол жастарды қолдау барысында Елбасымыз 2019 жылды “жастар жылы” деп бекітті . Жастар саясатының негізгі мақсаты жастарды біліммен сусындату және жұмыспен қамтамасыз ету еді. Бұл саясат жайында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Жас ұрпаққа арнайы айтатын сөзім бар. Сіздер Қазақстанның даму жолында арнайы рөл атқарасыздар. Прогрестің қозғаушы күші боласыздар»- деген болатын.

«Жастар –ел тірегі атты арнайы жоба іске қосылды. Біз жастардың бизнес бастамаларын іске асыруға арналған «Жас кәсіпкер» бағдарламасын қолға алдық. Жастардың StartUp- тарын қолдай береміз»- деген мәлімдеме жасады. Бұл әрине жастар үшін өте үлкен бастама болды деп ойлаймын. Және осындай мүмкіндіктер берілуінің бірден-бір себебі егемендік деген ойдамыз.

М.Жұмабаев: «Мен сенемін жастарға.

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда

Мен жастарға сенемін»- деп өзінің соңғы үмітін жастарға артқан. Сол артылған үміт жерде қалмаса екен деп тілейміз. Себебі, бүгінгі жастар болашаққа үлгі боларлықтай іс-әрекет жасаса, келешекте Қазақстан одан ары гүлдене түсер еді. Ал жастар мәңгүрт, ештеңені ойламайтын ненің не екенін білмей тұрса, салт-санамызды ұмытса, онда төгілген қан, жиналған абырой бәрі зая. Еліміз өзінің барша төлтума болмысын, жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт- дәстүрін, қызық та сан қилы тарихын әлем халықтарының алдына жайып салып, құлдығы мен зорлығы жоқ жаңа өмірді жаңғырту үшін, еңбек пен мәдениетті жарастыру үшін, сұлулық пен парасаттың салтанат құруы үшін жаңаша өмірге қадам басты. Ендігі біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік ел» етуді мұрат қылдық.

(Суреттер интернеттен алынған!)

Есенгелдиева Айгерім Байрамқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Журналистика факультетінің 1-курс студенті

Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы

мәдениеттану магистрі, PhD докторант

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!