Тақырыбы: "Тәуелсіздік -елдігімнің белгісі"
Мақсаты:Оқушылардың бойында Отан сүйгіштіктілік сезімдерін қалыптастыру.
Ұлттық құндылықтарымызды біліп өсуге,ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер,нақыл сөздер
Барысы:
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бастауыш сынып оқушыларының «Тәуелсіздік-тұғырың!» атты мерекелік сынып сағатына хош келдіңіздер!
Бүгінгі тарихымызды тағы бір еске түсіру үшін ел тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған бастауыш сынып оқушыларының
«Тәуелсіздік-тұғырың!» атты мерекелік сынып сағатына хош келдіңіздер!
Біз өзіміздің көк байрағымызды мақтанышпен
жоғары көтеріп, өз елтаңбамыз бен әнұранымызды қастерлей отырып,
күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздікпен ерліктің белгісі
дала қыранының қанаты талмай, шарықтай берсін
демекпіз.
Иә, бір кезде Отан үшін деп жанын қиған
жастар енді Тәуелсіздік үшін, ар - намысын, ата - баба дәстүрін
жоғары көтеру жолында ереуілге шықты. Олардың бұл өжеттілігін
ұлтшылдықтың белгісі қылып көрсетті. Қаншама қан төгілді. Иә,
1986жылғы «Желтоқсан оқиғасы»тарихта мәңгі
қалмақ.
1986 жылы 17 желтоқсанда бүкіл елді дүр
сілкіндірген ғаламат оқиға
болды.
Азаттық, Теңдік, Тәуелсіздік. Осы бір үш
ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан
болмады? Бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат
Асанова, Сәбира Мұхамеджанқызы, Ербол Сыпатаевтарды еске алып,
олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл
ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық
үшін өрімдей жап - жас қыз жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым
Қайраттың от жүрек үніне,
қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз
күйіп кеткен келбетіне бас
иеміз.
Мына видеодан үзінді көрейік,өткенді еске алайық.
Қазіргі кезде біз ашық аспан,жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүрудеміз, білім алу үшін мүмкіндік мол. Еліміздің тәуелсіздік алуы, кеше құрбан болған бауырларымыздың арқасында.Бұл жолда қаншама жастардың өмірі, тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстаудан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.
Қазақ халқы еркіндікке жеті үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған тарихы бар Қазақстан ғасырлар бойы армандаған өз тәуелсіздігін алды. Ал 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталды. 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.Бұл күн- Қазақстан тарихында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды.
Сондықтан желтоқсан бүкіл халықтық мереке.
Сол кездедегі құрбан болған қазақ қыздары мен
жігіттерін 1минут үнсіздікпен еске алайық.(1 минут
үнсіздік)
2-жүргізуші. Осы оқиғаға байланысты бастауыш сынып оқушыларының
мерекелік сынып сағатын
тамашалаңыздар.
1 жүргізуші: Келесі кезекті оқушыларға береміз
1 – оқушы:
Азапты ауыр күндер артта қалды,
Еркіндік ернеуінен таптық балды.
Тізгінін тәуелсіздік қолға ұстап,
Шаттанып шаңырақта жақтық шамды.
2- оқушы:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
3- оқушы:.Асқақтап көк байрағы аспанымда,
Қазақ тұр төрткүл дүние асқарында.
Жаны жас, жүрегі мәрт елмін бүгін
Азаттық арайланып дастанында
4 – оқушы:
Тәуелсіздік-ардақты асыл ұғым,
Тәуелсіздік-қасиетті ұқсаң сырын.
Тәуелсіздік алған ел бақытты ғой,
Тәуелсіздік жайында осы жырым.
5- оқушы:
Тәуелсіздік келген жоқ оңайлықпен,
Бүгінгі жарқыраған келбетімен.
Тарихты сараласаң көзің жетер,
Қатпарын жаза біліп рет-ретімен.
6- оқушы:
Тәуелсіздік аңсаған қайран елім,
Талай ғасыр соғыста қорғап жерін.
Арпалысып, алысып сыртқы жаумен,
Сақтай білді қазақтың ел бірлігін.
7-оқушы:
Тәуелсіз елім менің, Қазақстан,
Өткен жолын жалғанда ұлы дастан.
Болашағыңа қарасам көз жіберіп,
Аумайсың атылмақшы жас барыстан.
2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасынан кейін, әділдік орнады ма, балалар қалай ойлайсыңдар?
1-жүргізуші. Әрине, әділдік үшін құрбан болған аға-апаларымыздың арманы орындалды. Үміттері ақталды.
Ал,біздің қалайтынымыз не?
Біздің қалайтынымыз хормен:
Бейбітшілік, Тыныштық, Бостандық, Еліміздің босағасын нығайту.
"Атамекен" әні хор
2-жүргізуші.
«Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсен тілегіміз
Бірік барда тірлік бар»- деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!
1 жүргізуші: Құрметті ұстаздар, осымен бастауыш сынып оқушыларының сынып сағаты соңына жетті. Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, Отанымызға тыныштық тілейміз!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тәуелсіздік-елдігімнің белгісі" тәрбие сағаты 3сынып

шағым қалдыра аласыз