"Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы" тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы" тақырыбына тәрбие сағаты жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Иұғалімнің аты- жөні

Сайлыбаева С.М

Күні:

18.12.

Сынып: 9 в

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы

Құндылық

Тәуелсіздік және отаншылдық

Мақсаттары

  • Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну;

  • Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсету;

  • Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, ұлттық мерекелерге құрмет көрсету.

2 апта дәйек сөзі

«Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді»

Тәрбие сағаты


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар

Сабақтың басы

  • Оқушылармен сәлемдесу.

  • Мемлекеттік әнұранды айту.

  • Бейнеролик көрсету.


Құрметті оқушылар! Бүгін біз ерекше күн – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. 16 желтоқсан – әрбір қазақстандық үшін қастерлі мереке. Бұл күн – халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманының орындалған күні, еркіндік пен бостандыққа қол жеткізген күні.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше өтпек! Себебі біз бүгін сіздердің Отанымызға деген сүйіспеншіліктеріңді білу мақсатында, әр түрлі кезеңдерден тұратын сұрақтар қоймасынан құралған жарыс түрінде өткізгелі отырмыз. Біз бостандыққа қалай жеттік, қандай кезеңдерді бастан өткердік.


Бүгін Қазақстанда ұлық мереке – Тәуелсіздік күнін атапөтеді. Биыл қазақтың тәуелсіздік алғанына 33 жыл толып отыр.

1991 жылы Кеңес одағы ыдырап, оның құрамындағы елдер өз алдына жеке мемлекет болып шыға бастады. Солардың арасында Қазақстан да бар еді. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Жоғарғы кеңес "Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы" заң қабылдады. Сол сәттен Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды.

Еліміздің тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш Америка Құрама Штаттары мойындады. Одан кейін Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде таныды. Ал Түркия бірінші болып Қазақстанда өз елшілігін ашты.

1993 жылы еліміз төл валютасын қолданысқа енгізді. Мемлекеттік рәміздерін бекітті. Ядролық қарудан бас тартты. Шекарасын шегендеп, жаңа астанасын салды.

Бүгінде Қазақстан – БҰҰ-ның толыққанды мүшесі, Еуроодақ, МАГАТЭ, ЮНЕСКО және басқа да аса ықпалды халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты белсенді түрде нығайтып отыр. Олардың қатарында ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ЭЫДҰ секілді беделді халықаралық ұйымдар бар.

Жылдар жылнамасы.

1991 жылы елге шетелдегі қандастар орала бастады.

1992 жылы 2 қаңтарда Қазақстан ЕҚЫҰ мүшесі болды. Осы жылы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ мүшелігіне қабылданды.

1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды.

1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының Бірінші Конституциясы қабылданды. Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.

1993 жылы 15 қарашада ұлттық валюта — теңге қолданысқа енді. Теңге - қазақ елінің ұлттық валютасы. Көрнекі сурет: pixabay

1994 жылы 7 наурызда Қазақстан Парламентіне алғашқы сайлау өтті.

1995 жылы 30 тамыда жалпы республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.

2007 жылы оның атауы Қазақстан халқы Ассамблеясы болып өзгерді.

1996 жылдың 3 сәуірде ұлты қазақ Қазақстан азаматтары тегі мен әкесінің атын тарихи қалыптасқан халықтық дәстүрлерге сәйкес жазу мүмкіндігін алды.

1997 жыл — Жалпыұлттық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды. 20 қазанда Президенттің Жарлығымен Ақмола қаласы (1998 жылғы 6 мамырдан бастап Астана қаласы болып өзгертілді) Қазақстанның астанасы болып жарияланды. 1998 жылы зейнетақы реформасы жасалды.

1999 жылы 26 ақпанда Біртұтас экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылды.

2000 жылдың 29 шілдесінде бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтарға арналған соңғы штольня жойылды.

2001 жылдың 26 наурызында алғаш рет қазақстандық мұнайды КҚК – Каспий құбыр консорциумының 1500 шақырымдық құбырына айдау басталды.

2002 жылдың 23-24 қазанында Түркістан қаласында қазақтардың екінші дүниежүзілік құрылтайы өтті.

2003 жылы Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезі өтті.

2004 жылы Ақорда қолданысқа берілді. Ақорда келбеті. Көрнекі сурет: pixabay 2005 жылы "Қазақфильм" киностудиясы Ресей Мемлекеттік фильм қорынан қазақ фильмдерін қайтару жұмысын бастады. 2006 жылдың қаңтар айында "Самұрық" мемлекеттік холдингі құрылды.

2007 жылы 27 наурызда Қазақстан Президенті "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы" № 502 Жарлыққа қол қойды.

2008 жыл Қазақстандағы Украина жылы болып жарияланды.

2009 жылы Қазақстан халқының санағы өтті.

2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы саммит өткізді. Мұнай өнімдеріне ЭТП ставкалары бұрынғы деңгейде сақталды.

2012 жылы жазғы олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар 3 алтын 1 күміс 6 қола алып, 25 орынға тұрақтады.

2013 жылы 5 қыркүйекте Қазақстан алғаш рет Санкт-Петербургтегі G20 саммитіне қатысты.

2014 жылы 29 мамырда Қазақстан, Ресей және Беларусь басшылары Еуразиялық экономикалық одақты құрайтын шартқа қол қойды.

2015 жылы 1 қаңтарда Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан, Ресей, Беларусь және Армения арасында саяси және экономикалық одақ құра отырып күшіне енді.

2016 жылы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аталып өтті. 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында Алматыда 28 - қысқы универсиада өтті. Осы жылы Астанада халықаралық "EXPO-2017" көрмесі ұйымдастырылды. 2018 жылы Түркістан облысы құрылып, Шымкент республикалық маңызы бар қалаға айналды. Облыс орталығы Түркістан қаласы болды.

2019 жылдың 9 маусымында Президенттің кезектен тыс сайлауы өтті.

2020 жылы күллі әлемді дүрбелеңге салған COVID-19 пандемиясы басталды.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, ипотеканы өтеуге және өздері немесе жақын туыстары үшін емделуге ақы төлеуге пайдалануға рұқсат берілді.

2022 жылы 10 қаңтарда Қаңтар оқиғасына байланысты Ұлттық аза тұту күні жарияланды.

2023 жылы ұлттың рухын оятқан "Оян, қазақ!" фильмі жарыққа шықты. Тағы да оқыңыздар:



Сабақтың соңы

Сұрақ-жауап ойын арқылы




Қорытынды.

Тарих үшін 33 жыл аса көп уақыт емес. Дегенмен дамудың даңғыл жолына түскен қазақ жұрты үшін әрбір жылдың өзіндік тарихы бар. Бірнеше дағдарысты, қиын кезеңдерді бастан кешкен елдің бүгінгі батыл қадамдары экономикасының тұрақты болуына, халықтың әл-ауқатының көтерілуіне ықпал етеді деген сенім мол.


Оқушылар сәлемдеседі.

Әнұранды айтады

Көрсетілім.

Бейнероликті көріп, өз ойларын оратаға салады.




Оқушылар әр кезеңде келетін сұрақтарға жауап беруге дайындалады.

Әр кезеңмен танысады.







































Жылдар жылнамасымен презентация арқылы танысады







































































Сұрақ-жауап ойын арқылы жауап береді








Интерактивті тақта


Бейнеролик

https://youtu.be/ErWMIjxyI7g












Презентация

..\Desktop\Тәуелсізді.ppt








































Презентация

..\Desktop\Тәуелсізді.ppt




































































Ойынға сілтеме


https://www.umapalata.com/zexpo/game.html?LANG=RU&idGames=133719

































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2024
301
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі