Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздік және отаншылдық айы "Отанды сүй, елге қызмет ет"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, егемендігі, дамуы туралы мәлімет беру, тәуелсіздікке қалай жеткендігін баяндау. Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні: ______________________

Үйірме:______________________




Тақырыбы: Отанды сүй, елге қызмет ет

Мақсаты: Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, егемендігі, дамуы туралы мәлімет беру, тәуелсіздікке қалай жеткендігін

баяндау. Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы

екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал

қызмет етуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: интер. тақта, безендірілген сахна.

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту.

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын тақтадағы сөзжұмбақты шешіп алайық.

1) Елордамыз Астананың көрнекті орны, Астана нышаны.(Бәйтерек)

2) Жиындарда орындалатын салтанатты әуен. (әнұран)

3) Әр елдің мемлекеттік нышаны. (ту)

4) Көк байрағымыздың авторы. (Ш. Ниязбеков)

5) Қазақстанның бұрынғы астанасы. (Алматы)

6) Қазақстанның қазіргі елордасы (Астана)

7) Елтаңба авторы. (Ж. Мәлібеков)

8) Қазақстанның тұңғыш президенті. (Назарбаев)

9) ШҚО әкімі (Даниал Ахметов)

10) Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталады? («Жеті жарғы»)

11) Кіші жүздің биін ата? (Әйтеке би)

- Қандай сөз шықты? (тәуелсіздік)

Ой қозғау.

- Тәуелсіздік деген қандай ұғым? Тәуелсіздік дегенде ойларына не оралады?

- Біз ертең қандай мейрам тойлағалы жатырмыз?

- Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр? (26 жыл)

- Тәуелсіз ел деп қандай елді айтады? (Тәуелсіз ел ешкімге, ешқандай елге тәуелді, бағынышты болмайды. Өз жері, шекарасы, әскері, мемлекеттік рәміздері, ұлттық ақшасы, мемлекеттік тілі, өз Ата Заңы бар ел)

- Ендеше, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз тәуелсіздік мейрамына арналмақ. «Тәуелсіздік туы, желбіре» атты тәрбие сағатымыздың мақсаты тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұматтар алу, осы тәуелсіздіктің қадірін білу.

- Онда келесі кезекті салтанатты бөлімге берейік.

- Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

- Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.Бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан ұрпаққа табыс етті.

- Тарих еске алып отырғанды ұнатады. Ал біздің тарихымыз құдайға шүкір жетерлік. Тарихтың әлбетте қуанышпен еске алатын тұстары да, өкінішпен қарайтын да кездері де болады 200 жыл патшалы Ресейдің отары болдық. Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді. Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар хантойшыларының басқыншылық әрекеті еді. Қазақтардың руларға, жүздерге ыдырап бүлінуі кезеңін пайдаланып және жеріміздің байлығына қызыққан азулы жау бейбіт өмір сүріп отырған халықты қырғынға ұшыратты. Қанша азапқа түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраса да, қазақтың үш жүзі қайта бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұдан кейін патшалық Ресейдің еліміздегі шырайлы егістік жерлерді күштеп басып алуға арналған отарлау саясатына қарсы күрескен халқымыздың қаһарман ұлдары: Сырым мен Кенесарының, Исатай мен Махамбеттің, Сыпатай батырлардың есімдерін мақтан етуіміз керек.

«Мен, мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде

Еңіреп жүрген ер едім

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім,

Қай қазақтан кем едім,

Бір қазақпен тең едім.

Өздеріңдей хандардың

Қарны жуан билердің

Атандай даусын ақыртып,

Лауазымын көкке шақыртып,

Басын кессем деп едім

Еділдің бойы ен тоғай

Ел қондырсам деп едім

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсамдеп едім»

- 70 жыл әміршіл-әкімшіл үкімет үстемдік етті. Тілімізден, дінімізден айырылдық.

- Тәуелсіздік үшін халқымыз 325 рет көтеріліске шықты.

1920-1922, 1928-1932 жылдары ұлтымыз қолдан жасалған аштықтан, зорлық-зомбылықтан елінен безіп, өз ұясын, руын, туған-туысқанын сақтап қалу үшін 44 елге тарыдай шашылып кетті.

1937-38-ші жылдар жаппай жазалау болды. Бұл жылдары біздің Қазақ зиялылары, арыстарымыз қудаланды. А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев асылдарымыз арада 50 жыл өткенде ақталып, қазір шығармаларын оқып жатырмыз.

- 1941-45-ші жылдары тұтқиылдан неміс фашистері тыныш елімізге соғыс ашты. «Ер есіміс-ел есінде» демекші біздің ауылымызда да ардагерлеріміз бар. Бұл аталарымыз болашақ біздің өміріміз үшін соғысқа барды. Бейбіт өмірді алып берді.

- 1986 жылы Желтоқсан қозғалысымен тарихқа енді. Жас өмірін тәуелсіздік үшін қиып кеткен аға-апаларымыз: Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова т.б. жазықсыз сотталып, қыршын өлді.

- Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.

Мұхаммед:

Қасқал

дақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн

«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,

Қазақққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн

Қақаған қыстың ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн.

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрке шапқан күн

Аппақ қар қанға боянып

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.

Қайғы езіп елдің еңсесін

Жан шыдау жанын батқан күн

Енді қайтып келмесін

Сол бір қарғыс атқан күн.

- 1989 жылы 6-шілдеде Қазақ ССР жоғары кеңесі Президиумының Комиссиясы құрылды. Мүшесіне 12 адам кірді. Комиссия қыруар іс жүргізді. 25 томнан тұратын 2 мыңдай құжат тексерілді. Ақыр аяғында желтоқсан оқиғасы ақталды.

- 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның жоғарғы кеңесі Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.

- Қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақ елі егемен ел болды. Бұл күн талай-талай қилы заманды басынан кешіріп келген Қазақ халқы үшін ақ жарылқаған күн еді.

Жақсылық:

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық

Басқалармен терезесі тең болдық

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай

Отан үшін болуға да құрбандық.

Архат:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар,

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату – тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

- Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік-ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші-ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды.

- 1991 жылы 10 қазанда қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров ғарышка самғады.

- 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, елтаңбасы және әнұраны бекітілді.

Өзіндікі, туын да,

От пен ауа, суын да

Жаса Қазақстаным!

Белді, бекем, буын да.

- 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата Заны қабылданды. 5 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті.

Көк туым, көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.

Шырқадым әнұранды бар дауыспен,

Арманым Ата заңым қабылданып.

- 1996 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясына 1 жыл болды. 17-ші желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 5 жылдық мерекесі атап өтілді. Тәуелсіздік монументі орнатылды.

- 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді. Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.

-Ең алдымен ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді, қазақ тілін меңгеру – баршамыздың міндетіміз. Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Адамдық мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетіміз – ана тіліміз.

Тілім барда, қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар ата жолы салтым бар.

Кең даламдай жиналмаған шалғайы,

Аңқау ашық мінезім бар аңқылдақ.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім, тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.

Ана тілім жүрегісің анамның,

Жүрек ана мен өзіңнен таралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

Сенсің әрбір тынысыңнан күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай тура қараймын,

Ана тілім егер сені білмесем.

Егемендік

Мұз жастанып азаттықтын жолында,

Тәуелсіздік туы тұрды қолында.

Сойыл таяқ ойнаса да жанында.

Отан үшін жанын қиды ұлдарың,

Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,

Күйініштен ауырады жүрегім,

Естігенде желтоқсанның ызғарын.

Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,

Ұрпақ өсер айналатын тірекке,

Егемендік тиді бүгін еншіме,

Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.

- Біздің еліміз-бай, әрі қуатты ел. Барлық халық, ұлт еркін өмір сүреді. Әркім еңбек етуге, білім алуға, дем алуға ерікті. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанды өз Отаным деп есептейтін барлық азаматтарды ұлтына, нәсіліне, тұрған жеріне, қызметіне, байлығына, жынысына, діни нанымдарына қарамастан, заң алдында тек субъекті ретінде қарастырады және тең дәрежеде қорғайды, азаматтық құқықтарына нұқсан келтірмейді.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2 400мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания ,Италия . Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемелекеттің ішінде 9-орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес. Олар: Ресей, Қытай, Өзбекстан,Қырғызстан,Түркменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Елордасы–

Рефлексия.

Мұғалім:

- Балалар, осымен біздің тәрбие сағатымыз да аяқталып қалды. Енді сабақ соңында айтындаршы, бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар, сендердің рөлдерін қаншалықты болды деп ойлайсыңдар бүгінгі сабақта?

- «Ата – бабаларымыз аңсаған азатттық пен тәуелсіздікті алдық. Негізгі мәселе соны ертеңгі, келесі ұрпаққа, болашаққа, Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау» деген болатын Елбасымыз. Дана халқымыздың «Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады» деп атағандай, қиялынан қанат біткен, ойы ұшқыр, білімді жастар сендерсіңдер. Әрқайсысыңның жүрегің елім деп соғады, олай болса елге, жерге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, ел үшін, халқығ үшін қызмет етуге барлығымыз міндеттіміз дегім келеді сабақ соңында.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11