Тәуелсіздік күні сценарий балабақша

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік күні сценарий балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Елімнің Тәуелсіздігі»


Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу, Отан туралы түсініктерін кеңейту, патриоттық сезімдерін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.

Жүргізуші:


Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан елім менің!

Құрметті тәрбиешілер мен кішкентай бүлдіршіндер! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Елімнің Тәуелсіздігі» атты тәрбие сағатымызды  назарларыңызға ұсынамыз.



ҚР гимні орындалады.

Мерекелік тақпақтарымен балаларды ортаға шақырамыз

Шахмухамет:

Тәуелсіздік еліміз,

Мәңгі жасар жеріміз.

Тәуелсіздік жасаған,

Аға, әпкелеріміз.


Айбике:


Мерекеге шығады,

Бүкіл халық біліп қой.

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік – ұлы той.



Ельтай:  


Көтерілсе шаттығым,

Ынтымақты ел іші.

Желбіресе көк туым,

Тәуелсіздік жемісі.



Би:  (Толғанай, Аруна, Жансая, Айзере, Айару)


Меңгеруші: 

- Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар! Бүгінгі тәуелсіздікке арналған ертеңгіліктеріңіз туралы сұрақтар қойсам рұқсат па?



Жүргізуші:

- Әрине рұқсат.

(Меңгеруші балаларға сұрақ қояды)

Балалар біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)

ҚР президенті кім? (Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев)

ҚР рәміздеріне не жатады? (Ту, елтаңба, гимн)

Жүргізуші:

- Рәміздер туралы тақпақтарымен балаларымызды ортаға шақырамыз:

Әділжан:  


Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің Қазақстан.

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің, Қазақстан!



Күннұр:       


Көк туымыз бетінде,

Қыран бүркіт қанаты,

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты.


Хансұлтан:

     

Елтаңбасы елімнің,

Ортасында шаңырақ.

Төбесінде жұлдызы,

Тұр ғой әне жарқырап.


Абылай:

         

Аялап ару ананы,

Өсірген еркін баланы.

Бесігім болып тербеткен,

Отаным – Қазақстан.


Албина:    


Әнұраны елімнің,

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның,

Болашағы бірлікте.



Меңгеруші:

- Тамаша балалар, бәрін біледі екенсіңдер!

Жүргізуші:

- Дамира Жанасылқызы сіз бүгін сұрап алып үлгеріңіз және біздің балаларымыздың бүгінгі мерекеге арналған ән, би, тақпақтарын да тамашалаңыз.

Ән  «Нұр Отан»


Жүргізуші: Слайдтан суреттер Желтоқсан туралы.

Желтоқсан – заман толғағы  байтақ  даланың,

Шарпыған сәті үміт пен  күдік қаланың.

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира,

Құрбаны болған жаланың.

Ал қоғамның  адамнан  барма  асылы,

Кеткенде жоқ құлақтан  зар басылып.

Желтоқсан  құрбандарын еске алып, бір сәт үнсіздік жариялайық.


- Жарайсыңдар балалар, Қазақстан Республикасының еркіндік алып Тәуелсіздікке жеткен күні ол 16-желтоқсан. Бізге тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. 1986 жылы 16-желтоқсанда үлкен көтеріліс болды, оған қазақтың жас ұлдары мен қыздары шықты. Сол жастардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Сабира Мұхамеджанова, Ляззат Асановалар болды. Олар Отан үшін, сендердің болашақтарың үшін үлкен ерлікпен тәуелсіздікке күресті. Осы аға — апаларымыздың арқасында ешкімге бағынбай, тәуелсіз мемлекет болдық.

Көрініс (Балабақша ұжымы): «Савицкийдің өліміне кінәлі»


Ермек ағай (Қайрат): 


Қара қазақ ханы үшін,

Қарусыз шықты қабанға.

Алыстан әскер алғызып,

Кіріп салды – ау тоғанға.

Кез болдық сонау заманға,
Савицкий еді гой

Басты себеп жан-жалға.


Мадина апай (Тергеуші): 


Тоқтат, өшір үнінді, алып келіңдер мынаны. Ей, маған не деп отырсын? Савицкийді өлтірген  сен ба?


Қайрат: Жоқ мен емес.


Тергеуші:  Сен мойнына ал!

Жоқ мен емес өлтірген, мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала  жаппаңыз.

Тергеуші:  Әй бағана анаңа не үшін бардың?



Қайрат: Азаттық үшін.

Тергеуші:  Мә саған азаттық үшін ба, жазасын беріңдер.


Нұрсұлу апай (Анасы): Жоқ балам, Кетіңдер! Тиіспеңдер! Құлыным — ау. Құдайым — ау не жаздым мен саған?


Анасы:  Құлыным –ау  сенің де анаң бар шығар. Ақ жаулығымды  сыйландаршы . Кешіріңізші оны. (анасы басындағы орамалын шешеді)


Тергеуші:  Оны итеріп жібереді.


Қайрат: Көтер оны, Көтер ана басынды, Өтті кетті, шығарма көз жасынды. Қазақпын  ғой мың өліп мың тірілген. Көрсетпе көз жасыңды.


Анасы: Өңшең иттер, оңбағандар, қарғыс атсын сендерді! Иттер, оңбағандар


Тергеуші:  Алып кетіңдер мынаны.


Анасы: Жоқ балам. Жіберіңдер, Жібер менің балапанымды. Құлынымды жіберіңдер, жібер.


Қайрат: Соңғы ақтық сөзім бар тыңдандар.

Қайрат: 

Тоқтаңдар, айтар сөзім бар.
Күнәдан таза басым бар
21 де жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек то
қты құрбандық
Атам десең атыңдар!

Тергеуші:  Алып кетіңдер, жаның беріңдер.



Жүргізуші:  - Ал енді балалар қонақтарға 16-шы желтоқсан туралы тақпақтарымызды айтып берейік.

Саян:  

Желтоқсанның ызғары-ай,

Кірпікке қатқан мұздар-ай.

Елім-ай деп есілген,

Қаһарман ұлдар, қыздар-ай.


Асылхан:        

Жасай берші ұлы күн,

Үміті боп елімнің.

Ақ күні боп баланың,

Шаттығы боп ананың.


Айым:         

Отан-Тарих, Отан-тіл,

Жасаған елің ер халқын.

Отан-өлкең, Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.


Арсен:        

Он алтыншы желтоқсан,

Ел мерекесі тасыған.

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан.







Жүргізуші:

- Келесі кезекті мерекелік биімізге береміз.

Би: «ұл-қыздарымыздың биі»

Жүргізуші:

  • Тәуелсіздік деген сөзді қалай түсінесіздер?

  • Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?

  • Біздің бас қаламыз қай қала?

- Ал балалар сендер Астана қаласы туралы тақпақтар білесіңдер ма?

Балалар: Ия

Кәусар:       

Гүл жайнаған Астана

Қазақстан жүрегі.

Бірін-бірі сыйлаған

Туысқандар отаны.


Таңшолпан:   

Жас Астана, жас қалам,

Тарихың бар ашпаған

Ордасы боп ойшылдың,

Ей, бас қалам, Астанам.


Айсұлтан:         

Әсем қалам – Астанам,

Әлемдегі жас қалам.

Әр күн сайын өзгеріп,

Бой көтерді бас қалам.



Жүргізуші:

Келесі кезекті мерекелік биімізге береміз.



Би: «Алға Қазақстан» Ұлдар биі

Жүргізуші:

Ал балалар енді бәріміз қосылып «Көк тудың желбірегені!» әнін шырқайық.


Ән: «Көк тудың желбірегені!» 


Жүргізуші:

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын! Осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар!









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.11.2024
192
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі