Тәуелсіздік күніне арналған сценарий

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік күніне арналған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге қосымша материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отан неден басталады.


Тәрбиеші:

Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған,

Тәуелсіздік таңдары

Бақ береді баршаға

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным!

-Сәлеметсіңдер ме, қонақтар! Бүгін біз еліміздің тәуелсіздік алған мерекесін тойлауға жиналдық. Олай болса, ортаға балаларымызды шақырайық.

Әуен ойналып балалар төрт колоннаға бөлініп, флэшмоб билейді.


Флэшмоб.


Флэшмоб біткеннен кейін, балалар музыка әуенімен орындарына келіп тұрады.



Бала:

Тәуелсіздік таңын сүйем .

Таңмен бірге келді ме өлең.

Көк туына басымды ием,

Көгімізде желбіреген.

Бала:

Аласармас аспанымда,

Күнмен гүлдеп ел өседі.

Қазақстан аспанында.

Бостандықтың желі еседі.

Бала: 

Әнді алысқа жеткіземіз,

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той қып өткіземіз,

Тәуелсіздік ұлы күнді.

Бала:

Маған қымбат ұлы елімнің .

Шешек атқан әр гүлі.

Аялайды бәрімізді,

Азаттықтың таң нұры.

Бала: 

Желтоқсанның ызғары-ай

Кірпікке қатқан мұздар-ай

«Елім-ай» деп егілген,

Қаһарман ұлдар, қыздар-ай

Ән: «Қазақстан»

Балалар орындарына отырып, жайғасады.

Тәрбиеші: Балалар, біз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесін жылдың қай мезгілінде тойлаймыз?

Балалар: Жылдың қыс мезгілінде тойлаймыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, қыс мезгілінде неше ай бар және кім оларды атап береді?

Балалар: Қыс мезгілінде үш ай бар. Олар-желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, Ал, енді, балалар, мұқият тыңдайық. Мен сендерге бізге тәуелсіздік қалай келді, сол туралы әңгімелеп берейін. (Слайдпен жұмыс)

- Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 26 жыл толып отыр.
«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.
Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе? Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!


Бір минут үнсіздік.

Балалар орындарынан тұрып, желтоқсан құрбандарын үнсіз еске алады. Бір минут үнсіздіктен кейін, орындарына отырады. Осы кезде әуен ойналып, ішке орыс мультфильм кейіпкері Карлсон кіреді.

Карлсон: Сәлеметсіңдер ме, балалар мен қонақтар!

Балалар: Сәлеметсіз бе?!

Карлсон: Өздерің не деген көп едіңдер! Ал, мұнда не істеп жүрсіңдер? Тосап жейсіңдер ме? Ал кәмпит ше? Ой, сендерге қарай ұшып келемін деп ентігіп қалдым ғой!

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе Карлсон! Балалар, бұл орыс мультфильміндегі Карлсон ғой! Карлсон сен алыстан келдің ғой, шаршаған боларсың?

Карлсон: Әрине қатты шаршадым! Мен өте алыста, басқа елде, басқа қалада, сонау төбедегі шатырда тұрамын!

Тәрбиеші: Құрметті Карлсон! Сен қай елде тұрасың? Ол елдің бас қаласы қалай аталады?

Карлсон: Ал мен ол ел мен оның бас қаласы қалай аталатынын білмеймін. Оны маған білудің не қажеті бар? Мен шатырда тұрамын! Маған сол жерден барлығы көрінеді. Мен қайда ұшқым келсе, сонда ұшамын! Ал, сендер өз елдеріңнің қалай аталатынын білесіңдер ме?

Тәрбиеші: Әрине, Карлсон! Балалар өздерінің қай мемлекетте тұратынын және еліміздің бас қаласы қалай аталатынын, барлығын да біледі.

Карлсон: Мен сендерге сенбей тұрмын! Расында да бәрін білесіңдер ме? Ал, айтыңдаршы қай мемлекетте тұрасыңдар? Еліңіздің бас қаласы қалай аталады?

Балалардың жауаптары.

Тәрбиеші: Міне, көрдің бе, Карлсон! Біздің балалар бәрін біледі! Қазақстан Республикасы жер аумағы әлем бойынша тоғызыншы орында. Біздің мемлекетіміз Азияда орналасқан. Біздің еліміз қазба байлықтарға толы, бай мемлекет. Сонымен қатар елмізде көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді.Қазақстанда 18 млннан астам халық тұрады. Қазақстанда 14 облыс бар. Сол облыстың бірі-Маңғыстауда біздер тұрамыз. Балалар, осы Маңғыстау туралы не білеміз?

Балалардың қысқаша туған жер туралы әңгімелері айтылады.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар, енді Карлсонға өзіміздің ұлттық биімізді билеп, өнерімізді көрсетейік.

Би: «Қазақ биі»

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, Қазақстан бұл біздің туған жеріміз. Біздің Отанымыз! Отан деген біздің отбасымыз, бізді қоршаған айналаның барлығы ол біздің үйіміз! Қазақстан қандай әдемі сөз! Балалар, кәне, біз өзіміздің Отанымыз Қазақстан туралы не білеміз?

Балалар тақпақтары.

Бала:

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Бала:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Бала:

Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, 
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бала:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бала:

Рухынан жақсылардың нұр саулаған,

Жанымды мейірімі құрсаулаған.

Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,

Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!


Тәрбиеші: Балалар, Карлсонға өзіміздің туған жеріміз туралы әнімізді орындап берейік.


Ән: «Туған өлке»


Тәрбиеші: Айтпақшы Карлсон, ертең біздің еліміздің туған күні. Ол мереке- Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні деп аталады! Оны біз 16 желтоқсанда тойлаймыз!

-Әлемдегі барлық мемлекеттер сияқты, біздің еліміздің өз елтаңбасы мен жалауы бар. Қазір балалар саған осы елтаңба мен жалау туралы өз білгендерін айтып береді.


ЖАЛАУ.
Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы.
Көкке қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.

Көк аспанда нұрлы Күн
Күлімдейді далама.
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға.

Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай.
Нық көтеріп тұрамыз
Жалауды біз құлатпай!

ЕЛТАҢБА
Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.

Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.

Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді ЕЛТАҢБА
Ақ орданың төрінде.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Көрдің бе Карлсон балалар бәрін біледі. Ал, жалау көкке салтанатты шеру немесе мерекелерде Қазақстан Республикасының әнұраны айтылған кезде көтеріледі. Бүгін біздің еліміздің мерекесі, олай болса мемлекеттік әнұранымызды орнымыздан тұрып тыңдайық, балалар.


Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.


Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Қазақтың жерін халқымыз әрқашан қорғап келді. Осы күнге бідерге ата-бабаларымыз аман-есен жеткізді. біз бақытты елде өмір сүріп жатырмыз. Ал, балалар, енді Карлсонға біздің қандай епті екенімізді көрсетсек қайтеді?

Балалар: Иә, көрсетейік!

Тәрбиеші: Құрметті Карлсон! Сен біздің балалармен жарысып, өз күшіңді көрсеткің келмей ме?

Карлсон: Әрине, жарысамын! Өйткені мен мықтымын, әрі жылдам, әрі күшім де көп!

Тәрбиеші: Алдын-ала мақтанбай тұра-тұр, Карлсон! Балалар, бірінші кімнің жылдам екенін сынап көрейік.


Ойын: «Кім жылдам?»

Шарты: Екі топқа бес-бестен бөлінеді. Ойын басталды деген белгі бергеннен кейін, қолына допты алып, жыланша белгілердің арасынан өтіп, межеге дейін жүгіреді. Қайтып өз тобына жүгіріп келеді.


Карлсон: Қарай гөр өздерін, өздері сондай шапшаң, әрі епті екен! Ал, күшті болсаңдар, мен сендердің күштеріңді көргім келіп отыр. Келіңдер, арқан тартып, күш сынасайық. Мен сендерді арқанды бір тартқанда-ақ жеңемін!

Ойын: «Арқан тарту»


Арқан тартыспақта карлсон өзі арқанның бір жағын тартып, ал екінші жағын он бала тартады да, Карлсон жеңіліп қалады.


Тәрбиеші: Карлсон, сен қатты мұңайма! Сен бар болғаны Қазақстанға жиерек қонаққа келіп тұр. Бізде әр балабақшада балалар спортпен, дене шынықтырумен айналысады. Сондықтан олардың денсаулықтары мықты, әрі өздері епті және жылдам. Сен бізге дене шынықтыру сабағына келіп қатыс. Сонда сенің де денең шынығып, мықты боласың.

Карлсон: Иә. Бөбекжайдағы кіп-кішкентай бүлдіршіндер барлық қиын тапсырмаларды орындап, мықты болса, демек, ата-аналарыңда мықты болғаны ғой! Қазақстанда өте көп мықты спортшылар өмір сүреді екен. Солай ма балалар?

Тәрбиеші: Карлсон сонда да біз сенің қандай елде тұратыныңды білгіміз келеді. Біз саған өз еліміз Қазақстан туралы айтып бердік қой! Келесі келгенде сенде өз елің туралы біліп, бізге айтатын бол!

Карлсон: Мен сендерге сыйлық бергім келіп тұр! Бірінші мен сендерге құлыпынайдан жасалған тосап бергім келген. Енді сендердің қандай мықты екендеріңді көріп, шырын сыйлағым келіп отыр. Себебі, шырын денсаулыққа өте пайдалы.


Балаларға Карлсон шырын таратып береді.


Тәрбиеші: Рахмет, Карлсон!

Карлсон: Енді менің кететін уақытым болды, балалар. Келесі келгенде мен сендерге өзімнің тұратын елім туралы біліп, әңгімелеп беруге уәде беремін! Сау болыңдар, балалар!


Қоштасып шығып кетеді.


Тәрбиеші:

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 
-Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп ертеңгілігімізді Алға, Жасұлан әнімен аяқтаймыз.

Ән: «Алға, Жасұлан»







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2020
1201
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі