Материалдар / Тәуелсіздік Қазақстан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ұстаздарына көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
563
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

«№4ЖОББМ КММ»-нің бастауыш сынып мұғалімі

Жанасаева Ақбота Берікқызы

Күні: 14.12.2019ж

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік Қазақстан».

Мақсаты: оқушылардың отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, ата-мекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс - бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, суреттер.

Сабақ барысы:

Нұртілек:

Көк байрағым желбіресін көгімде

Әнұраным әуелесін елімде.

Елтаңбамыз нышаны боп елдіктің,

Тұрса артық не арман бар өмірде.


Жансая:

Көптен күткен көк байрақ желбіреді,

Күннің көзі көктемдей елжіреді.

Мұннан ыстық, жалын-от барма сірә,

Әнұран-әнімен жүрегіміз тербеледі.


Нұртілек: Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын


Рамазан:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіз Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Сабағымызды елбасымыздың мына бір сөзімен бастасам деймін: «Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан».


27 жыл. Ширек ғасыр, сен менің
Жүрегімді тыныштық боп тербедің.
Нәтижесі бейбіт күн мен бейнеттің,
50 елдің қатарына енгенім.


Күллі әлемді құшақ жайып қарсы алдың,
Қала салдық қараса жұрт тамсанған.
Айналдырған аз уақытта осы бір,
Орындалды қанша тілек, қанша арман.

Жансая: Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Көшіп -қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген.  Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың.


Нұртілек: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

Рамазан: Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті.


Жансая: 1920 – 1930 жылдары қазақ хаалқы ашаршылықты бастан өткізді. «Кіші Октябрь» саясатын жүргізді. Елді аштық тығырына  тіреп негізгі күн көрісі мал болған қазақтар екі-үш жылда малдарынан түгел айрылып, Қазақстанда тұратын 2 млн. қазақ аштықтан қырылды.


Нұртілек:  «1941-1945жылдары. адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап ерекше ерлік көрсетті. 100-ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді»


Рамазан: Бейнебаянға назар аударайық


Рамазан: Тәуелсіздік бізге оңайшылықпен келген жоқ. 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды.1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.


Жансая: Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды.


Нұртілек : Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.

Тәуелсіздік күресі енді басталды.


Жансая: Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты ұшқан күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.


Нұртілек: Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,

Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.

Содан барып, тоңды еріді кеңестің

Содан кейін еркіндікті бастадым,


Жансая: Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,

Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.

Отан үшін отқа түссең күймейсің,

Ізбасары болмай елге жақпаймыз.



Рамазан: Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде ерлік көрсетіп құрбан болды.


Рамазан: Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1-минут үнсіздік)


Нұртілек: Қазір бұл қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн, себебі, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика болып жарияланды.


Жансая: расында да, тарихқа көз жіберсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Осындай рухы күшті елдің ұрпағы болу – үлкен бақыт. Бүгінде 28жасқа толған тәуелсіз елімізді бүкіл әлем таныды, мойындады. Енді осы 28 жыл ішінде қазақ елі қандай жетістіктерге қол жеткізді?


Рамазан: Мемлекетіміздің тәуелсіздік  алғалы бері  жеткен жетістіктері ғасырға  пара-пар. Осы өткен  өмір жолдарымызға қарасақ , әр жылдың өз  шежіресі , өз сыры , тарихы, қасиеті бар.

Өткен тарихқа көз жүгіртсек.


Рамазан:

1.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының президенті кім?


2. Тұңғыш президенті кім?


Оқушылар

Қ- қазаққа қызмет ететін – М.Айару

А- арманына жететін - Ислам
З- заңды жақсы білетін - Ақмарал
А- алға қарай жүретін - Жансен
Қ- қайырымды елімнің -Нұртілек

С- салтанатты жерімнің – Хасан

Т- толықтырам сенімін – С.Айару
А- абыройын,жігерін - Фархад
Н- намысын қолдан бермейтін – Айда
Бәрі:Мен боламын еңбекқор, 
Болашағы елімнің!


Жансая : Ән: «Елбасы ел бағы» Орындайтын: Айару, М.Айару, Рамазан, Нұртілек

Жансая:

Балалар жыр шашуына кезек берейік. (С.Айару, Мейрамбек, Гүлзар, Жансен)


Нұртілек: Бейнебаянға назар аударайық


Рамазан: Балалар жыр шашуына кезек берейік. (Алихан, Хасан, Ислам, Аида)

Рамазан: Балалар, Қ.Аманжолов атамыздың мына бір өлеңінен үзінді тыңдаңыздар.

Қазақстан дейтін менің бар елім .

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

 Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұлдаладажылапкеліп, уанған

Бұлдаланыкөріпалғашқуанған

Бұлдаладаөскенжандажоқарман!–деп, біздің елімізді мақтанышпен жырлаған екен.

Шынында да  қазіргі уақытта біздер мақтанышпен айтатындай бақытты заманда, бейбіт өмірде тату тәтті өмір сүрудеміз. Соның бәрі  тәуелсіздігіміздің арқасы.


Жансая: Тәуелсіздік – достығымыз,

Тәуелсіздік – ел бірлігі,

Тәуелсіздік – ертеңіміз,

Ұрпақтармен жалғасатын.

Тәуелсіздік – ата жолы,

Болашаққа нық басқан.


Нұртілек: Тәуелсіздік – қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек жан-тәнің мен ұғып біл.

Он бір әріп не мағынаны береді,

Ал талдайық, жеткенінше қызыл тіл.


Оушылар

Т- білдіреді теңдікті, - М.Айару

Ә- әдептілік, әлдікті, - Ислам

У-уайымсыз уақытты, - Ақмарал

Е- егемендік елдікті. - Жансен

Л-дейді лағып лепірме, - Нұртілек

С-сенімділік секілді, - Хасан

І-ілтипат пен ізетті - С.Айару

З- зиялылық тілек қой. - Фархад

Д- шақырады достыққа, - Аида

І- ізденіс пен нәтиже - Алихан

К- дейді күн боп көктегі - Гүлзар

Көз алартып, көршілерге қол сұқпа.


Нұртілек: Ән: «Қазақстан бақытты» , Орындайтын: Ислам

Жансая: Ән: «Біз бақытты баламыз» Орындайтын: Жансен

Рамазан: Хор: «Бақытты біздер баламыз» Орыцндайтын: 2а сынып оқушылары.

Мұғалім: Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. 2030 жылы Қазақстанның Орта Азия барысына айналуына сіздер үлес қосасыздар. Отанымыз гүлденіп, жайнай берсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!