Тәуелсіздік шарасы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік шарасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйірме жетекшілеріне арналған және сынып жетекшілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы




Түркістан облысының білім басқармасының

Отырар ауданының білім бөлімінің

«М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Тақырыбы: «Тарихпен тербелген– Тәуелсіздік

Дайындағандар:

Үйірме жетекшілері:

Г.Мауленова, Е.Үкібаева,

А.Төреханова, Б.Амантаев

10 сынып жетекшілері:

А.Абдукаримова, Р.Дурманова,

Г.Туганбаева, Л.Байдарбекова









2025-2026 оқу жылы





Бекітемін:

Мектеп директоры: А.Сыздықәлі




Тақырыбы: «Тарихпен тербелген– Тәуелсіздік»

Іс-шараның мақсаты:
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы тарихи кезеңдерді таныту арқылы оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық сана-сезімін, отансүйгіштік рухын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Отансүйгіштікке, ұлттық қазына мен мұраларды қадірлеп,қастерлеуге тәрбиелеу. . Азаттық жолында күрескен тарихи тұлғалардың ерлігін дәріптеп, жас ұрпақтың тәуелсіздіктің қадірін терең түсінуіне ықпал ету, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.


Ашылуы: Ән ұран


І-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар және оқушылар!

ІІ-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі көрермендер! 


І-жүргізуші: Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған, ұлан-ғайыр атырапта - бүгін мереке!

- Сіздерді ғасырлар бойғы халқымыздың асыл мұраты- азаматтығымызды әперген айтулы мерекесі Тәуелсіздік күнімен шын жүректен Құттықтаймыз!


І-жүргізуші: Бүгінгі Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тарихпен тербелген– Тәуелсіздік !» атты мерекелік шараға қош келдіңіздер!


II-жүргізуші: Хор: «Аманат» Орындайтындар: Сейдахмет Рахман және хор ұжымы


І-жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің


Баяндама. Тәжітай Шапағат











II-жүргізуші: Би: «Еркін дала жастары» Орындайтын: «Ақжарқын» би

Тобы

1 Жүргізуші: Көркем сөз: «Желтоқсан рухы» Қалдыбай Нұрқабыл, «Тәуелсіздік» Тәжітай Шапағат

Поэзияға пародия

Құр патриот,жалаң ұлтшыл,

Ауыз Ислам ұстамы

Лапылдаған қазахисттер елдің нағыз дұшпаны

Заманымен оянудың тыпырлаудың орнына

Ата-баба хикаясы жүрегіне құшқаны

Ата-баба хикаясы,бар бабасы ұлылар

Барлығының жүрегінде сақалындай түгі бар

Ақиқатты түсініп қойған данышпандар шетінен

Ақырғанды кез келгені қаһарына ұшырар

Әр бабасы бар қазақтың мойындаған батыры

Тірі пенде жете алмастай іліп қойған сатыны

Бәрі болған үйлерінде сүлеймендей сұлтандар

Тасып жатыр сандығынан жиып қойған алтыны

Сол қазақтың ұрпағымын деп шірінеді соқыр ел

Шірінемдеп қаншама жыл бір орында отыр ел

Түлкі заман қашқан кезде тазы болып қуғызар

Сол ғажайып бабалардан халқым не зат тоқып ең

Бабамда да болған тіпті бізден асқан надандық

Тақтың жаны қан сасыған адам сенбес арамдық

Бабаларда мисыздықтан талай істі бітірген

Қара елдің көзін көл қып аузын ашып аран қып

Жақсысымен жамандығын айтпаса егер жая сап

Мұның досым тарих емес артқа бұрған саясат

Сорлы халық ұлы екем деп қиялында жүрсін деп

Жасалатын құрал біреу жату үшін май асап


«Тәуелсіздік» Тәжітай Шапағат

/Қалқаман Сарин/ «ТӘУЕЛСІЗДІК»

Еркіндігім.

Қасиеттім.

Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Кеше сенің келбетіңді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің.




Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік,

қош келдің!Өзегімді өртке ораған қоғамда,

Өз үйіме өзім өгей болам ба?!

Алшаң басып жүре алмаса алты алаш

Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!

Саған жету қиын болса қаншалық,

Сақтап тұру қиынырақ одан да!

Алла берген азаттықтың әр сәті-

Аманат қой

Маған,

Саған

Оған да!

Саясатқа сермей алмай семсерді,

Езгі күнге тері қылдым еңсемді!

Желтоқсанда жалын атып жастығым,

Құрсау болған темір қоғам теңселді!

Есте даңқы қыршындардың қалды ма,

Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?

Уа, еркіндік,

Құның немен өлшеңді!?

Уа, еркіндік!

Құның немен өлшенді?!

Сені көксеп

Боздақтарым өлсе өлді!

Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,

Ең шуақты,

Ең шырайлы,

Ең шерлі!

Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-

Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!
1 Жүргізуші: -Бүгінгі кешіміздің арнайы қонағы – 1986 жылы16 Желтоқсан оқиғасының куәгері,мектебіміздің ардагер ұстазы,қазіргі таңда мектебіміздің ата-аналар комитетінің төрағасы Омаров Жұмабай Ерназарұлын сахна төріне шақырып өткен өміріңіз туралы өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа сұхбат алуға сахна төріне шақырамыз!

Сізбен сұхбат жұргізуші мектебіміздің Өзін - өзі басқару ұйымы парламентінің ақпарат министрі Амангелді Шырай

(Сахнада жүргізуші Шырай мен Жұмабай ағайдың сұхбаты жүргізіледі.)







Тақырыбы: «Желтоқсан – Тәуелсіздікке апарар жол»

Кейіпкерлер:

Жүргізуші: – Өзін - өзі басқару ұйымы мектеп парламентінің ақпарат министрі Амангелді Шырай

Жұмабай Омаров – Желтоқсан оқиғасының қатысушысы

Жүргізуші: Желтоқсан…
Бұл – жай ғана айдың атауы емес.
Бұл – мұз жастанған, бірақ жүрегі отқа айналған
қазақ жастарының тағдыры.
Бұл – тәуелсіздікке бастар алғашқы қадам.

Бүгін біз тарих бетінде өшпес із қалдырған
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің
тікелей қатысушысымен
сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болып отырмыз.

Қарсы алыңыздар,
Желтоқсан оқиғасының қатысушысы
Жұмабай Омаров!
(Қол шапалақ)

Жүргізуші: — Жұмабай аға, алдымен уақытыңызды бөліп,
жастармен жүздесуге келгеніңіз үшін алғыс айтамыз.
Алғашқы сұрақтан бастасақ.
1986 жылғы Желтоқсан күндері сіз қайда едіңіз, сол алаңға шығуға не түрткі болды?

Жұмабай Омаров:
(қонақтың өз жауабына орын беріледі)

Жүргізуші: — Ол күндері алаңдағы жағдай қандай болды?
Жастардың көңіл күйін, сол сәттің атмосферасын
бүгінгі ұрпаққа қалай сипаттап берер едіңіз?

Жұмабай Омаров:
(жауап)

Жүргізуші: — Желтоқсан оқиғасынан кейін
сіз қандай қиындықтарға тап болдыңыз?
Қудалау, қысым болды ма?

Жұмабай Омаров:
(жауап)

Жүргізуші: Желтоқсан –
жас жігіт пен қыздың
өз болашағын емес,
ел болашағын таңдаған сәті.

Жұмабай аға, сол қилы кезеңде
қорқыныш болды ма, әлде намыс басым түсті ме?

Жұмабай Омаров:
(жауап)





Жүргізуші: — Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанды көргенде
сол Желтоқсан құндылығы ақталды деп
айта аласыз ба?

Жұмабай Омаров:
(жауап)

Жүргізуші: — Жұмабай аға, бүгінгі өскелең ұрпаққа,
ел тәуелсіздігін көздің қарашығындай
сақтауға тиіс жастарға
айтар аманат сөзіңіз бар ма?

Жұмабай Омаров:

Жүргізуші: Желтоқсан –
құрбандықпен келген еркіндік.

Біз оны ұмытсақ – тарих кешірмейді.
Біз оны қастерлесек – ұрпақ ұтады.

Қадірлі көрермен,
бүгін біз өткенге тағзым етіп,
ерлікті еске алдық.

Жұмабай аға,
қазақ елі сіздердің батырлықтарыңызды
ешқашан ұмытпайды.
Сізге зор алғыс білдіреміз!


II-жүргізуші: Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, 
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.

Ән: «Рух» Орындайтындар: Қуанышбек Сүндет, Қанат Арнұр

І жүргізуші: -Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 34 жыл толып отыр.

«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын»

Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.

ІІ-жүргізуші: Қазақ елінің сан ғасырлық тарихы — ерлікке толы.
Бүгін біз Тәуелсіздікке дейінгі жолды көрініс арқылы көз алдымызға қайта әкелеміз.

(Слайд басталады)

Автор: -Жәнібек пен Керейден бастау алған , тектілігіміз бен бектілігіміз әр қазақтың қанынан, жүрегінің жанынан орын алған, 62 тамырымыздан аққан қанымыздың негізі ар мен намыстан тұрады. Жұдырықтай жұмыр жүрегіміз имандылықтан тұрады. Батыр бабаларымыздың әр соққан сойылы, шапқан





қылышы,түйреген найзасы ,тәуелсіздігімізге бір қадам болсада жақындатқаны ақиқат. Арыстандай азулы,ержүрек ерлеріміз ертеңгі ұрпақ үшін елеңдеп, есесін еш жауымызға бермегені шындық.


Керей хан: Жасұлан: -Алаш жұрты! Мен – Керей ханмын.
Бүгін біз халық болып бірігіп, өз туымызды көтеріп, өз мемлекетімізді құрып отырмыз.
Жеріміз кең, ел-жұртымыз батыр, ниетіміз ақ.
Менің тілегім – қазақ баласы азат болсын, еркін өмір сүрсін,
Жерімізге көз тіккен жау болмасын!

Жәнібекпен бірлігіміз – елге қуат,
Халқымыздың татулығы – хандыққа береке.
Біз көтерген ту – мәңгілік елдің бастауы.
Ұрпақтарым, елдікті сақтаңдар, бірлікті қорғай жүріңдер!

Жоңғар шапқыншылығы:

Автор: -Тарыдай шашылған қазақтың басы қосылып, бір жеңінен қол,бір жағадан бас шығарды. Ақ найзаға үкі тағып,қанатын қомдап, биіктерді

бағындыра бастады. Батырларымыз рухтанып, жоңғардың батырларымен жекпе жекте тіл қатырмастан жер жастандырып отырды. Осындай ынтымақ пен берекенің себепкері ,үш жүзіміздің басын қосқан хан – Абылай еді.

Абылай хан: Елмұрат: Уа, халқым! Мен – Абылай ханмын.
Елімнің еркіндігі мен жерінің тұтастығы – менің ең басты мұратым.
Қиын-қыстау заманда жұртымды бір тудың астына жинадым.
Бірлік бар жерде – береке,
Береке бар жерде – ел мықты.

Қазақтың даласы – ата-бабадан қалған аманат,
Оны қорғау – әр азаматтың борышы.
Менің айтарым – тізе бүкпе, намысыңды жықпа.
Ұрпағым, азаттығыңды бағала,
Қазақ елінің туын ешқашан төмен түсірме!»

Ақтабан шүбырынды алқакөл сұлама оқиғасы:

Автор: -1723 жылдың көктемінде жоңғарлардың жеті түмен әскері қазақ даласына басып кірген болатын. Азық-түлік, мал-мүлкін тартып алып, қазақтарды шетінен қырғынға ұшыратты. Қазақ тарыдай шашылып, бұл оқиға Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама,-деп аталды.

Қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихта хатталды.

Шапағат (елім-ай туралы айтады):

Ақтабан шұбырынды...
Кiм бiлер шығынымды?
Кiм жалғар айтыңдаршы,
үзiлген жұлынымды?
ақтабан шұбырынды...
ақтабан шұбырынды...





Қайтпаған кегiн ойлап,
таланған жерiн ойлап
тоз-тоз боп бара жатыр

қазағым «Елiм-айлап».
Аузы ашық жарамыздың...
сесi жоқ даламыздың...
Баланың көзiн шоқып
тойынған қара құзғын.
Жете алмай арманына
дүние зарлады ма?!
Оралған қара жылан
киелi шаңырағыма.
Өртенiп барады ма,
жүрегiм жанады ма?!
Қарақұрт ұя салған
қобыздың шанағына.
Өртенiп барады ма,
жүрегiм жанады ма?!
Жауыздық қолын салған
арудың анарына.
Айтатын сазын анам
қайғысын қазып алам...
Ұлыған жел соғады
даладан азынаған.
Қайтпаған кегiн ойлап,
таланған жерiн ойлап
тоз-тоз боп бара жатыр
қазағым «Елiм-айлап».
Дауыстар шырқыраған
жүректi жұлқылаған...
Көмiлiп ел барады
ақ шаңға бұрқыраған...

Ашаршылық қуғын-сүргін уақыты:

Автор: -1920-1939 жылдары Кеңес үкіметінің сұрқия саясатымен қолдан жасалған ашаршылық салдарынан, қазақ халқының 70%-дан астамы, шамамен 8,5 млн адам аштықтан қырылды.Сталиннің саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 25 мыңнан астам Алаш азаматтары түрмеге тоғытылып, ату, асу жазасына кесілді.

1 жүргізуші: Көрініс: Бес арыс (Алаштықтар сөйлейді)

1Шәкәрім: -Ахмет, неге соншама ойланып қалдың?

Азамат соғысы, большевиктер мен ұлттық аумақтармен санасу қажеттігін көрсетті емес пе? Жаңа ғана жаңалық жазып бітірдік.

-Неге соншама жабырқаусың?

2 Жүсіпбек: -Шыныменде Ахмет, түрің келіспей тұр. Бәрі реттеліп келе жатыр.Әрқашанда жақсылыққа үміттенейік.

3Ахмет: -Ей, бауырымай, бәрімізді алаңдататын осы бір ақ мәселе ғой.




Не істесек те осы қара халықтың қамы үшін жасап жүрген жоқпыз ба?

Өзің білесің ғой шолақ белсенділердің шаш ал десе, бас алатынын.

Қиындықтардан қорықпай ұлттық идеяны жүзеге асыруымыз керек.

Алты алаштың ұрпағы ретінде біз мемлекеттің іргетасын құрып жатырмыз.

Сондықтанда еңбегіміз зая кетпейді деген үміттеміз.

4 Мағжан: -Ал, тыңдап көріңдерші ал қалай естіледі екен?

  • Қазақ Автономиялы Кеңес социалистік Республикасы.

  • Қалай а...

- Ағалар , тыңдаңдаршы

- Алаш автономиясының ауылы алыс емес екен ғой. Не деген бақыт десеңізші ә!

5.Шәкәрім: -Эй, Мағжан сенде айтады екенсің

-Әрине,жеке жұрт боп кетсек, мақсатымыздың орындалғаны, арманымыздың асқақтағаны.

-Міне, ел алдымызда парызымыздың орындалғаны деп білдіреді. Бірақ, елді біріктіру, білім беру әлеуметтік жағдайда міне біздің қайран басымызға түсіп отыр.

2 Жүсіпбек: -Әй, Мағжан, қазақ өз алдына ел ғана болып қоймайды, қандай ел болудың үлгісін көрсетеді әлі.

Біз ол күндерді көре алмайтын шығармыз бәлкім. Бірақ менің мына жүрегім сезеді.

-Әй, Мағжан, осы сенің оптимизіңе қайран қалам. Бірақ шындықты да естен шығаруға болмайды. Бізге білімді мамандар мен басылымдар қажет. Бірақ уақыт пен қаражаттың жетіспеушілігі кей істерге кедергі боп тұр.

3 Ахмет: -Мынауың ақыл екен. Жүсіпбек дұрыс айтады. Бізге ішкі бірлік пен сыртқы қолдау қажет. Рухани құндылықтарымызды ұмытпайық. Жастарды имандылыққа тәрбиелеп, қалың қара халықты біз секілділер амалын табуымыз керекпіз.

5 Міржақып: -Ей, алаш деп ойлап отқан ағаларым мына жазған өлеңге баға беріп кетіңіздер. Атын Оян, Қазақ деп қойдым,- қалай екен ә!

3 Ахмет: Әп, бәрекелді! Міржақып! Қалай ғана кесіп айтқансың бауырым. Өзіңдей орақ тілді асыл азамат қана мынадай туындыны жаза алады.

5 Міржақып: Оян қазақ деп жар салайын, Мұны жарты жолда қалдыруға болмайды. Бізді күшпен сабаса да рухани сезімімізге ешкім қол ұшын тигізе алмайды. Ешкімнің құқығы жоқ бұған.

4 Мағжан: -Ия, ия біз бірігіп бұл мақсатты жүзеге асыруымыз керек. Ұлтымыз біздің үмітіміз. Шыныменде керемет жазған екенсің Қазақ газетінің алдағы бөлімінің бірінші бетіне жариялайық. Қалың елді оятудың бабын таптың. Мынауың жарады.Мен масанды айтып құлақтарыңнан сындырсам ал сен болсаң оян оян оян деп қалың ұйқыда жатқан қара халықты оятып,бірге оян деп ауылдарға таратайық, аха.

5 Міржақып:Халыққа қызмет ету білімнен емес мінезден, мінезді болыңдар.

Сондықтан басымызға қандай күн туса да, қазаққа қызымет етуге ант етемін ант етемін, ант етемін, ант етемін , ант етемін.











5 Міржақып:

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,

Қарағым, енді жату жарамас-ты.

2 Жүсіпбек: Оян қазақ ойлан қазақ

бол қазақ сілкінші бір қанатыңды қолдап ап,

ауырыңды арқалады алға бас

бауырыңмен екі өкпеңмен жорғалап,

3 Ахмет: Мен қазақпын сен қазақсың ол қазақ.

Ер мінезбен өр жұмса болма жат

ортасына жалғыз орыс кіргенде,

Орыс тілде шімірлейді он қазақ

4.Шәкәрім: Оян қазақ ойлан қазақ

Бол қазақ шын бақытқа

Жетелейтін жол қазақ

Алашағым аз ба мына дүниеде

Болашағың емеспе

5 Мағжан: Атамыздан қалған асыл мұрамыз

Туған жердің қақ төрінде тұрамыз

Азаттығы ұмытылған ұлт болып,

Қазақ тілді қоғамнан тұрамыз.

Бәрі бірге: Қамқор аруах таңдамаса біздерді

Қайран жұртта өзің ортақ айран жоқ

Оян қазақ ойлан қазақ!

1941-1945 жж Ұлы Отан соғысы:

Автор: -Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған, соғыстан оралмаған қазақстандықтардың саны – 600 мыңнан асқан еді. Оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бұл пайыздық шығын жағынан қазақ халқы өз жерінде соғыс қимылдары болған орыстармен,украиндармен, беларустермен тең келісті. 497 адам Кеңес Одағы Батыры атағын алды. Жауға атылған әр оқтың үшіншісі қазақтың даласынан шыққан болатын.

Бауыржан Момышұлы: Мен – Бауыржан Момышұлы,
Отан үшін жанын қиған ерлердің жолын жалғаған жауынгермін.

Мен үшін ерлік – айқай емес,
Ерлік – тыныш, бірақ нық қадам.
Ерлік – елге деген адалдық,
Антқа деген беріктік.Соғыс өрті шарпыған күндерде
Мен бір-ақ нәрсені ойладым:
«Қазақ халқының намысы тапталмасын!»
Сол намыс мені алға сүйреді.

Менің ата-бабадан қалған ұраным –
Тәртіп пен бірлік.
Тәртіп жоқ жерде – жеңіс жоқ,
Рух жоқ жерде – ерлік жоқ. Бүгінгі ұрпаққа айтар сөзім біреу-ақ:
Отанды сүю – құр сөзбен емес, еңбегіңмен дәлелденеді.
Елің тату болса – ертеңің жарық.
Рухың биік болса – еш жау ала алмайды. Менің аманатым:
Қай кезде де қорықпа,
Қай жерде де намысыңды жықпа,
Өз еліңе – шын Берілген Ұл бол!

1986 Желтоқсан оқиғасы:

Автор: -Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдық,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындық.

Желтоқсан оқиғасы кезінде оған қатысқандарды саяси тұрғыдан ашық қуғынға ұшыратты. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. Дүрбелеңге қатысқан жастар соққының астында қалып,изоляторларда отырды. Жұмыстан, комсомолдан қуылды.

Қайрат Рысқұлбеков: Мен – Қайрат Рысқұлбеков.
Желтоқсанның ызғарында бас ұрмай, рухымды сындырмай өткен қазақтың бір қарапайым ұлымын.

Мен үшін бостандық – бір күндік ұран емес,
Халықтың мәңгілік құқығы еді.
Сол құқық аяққа тапталғанда,
Мен үнсіз қала алмадым.

Мені қорқытпақ болды,
Қамаққа жапты, қаралады.
Бірақ бір-ақ нәрсені ешкім өзгерте алмады:
Менің жүрегімдегі Қазақтың рухын.

Менің жазықсыз екенімді бір адам болса да түсінер” — деп сендім.
Өйткені ақиқат – өшпейді.
Ұлт үшін жан қиған ерлер ешқашан ұмытылмайды.

Бүгінгі ұрпаққа айтар сөзім:
Еліңді сүй, еркіндігіңді қорғай біл.
Тәуелсіздік – оңай келмеген,
Оны сақтау – сендердің мойындарыңда.

Тәуелсіз Қазақстан:

Автор: -1991 жылы желтоқсан айы, бір ғасырға жуық уақыт әлемінде тентіреткен кеңестік социалистік республикалар атанған империя ыдырап, қазақ халқы тағы да тәу етер тәуелсіздігіне ұмтылыс жасады. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның жоғарғы Кеңесі Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы Заң қабылдады. Керей мен Жәнібек сұлтандар дербестікке






ұмтылған сол шақтан бастау алған ұлы көш 500 жылға жуық уақыттан соң өз діттегеніне жетті. Тәуелсіздік тұғырына азат елдің алдаспан байрағы тігілді.

(Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев шығады)

Қадірлі халқыма ант етемін!
Бүгін Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап,
әлемге егемен ел ретінде қадам басып отыр.

Мен осы ұлы жолда
халқыма адал қызмет етуге,
елдің бірлігі мен тұтастығын сақтауға,
Отанымыздың ертеңін жарқын етуге ант етемін.

Тәуелсіздік – ата-бабамыздың қанымен келген қасиетті ұғым.
Сол мұраны қорғау – біздің міндетіміз.

Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретінде
әрбір азаматтың құқығын, бостандығын қорғауға,
елімізді дамытудың әділ жолын таңдауға,
халқыма шын жүрегіммен қызмет етуге уәде беремін.

Елімнің еңсесін түсірмей,
Тәуелсіз Қазақстанның іргесін берік ету –
менің Президент ретіндегі ең үлкен парызым.

Халқымның сенімін ақтау үшін
бар күшімді, бар білімімді, бар ерік-жігерімді арнаймын.
Елім аман, жерім тыныш,
Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Автор: -Азат Қазақ тұңғыш рет өз президентін сайлады. Егеменді еліміз мәңгі жасасын!

1.Жүргізуші:

Ән: «Елім деп соққан жүрегім». Орындайтындар Сейдахмет Рахман, Аймырза Нұрбақыт

1.Жүргізуші:

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі -дей келе, бүгінгі тәуелсіздік мерекесіне арналған
«Тарихым- тағдырым, Тәуелсіздігім-мақтанышым!» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. 
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!

Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі