Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елдің баласы
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімен таныстыру, Отанды сүюге, байлығын қорғауға тәрбиелеу.
-
Қазақ елінің рәміздерін қастерлеп, туған жерін, атамекеніне деген
сүиіспеншілігін арттыру.
- Оқушы бойында патриоттық сезімнің қалыптасуына ықпал
жасау.
Сабақ түрі: тарихи-танымдық тәрбие сағаты.
Оқыту әдісі: әңгімелесу; сұрақ-жауап, пікір алысу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер.
Қазақстан дейтін менің отаным
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Мұғалім сөзі:
1) оқушы:
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Туымызды бізге ешкім бермеді.
Ел тізгінін қолына алу жолында
Қыршын кетті талай қазақ ерлері.
2) оқушы:
Біз қазақ деген мал баққан елміз
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт- береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Жау аяғына басылмаған елміз.
Басымыздан намысты асырмаған елміз.
Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз.
Еркіндікті ежелден аңсаған елміз.
3)оқушы:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Мұғалім:
- 1991 жылдың 16 Желтоқсаны – ел тарихындағы ұлы күн. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады.
3. Слайд «Тәуелсіз Қазақстан Республикасы» 1990-2011 жылдар
4) Тәуелсіздік!
Қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,?
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т- білдіреді теңдікті,
Ә- әдептілік, әлдікті, әділетті.
У- уайымсыз уақытты
Е- егемендік елдікті
Л- дейді лағып лепірме
С- сенімділік секілді ең,
І- ілтипат пен ізет қой,
З- зиалылық тілек қой.
Д- Шақырады достыққа
І- ізеттілік
К- дейді күн боп коктегі.
Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.
Отан, туған ел, туған жер туралы мақал- мәтел айту.
5.Тәуелсіз Қазақстан Республикасы
-
1990 жылғы 25 қазан – Жоғарғы Кеңес « Қазақ КСР – нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылдады.
-
1991 жылғы 21 желтоқсан Алматы келсімі. 11 Республика Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды.
-
1991 жылғы 1 желтоқсан – бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды.
-
1991 жылғы 10 желтоқсан – Қазақ КСР – ның атауы Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.
-
1991 жылғы 16 желтоқсан – Республика жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылданды.
-
1991 жылғы 16 желтоқсан – Республика тәуелсіздік алған күні.
-
1992 жылғы 2 наурыз – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.
-
1992 жылғы 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қабылданды.
-
1992 жылғы 11 желтоқсан – Қазақстан Республикасының алғашқы мемлекеттік ӘНҰРАНы бекітілді.
10. 1992 жылғы қаңтар – ішкі істер әскері
құрылды.
11. 1992 жылғы қаңтар – Республиканың алғашқы сом алтыны шығарылды,
және алтын қорын жинауды бастады.
12. 1993 жылғы 28 қаңтар – Қазақстан Республикасының тұңғыш
Конституциясы қабылданды.
13. 1995 жылғы 30 тамыз – еліміздің жаңа Конституциясы
қабылданды.
14. 1995 жылғы 15 қараша – Республика Президентінің жарлығымен
ұлттық теңге айналымға енгізілді.
15. 1995 жылғы 1 наурыз – Қазақстан халықтарының Ассамблеясы
құрылды.
16. 1996 жыл 26 сәуір – Шанхай «Шанхай бестігі» құрылды.
17. 1997 жылғы қазан – «Қазақстан -2030» стратегиясы
жарияланды.
18. 2010 жыл – ЕҚЫҰ – Қазақстан төрағалық етті
19. 2011 – Ислам конференциясы өтті.
20. 2011 – Азиада қысқы олимпиада өтті.
6. Сөзжұмбақ
-
1
2
3
4
5
6
1. Қазақстанның бұрынғы астанасы (Алматы)
2. 1991 жылы 1 желтоқсанда өтті (сайлау)
3.
«Нур Отан» ХДП төрағасы (Назарбаев)
4. 2003, 2006 ж. Әлемдік діни ұйымдардың басшыларының съезінің
өткен жері (Астана)
5. Казақстан бүкіләлем бойынша жер көлемінен нешінші орында? (9 орын)
6. ҚР Президенті қанша жылға сайланады? (2011ж бастап 7 жылға)
7.Менен сұрақ, сізден жауап(сұрақ-жауап)
-
1991 жылы 2 қазан күні елімізде қандай тарихи оқиға болды? ( Т.Аубакировтың ғарышқа ұшуы)
-
Қашан ТМД құрылды? (21 желтоқсан 1991ж)
-
Казақстан Республикасы қашан БҰҰ-на кірді? (2 наурыз 1992ж)
-
ҚР-ның мемлекеттік символдары қай жылы бекітілді? (4 маусым 1992ж)
-
ҚР –ның ұлттық валютасы қай жылы енгізілді? (15 қараша1993ж)
-
Казақстан Республикасының астанасы қай қала? (Астана)
-
Астана қаласы бұрын қалай аталды? (Целиноград, ,Ақмола)
-
Ақмола Астана болып қай жылы ауысты? (1998ж)
-
ҚР-ның бірінші Конституциясы қай жылы бекітілді? (1993ж)
Қорытынды:
Тірек сөздерді пайдаланып ой толғау жазу. Тірек сөздер: Тәуелсіз, Қазақстан, Астана, 16- желтоқсан, 1986 жыл, ұлт болашағы, еркіндік,
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәуелсіздік шыңдары

шағым қалдыра аласыз