Материалдар / Тәуелсіздік таңы ашық тәрбие сағаты 8 "А"сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік таңы ашық тәрбие сағаты 8 "А"сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуеелсіздік күніне арналған ашық сабақ сценариі. Сынып жетекшілерге арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қазан 2018
3609
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Ашық тәрбие сағаты



Тәуелсіздік таңы





8 «А» сынып жетекшісі: Қамбарова Ж.Қ.

2017-2018 оқу жылы





Тақырыбы: Тәуелсіздік таңы

Мақсаты:

  • Еліміздің тәуелсіздік  алу жолындағы ата-бабаларымыздың  ерлігін  паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан  оқиғасына қатысқан аға-апалардың  ерлігін  үлгі етіп  көрсету.

  • Оқушылардың  туған өлкемізге деген  сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.

  •  Елін, жерін сүюге, Отанын  қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Интербелсенді  тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар, суреттер.

Кіріспе

1-жүргізуші:

-Қазақстан Республикасының  гимні. Хор.

(Боран, дауысы).

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда ,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Асау аттай  өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан  төрімізге  төрледі.

-Тәуелсіздік   таңы атты, тәуелсіздік  күніне  арналған  ашық  тәрбие  сағатымызға  қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

1986 жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай  толқу  басталды. Жастар алаңға  жинала бастады. Алаңда  «Біз  қазақ, ежелден  еркіндік аңсаған»,  «Әрбір ұлтты  өз көсемі  басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар  айтылды. Алматы гарнизонын  жауынгерлік  дайындыққа  келтіріп, көп  күшпен  алаңдағы  жастарды  қоршап алды.  Алматыға  әр  аймақтардан әскердің  арнайы бөлімдері  жіберілді. Өз елінің  тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды. Көптеген  студент жастар түрмеге  қамалды, оқу  орнынан  шығарылды. Тәуелсіздік жолында  Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат  Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира  тағы  басқалары  сияқты  қазақ жастары  желтоқсан  оқиғасы кезінде  қайсарлықпен  ерлік  көрсетіп құрбан  болды.

1-оқушы Айзада

Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік  желтоқсанмен бітпейді.

Тәуелсіздік күресі енді басталды.

Қатыгездік жұдырығы  түйіліп,

Қамшы үйірді жасқап, жекіп  бұйырып,

Желтоқсанда  шықты үлкен  алаңға

Ата-баба аруағына  сыйынып.

2-оқушы.  Балзия

«Нашақор»-деп, «ұлтшыл»-деп,

Қазаққа күйе жаққан күн,

Базары кетіп, бір түнде

Қайғыға  халық батқан күн.

Намыс үшін күрессең  мазақтар кім?

Құлға айналу азабы азаптардың.

Қаны төгілді желтоқсан  алаңында,

Бодандыққа көнбеген қазақтардың.

2-жүргізуші: Көрініс: «Қайрат пен тергеуші»

Тергеуші:

-Сен 13-желтоқсан күні, сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат:

-Жолдастарыммен бірге  Фурманов  көшесінде

Тергеуші:

-Жоқ! Сен Сәтпаев пен Мир  көшесінің  қиылысында  Совецкийді  соққыға жықтың. Соның  нәтижесінде  ол қайтыс болды. Сен оны өлтіргенсің.

Қайрат:

-Мен оны көргенім жоқ

Тергеуші:

-Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.

Қайрат:

Күнәдан таза  басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай  жаным бар.

Алам десең  алыңдар,

Қайрат деген затым бар.

Қазақ деген  атым бар.

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар... (сүйреп әкетеді).

1-жүргізуші:

-Желтоқсан желі әні орындайтын,

Досхан Балзия мен Нұралықызы Сымбат

3-оқушы Ұлдана

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің  оты ұшқан күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын  кеткен күн.

2-жүргізуші:

-Дүниені дүр сілкіндірген  1986 желтоқсан оқиғасының  қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы , бостандығы  егемендігі үшін күресті.

-Мың рет естігенше  бір рет көр демекші  назарымызды интнрбелсенді тақтаға бұрайық. ( Слайд көрсету).

4-оқушы Ақжүніс 

Өктем билік қаралады, даттады,

Бірақ Алла  ақиқатты жақтады.

Назарбаев  атамды жұрт  қалады.

Түсті амалсыз Колбин деген  атақты.

Алаңға шығып, ойын  айтты жастарым,

Қиындық пен қатерге  тігіп  бастарын.

Содан барып, тоңды еріді кеңестің

Содан кейін еркіндікті  бастадым,

8-оқушы Ұлжан

Сол желтоқсан  оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.

Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,

Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.

Отан үшін отқа  түссең күймейсің,

Ізбасары болмай елге жақпаймыз.

10-оқушы Сымбат

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы»  атағы  беріліп, айрықша  ерекшелік белгісі мен «Алтын  жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа  желтоқсанға  қатысқан  жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы  берілді.

 1-жүргізуші:

Желтоқсан құрбандарын еске  алайық (1-минут  үнсіздік)

Хор:  « Атамекен».

11-оқушы Мейрамбек

Астана біздің  сәніміз,

Білім біздің  нәріміз

Азат елдің  тірегі

Болайықшы  бәріміз.

Нұр атаның жолдауы

Халықтың оны қолдауы

Бақыты үшін елінің,

Болмайды еш сөз дауы!

2-жүргізуші:

Тәуелсіздіктің шыңы

Ақжүніс:

1.      1991ж.  16-желтоқсанда  Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.

2.      1992ж. Қазақстан Біріккен  Ұлттар Ұйымына  мүше болып кірді.

Айзада:

3.      1993ж. 15-қарашада –Ұлттық  Валюта  теңгенің  енгізілуі.

4.      1995ж. 30-тамызда  Жаңа  конституция  қабылданды.

Сымбат:

5.      1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан  халқына  Жолдауынығ  жарыққа шығуы.

Мейрамбек:

6.      1998ж. Халықтар тұтастығы  мен  ұлттық  тарих жылы.

7.      1999ж.  Ұлттық тұрғындар  санағы.

Балзия:

8.      2000ж. Мәдениет  жылы.

9.      2002ж. Денсаулық жылы.

Ұлжан:

10.2003ж. Ауылды дамыту жылы.

11.2004ж. Парламент  мәжілісінің  кезекті сайлауы.

Асылхан:

12.2005ж.  4-желтоқсанда  Бүкіл халықтық Қазақстан  Республикасының  Президентін сайлауы.

Ұлдана:

13.2006ж. «Қазақ елі» монументінің  ашылуы.

14.2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен  Ынтымақтастық  Ұйымына  төрағалық  етуі туралы шешім қабылданды.

Әсет:

15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.

16.  2009ж.  25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.

Аружан:

17.  2011ж. Қаңтар –ақпан айларында  ҚР.  Халықаралық Азияда  ойындары өтті.

Айда:

18.  2012ж. 1-желтоқсан  алғаш Президент күні болып  жарияланды.

19. 2017ж. ЭКСПО халықаралық көрме өтті.

Хормен :

Қазақстан Туымен тұғырлы,

                  Елтаңбасы мен Еңселі.

12-оқушы Аружан:

Бақтың құсы  әр адамға қонып бір,

О тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне  тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың  жүрегі боп соғып, тұр.

Желдей  еркін, түздей кең  қандай азат,

Мен  қазақпын деген де қандай ғажап.

Мақтан етсін  халықтар  халықтығын

Жетер сан жыл шеккені  азап.



14-оқушы Айда

16-желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Жасай берсін ұлы күн,

Үміті боп  елінің.

15-оқушы: Ұлдана

Жарқырап атар таңы бар,

Жарқылдап  айтар әні бар.

Әні бар, теңіз  дәні бар,

Айналдым сенен Отаным!

Жүрегі толы отпенен

Арманмен өсіп көктеген

Ертеңге  нұрлы беттеген

Айналдым сенен Отаным!

1-жүргізуші:

Киелі сөз, сазды әуен

Шырқағанда, нұр тамар.

Беріле тыңдап,

Егіле Жанып тұрар мың жанар.

Ән: «Туған ел» орындайтын Досхан Балзия

17-оқушы Әсет

Қуанбас ем күлмес ем,

Отан сені сүймесем

Сенің арқаң гүлденсем

Анам да сен, үй де сен.

О, Отаным сен маған,

Өмір бердің шуақты,

Білек бердің  талмаған

Жүрек бердің қуатты.

Сол қуатпен от қоссам,
Өзіңнің бір шоғың боп,

Керек етіп оқтасаң

Атылам бір оғың боп.

19-оқушы Ұлжан

Біздің қазақ мықты ғой,

Тәуелсіз ел атанған.

Желтоқсан деген көтеріліс

Жан аямау Отаннан.

Сескенді бүкіл өктемдік,

Жеңіске сол ғой  жеткендік.

Орыс боп кете жаздаған

Кеңестік  кезді  жек көрдік.

20-оқушы  Ақжүніс

Елім барда еңсем биік менің де,

Өйткені мен  жүрмін  туған жерімде.

Тілім, дінім досым, барлық  бауырым

Бәрі менің жүрегімнің төрінде.

Елім барда, мен де  бармын өмірде,

Жұлдызың боп  жарқырармын көгінде

Отан үшін, елім үшін от кешем,

Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.

Елім бар да мен бақытты  ұланмын.

Елім сүйсе, сенімінен шығармын.

Елім менің көтермесе елдігін

Намысымның биігінен құлармын.

2-жүргізуші: би «Қосалқа»

2- жүргізуші:

Халқымыздың  егемендік жолында  құрбан болғандарын дәлелдеп желтоқсан қаһармандарын ақтау үшін  барынша  күрескен қайсар азаматтарымыз Мұхтар  Шаханов, Хасен Қожа Ахмет  сынды  ағаларымыз  көп  еңбек  етті.

Әділдікті  қолдаймыз    

Жазықсызды қорғаймыз

Құрбандарды  ақтауға

Жаратылған жандаймыз.

 1-жүргізуші:

Ашылмаған  шындықтың,  

Іздеп жүрсіз жауабын,

Неше түрлі  сұмдықтың

Біліп обал  сауабын.

Қайратты жан екенсіз      

Ақтатқан батыр Қайратты

Желтоқсанда қазақ та,

Сіздей  ермен  ардақты.

1-жүргізуші:

-Иә төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде  «Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше  Тәуелсіздігіміздің  тұғыры биік, халқымыздың  еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды  болсын, деп тілейік.

Хор: Егемен Қазақстан 8 «А» сынып оқушылары

                               Егемен-Қазақстан.

 Көз жетпес далам, ел жетпес елім

Арнайды әнін жауынгер ұлың

Жау шапса саған, жас жаным құрбан

Отаным менің, О, елім менің.

Қайырмасы 2 рет:

Қазақтың елі, қазақтың жері

Береке қонған ұлы Отан.

Асқар тауларың, өзен көлдерің

Жаныма қымбат Ұлы Отан.

Сұңқары биік самғаған елім,

Қанатын көкке қомдаған елім

Кел достар, қане, шырқайық бірге

Бостандық әнін,

 Қайырмасы:

2-жүргізуші: Мектеп әкімшілігіне сөз беру

1-жүргізуші: Осымен 8 «А» сыныбының «Тәуелсіздік таңы»атты ашық тәрбие сағатын көріп тамашалағандарыңызға рахмет, қош сау болыңыздар!









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!