"Тәуелсіздік таңы атқанда"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәуелсіздік таңы атқанда"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған

«Тәуелсіздік таңы атқанда»

мерекелік ертеңгілігі



Ертеңгілік бағдарламасы:

1. «Тәуелсіздік таңы атқанда» кештің ашылуы

2. Гимн (слайд)

3. «Тәуелсіздікке тағзым» 1 минут үнсіздік

4. «Тәуелсіздіктің ақ таңы» құттықтау

5. «Ер есімі ел есінде» желтоқсан құрбандарына арналған бұрышқа гүл шоқтарын қою

6. «Тәуелсіздікке тарту» балдырғандардың өлең шумақтары

7. «Тәуелсіздіктің ақ таңы» мерекелік концерт

8. «Атамекен» әні. Жабылуы

Жүргізуші: Қайырлы күн, мерекеге жиналған қадірменді қонақтар! Бүгінгі «Балдырған» бөбекжайының ұйымдастыруымен өткелі отырған Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңы атқанда» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Әбішұлындай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!


Гимн орындалады.

«Тәуелсіздікке тағзым»

Жүргізуші: Егеменді еліміздің келешегі үшін жанын пида еткен батыр аға – апаларымызды ұмытпаймыз!

Желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық.
Жүргізуші:
Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміздің құттықтау сөзі «Балдырған» бөбекжайының директоры Гүлсара Тілекқызына беріледі.


Жүргізуші: «Ер есімі - қашанда ел есінде» ендеше, егеменді еліміздің ертеңі болған кішкентай бүлдіршіндерімізді желтоқсан құрбандарына арналған бұрышқа гүл шоқтарын қоюға шақырамыз.

(гүл шоқтары қойылады, тақпақтарын орындайды)

Жүргізуші: Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: «Жаным Қазақ» Орындайтын ат – ана: Султансихов Б.

Би: қазақша. Меруерт, Айгерім, Жанерке, Салтанат

Би: «Махамбеттің толғауы» (орындайтын тәрбиешілер)

«Қайсар рухты Қайрат» көрініс
Жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі - дей келе, бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңы атқанда » атты мерекелік ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. Тәуелсіздік таңы ата берсін!

Ән: «Атамекен» Қорытынды









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.00.2018
547
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі