«Тәуелсіздік таңы атқанда» мектеп сахнасындағы қойылым
Сахна.Шымылдық. Шымылдық ашылғанда төрде Абылай хан
тақта отырады,ой үстінде.Күй ойналады.
Сырттан дауытар естіледі.
Бұқар жырау:Хан алдияр,шақырып па едіңіз?
-Ия,кел,отыр
Абылай хан:
- Сан ғасырлық тарихы бар ,осынау керемет ұлан-ғайыр жерді қасық қанымыз қалғанша қорғап,осы күнге жеттік,ендігі арманым ,халқым жайлы,Асан қайғы армандаған жерұйықта өмір сүру.
Бұқар жырау:
-Ия,алдияр хан,дұрыс айтасыз,осы күнге жеткеніміз,ауыз біршіліктің
бірлігіміздің арқасы
Абылай Хан:
-Бүгін бір қызық түс көрдім,осы түсімді маған жорып берсеңіз.....
Бұқар жырау :
-Ләббай тақсыр,түсіңізді айтыңыз!
Абылай:
-Астымда Жалынқұйрық жүйрігім бар. Сарыарқада серуендеп келе жатыр едім, - депті хан Абылай, - алдымнан бір арыстан тұра қашты, қуып жетіп, ішін жарып жіберіп едім, арыстанның ішінен бір жолбарыс шықты да тұра жөнелді. Жолбарысты да қуып жетіп аш бауырынан орып жіберіп едім, ішінен бір көкжал қасқыр шыға келді де тұра қашты. Көкжал қасқырды да қуып жетіп, ішін тіліп жібергенімде, одан бір қызыл түлкі ата жөнелді. Қызыл түлкіні де қуып жетіп қарнын осып қалғанымда ішінен құрт-құмырсқа, бақа-шаян, жылан-кесіртке ақтарыла түсті... Бірақ бұлар менен қашпады, бәрі быжынай келіп, атымның сауырына, жалына жабыса бастады. Шошынғанымнан айқайлап жіберіп, оянып кеттім. Жоруын айтшы осы түсімнің, жырауым», - депті Абылай хан.
Сонда Бұқар жырау былай депті:
Жалынқұйрыққа мінгенің - хан тағына мінгенің. Ал алдыңнан арыстан қашса, сенен арыстандай айбарлы ұл туады екен. Одан туған бала да жолбарыстай қайратты, жүректі болады екен. Жолбарыстан туған шөберең де көкжал қасқырдай жүректі жаратылады екен. Ал көкжал қасқырдың баласы, төртінші ұрпағың, қызыл түлкідей заманына қарай қу, тәсілқой келеді екен. Ал қызыл түлкіден әрі қарай тараған тұқымың бақа-шаян, құрт-құмырсқа, жылан-кесіртке секілденіп уақтанып кетеді екен», - депті.
Сонда Абылай ойланып:
-Қандай заман келеді,осы жорыған түсің маған қатты уайымға
салып,ойландырып қойды ғой.Елімнің ертеңін ойлап,қатты қапаландым
Бұқар жырау:
-Ееее,хан ием,халқымыздың көретін қиыншылығы мен азабы тым көп екен,
Бірақ тым сары уайымға салынбайық, халқымыз айтқандай көп қиыншылықтан кейін Асан Қайғы бабамыздың армандаған жерұйығы мен тыныш өмірі орнасын деп армандайық!
Слайд.Алаш партиясының көрнекті өкілдері.Екі оқушы сандарды көтеріп шығады. 1917 жылы 28-шілде.
Ахмет пен Міржақып көрінеді.
- Әлихан: Аха ,алдағы үлкен құрылтайға үлкен дайындық керек,құратын мемлекетіміздің атауын қалай атаймыз?
Ахмет: (кішкене ойланып барып)
-Мен «Алаш» деген атауды алып отырмын.
Әлихан
-«Алаш» дедіңіз бе? ( Таң қалады)
Ахмет:
- Иә,солай.
Алаш-бүкіл түркі жұртына әйгілі ортақ есім, мына біз қазақтар- алты алаштың бір тармағы, ұрпағымыз.
Менікі жәй пікір,сіздер қалай ойлайсыздар?
Әлихан:
-«Алаш» деген ұғым біздің ұлттың басын біріктіреді,бұл атау маған да ұнады
Мазмұны терең,көңілге қонымды екен, менің де көңілімнен шықты
Ахмет:
-Иәәә,болашақта біздің құратын мемлекетіміз Жапония мемлекеті секілді тамыры терең болу керек.
Ал мемлекеттік тіл- қазақ тілі болу қажет.
Әлихан:
-Сонда сіздің ойыңызша, басқа ұлттардың тілінен қазақ тілі үстем болсын дегеніңіз ғой!
- Дұрыс,Қазақ тілі өзге тілдерден басым болу керек
Міржақып:
-Қандай тамаша ұсыныс,олай болса тезірек елге өзіміздің ойымызды жеткізейік!
Олар шығып кетеді.Оқушылар қолдарына сандар ұстап шығады .
1941-1945 ж .Ортада Әлия Молдағұлова.Сағат шықылы. Музыка ойналады.
Әлия Молдағұлова:
-Ел шетіне жау шапқанда,қан майданға ерлермен тізе қосып бірге аттандым,өрімдей жас болсамда Отанымның тыныштығы мен амандығы мен үшін өте маңызды,қаншама боздақтардың қаны төгілді ,
бірақ сол соғыста қаза тапқан қандас бауырларымның армандаған,жете
алмаған мақсат-мұратына келешек ұрпақ жетеді!
«Әлия» әні орындалады,үзінді
Тарихи жыл 1986 жыл -Желтоқсан. Музыка ойналады.Сандар көрінеді «Желтоқсан желі» өлеңі қойылады.
1-Оқушы
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы
өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп
талпындың.
2-оқушы
Айналайын, айналайын, жас
өркені халқымның!
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің,
Уақытыңның талабына дөп келсе де ұраның,
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.
«Нашақор» деп, «маскүнем» деп айыпталдың,
ұланым.
3-оқушы
Саған жапқан сол жаланы естіп
үнсіз тұрғанша,
Керең болып қалмады екен неге менің құлағым.
Айналайын, айналайын, жас қайратым, қыраным!
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды
қаусырған,
4-оқушы
Намысыңды жықпай өттің нәубет,
дүлей маусымнан.
Жасып қалған шақтарымды жігер алдым бойыма,
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Жә, не деген нүктесі көп, бүкпесі көп өмір
ең…
5-оқушы
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік
болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес
жалауы!
Музыка ойналады.Сандар шығады 1991-жыл Тәуелсіздік таңы
Абылай хан мен Бұқар жырау Музыка ,күй ойналады.
Абылай хан: Ал жырау, халық өзіңді құрметтеп «көреген абыз» деп атайды, «Бұқар жырау» дейді,мені ел ертеңі толғандырады, еліміздің болашағын қалай болжар едің?
Бұқар жырау:
-Ия,алдияр хан,көңілі дархан, кең пейілді халықпыз, ал енді мына заман бозторғай жұмыртқалаған заман, тәуелсіздік алып,таңымыз арайлап атып,өз алдымызға іргесі берік мемлекет болдық,жастарымыз білімді,келешек ұрпақ озық ойлы,бірлігі жарасқан ел болды,бұдан артық қандай бақыт керек!
-Оооу жарадың жырау,біздің армандаған еліміз осындай бірлігі жарасқан ел еді ғой!Бұл күнді халқым көптен күтті,олай болса қуанышты күнді бірге тойлайық!
Музыка ойнайды.Ескендір Хасанғалиевтің өлеңін барлығы қосылып айтады.Сахна жабылады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тәуелсіздік таңы атқанда" көрініс

шағым қалдыра аласыз