«Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту. Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.
    Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
   Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың  байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері,Қзақстан Республикасының рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Гимн,Н.Ә.Назарбаевтың суреті.Слайд.
Кіріспе:

Қазақстан Республикасының гимні.Хор.

Құрметті:Оқушылар,ұстаздар,қонақтар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасына арналады. «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

  • Біз қай мемлекеттің азаматымыз?

  • Ұлтымыз кім?

  • Тіліміз қандай?

  • Республикамыз басқа елдерден несімен ерекше?

  • Тәуелсіздікті қай жылы алдық? 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік алды.

Қазақстан туралы не білеміз?

Қазақстан тәуелсіз мемлекет.Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады.Қазақстанда қазба байлықтары өте көп.Мен өз елімді жақсы көремін.


Мұғалім сөзі:Міне ,биыл тәуелсіздігіміздің арайлап атқан таңына – 26 жыл. «Елу жылда ел жаңа» демекші, өмір 26 жылда біраз өзгеріске ұшырады. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Ал енді осы қазақ халқының жері, болашағы, үміті үшін Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақ қыздары мен ұлдары, ұлт намысы үшін халықтың ары алдында қайсарлық көрсетіп, құрбан болған Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Сәбира Мұхамеджанқызы есімдерін еш уақытта ұмытпаймыз. Олар біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. (слайд Желтоқсан құрбандары)

1 - оқушы:
Кетпес мәңгі көңілден,
Қырдың гүлі қырмызы.
Ағып түскен көгінен,
Желтоқсанның жұлдызы.
Қайрат пен Ербол –
Қайсар туған ұлдары.


2-оқушы:

Намысымның шырағындай желтоқсан,
Тәуелсіздік пырағындай желтоқсан
Тарихымда із қалдырып, жаңғырып,
Аңыз болдың жыр – ағындай желтоқсан.



3 - оқушы:

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.

4 - оқушы:

Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған.
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан.

Мұғалім сөзі:Біз Тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы мәдениетіміз бен салт - дәстүрімізді, дінімізді, тілімізді қайта өркендеттік. Тәуелсіздігіміздің рәмізі саналатын гимнімізді, туымызды, елтаңбамызды және төл теңгемізді сайладық.

(Қазақстан туралы бейнежазба)

5-оқушы: Атыңнан айналайын егемен ел,               «Туған ел» суреті
                   Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
                   Мерейің құтты болсын Қазақстан!
                   Ғасырлар тойы болшы келе берер!

6-оқушы:

Егемен елімнің ертеңі деп,
    Елбасы баға берді жастарыма
    Оқу оқы, білім ал, елің үшін
    Еңбек ет тыным таппай, жан аяма.


 7- оқушы:      

Ел болдық егеменді, теңдік алып,
    Бар әлем қазақ елін болды танып
    Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
    Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.
«Қ.Р.президенті Н.Ә Назарбаев» суреті.

8-оқушы:

Халқымның мақтанышы - алып тұлға.        «Бәйтерек» суреті
  Әлемнің назары ауды Ақ ордаға
    Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,
    Ұқсайды менің асқақ арманыма.

9-оқушы:

Бұлт баспасын күнімді                        
    Тарылмасын өрісім.
    Биік ұстау Туымды-
    Қасиетті борышым. «Ту» суреті



10-оқушы:

  Бабам тұлпар жаратты    
    Құлынын да танып ақ
    Тұлпар барда қанатты
    Шайқалмасын шаңырақ. «Елтаңба» суреті


Мұғалім сөзі:Бүгінгі тәуелсіздік мерекесіне тұспа-тұс біздің мектебімізде мұражай ашылды.

Біздің мектебіміз кімнің атында?

Олай болса,Ахмет атамыздың өмірі жайында бейне жазбаны тамашалайық.

Ендеше ,Ахмет Байтұрсынұлының қандай балаларға арнаған шығармаларын білесіңдер?

Оқуға шақыру. (өлеңі)

Өгіз бен бақа (мәнерлеп оқу) (слайд)


Мұғалім сөзі: Ахмет Байтұрсынұлы кім?

11-оқушы: Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы Сартүбек деген жерде дүниеге келген.


12-оқушы:Ахмет Байтұрсынұлы Торғай қаласындағы екі сыныпты орыс тіліндегі училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте білім алады.


13-оқушы:Ахмет Байтұрсынұлы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы өңірлерінде бала оқытып, елі үшін күреске араласа бастайды.


14-оқушы:Ахмет Байтұрсынұлы Петербургте «Қырық мысал», Орынборда,Ташкентте «Әдебиет танытқыш» кітаптары басылып шықты.


15-оқушы:Ахмет Байтұрсынұлы Орынборда шағын «Қазақ» газетінің редакторы болды.


16-оқушы:Ахмет Байтұрсынұлы 1937 жылы 8 қазанда қайтадан тұтқынға  алынып, репрессия құрбаны болды.


Мұғалім сөзі :Түйіндей келе, Ахмет атамызда қазақ баласынның көзі ашық,көкірегі ояу,болашағы нұрлы болсын деп еңбек еткен.Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда «Көк тудың желбірегені» әнімен тәмамдаймыз.

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2018
613
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі