Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тәуелсіздік тұғырым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды Отанын сүюге баулу, патриоттық тәрбие беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Отанын сүюге баулу, патриоттық тәрбие беру

Өлеңді мәнерлеп оқуға баулу, танымдық қабілеттерін дамыту

Сабақтың түрі: Әдеби - музыкалық бағдарлама.

Сабақтың әдіс тәсілі:

Сұрақ – жауап әдісі, өлеңдер оқу, ән айту.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.


Хор: « Желтоқсан желі»

Өлеңі А.Асылбеков Әні Ә.Тінәлиев

Компьютермен презентация көрсету

1-жүргізуші :

Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп , найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз! Досымызды сақтай білген елміз, дәм- тұзды ақтай білген елміз!

Әр халықтың тарихында өзінің ұлттық ар-намысын, құқықтары мен мүддесін қорғап қалуға, өзіндік бет-бейнесін, егемен ел болуға лайық екендігін көрсетуге ұмтылатын сын сағаттар болады. Егер ұлт уақыт талабына үн қата алмаса, онда оның болашағы бұлыңғыр болмақ. Ал егер, халық басына түскен мұндай сынақтан сүрінбей өтсе, басқа халықтардың тарихы көрсеткендей, бұл сәт, бұл оқиға осы халықтың тағдырында тарихи оқиға болып қалады. Ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемендік күні мерекесіне арналған

« Тәуелсіздік тұғырым» атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

2-жүргізуші:.

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 19 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.

Тәуелсіздіктің таңы атып, мәңгілікке нұрын шаша берсін! Еліміздің мәртебесі биік болсын!

1-жүргізуші!
Қазақстанның дербестігі мен тәуелсіздігіне деген халықтың жұмылған ерік-жігерін алғаш рет нақ осы көтеріліс білдіргеніне қарамастан, негізінен бұрынғысынша, яғни кеңестік замандағы күйінде қалып отыр. Желтоқсандықтар уақыт талабына лайықты үн қата білді. Осы уақытқа дейін біз оның қасіретін ғана сөз етіп келдік, ендігі жерде оның шынайы мәні, яғни осы оқиғадағы отансүйгіштік пен қаћармандық туралы айтатын кез келді.

Желтоқсанның күні қандай ызғарлы

Жүректерде жазылмайтын сыз қалды

От боп жанған қазағымның жастары,

Жалынымен ерітіпті мұздарды

2- жүргізуші

Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта қоймас. Десек те 1986-ның қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
«Түбін білмеген-тексіз» дейтұғын қазақтың ғажап сөзі осындайда шықса керек. Себебі тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар арманынан туындап жатқан жоқ па?

Сол мұздарда жанды алау өшпейтін,

Еркіндікті қашанда ел көксейтін

Қаныменен тарихтарда жазылып,

Қайраттардың аты қалды сөнбейтін.
1
- жүргізуші:

Осыдан 24-жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды.
Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рұсқұлбеков, Е.Сапатаев,

Л. Асанова және т.б. апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Қазіргі бұл күн қазақ халқы үшін үлы күн әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Бұл 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. Енді міне осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

2- жүргізуші:

Бұл алаңда бір ұрпақтың қаны бар

Ей болашақ

Сен бұл жерді танып ал,

Үміт жіпке қолын созған өркеннің

ерте үзілген өмірі бар, жаны бар

Айтам деген

Айтылмаған әні бар

Біліп жүргін

Тағзым еткін соларға

Кінәсізді кінәлауға болама!?

1- жүргізуші

Жалын жүрек жанып тұрған мұздарда

Қарсы келіп қаһарлы қыс ызғарға,

Түн түнеріп тұңғиыққа батқанда

Намыс туын көтеріпті қыздар да.


1 оқушы

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді, ту болмады дегенге?!

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар болмаған – деп, - Әнұран?!

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға.

Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ен – таңба?!

2- оқушы Жақсылыққа бұрып ойдың арнасын,

Игі ісіміз таба берсін жалғасын.

Сертіңді бер сенімменен зиялым,

Тонатпауға еліміздің олжасын.

Тәуелсіздік – ақиқатқа таразы,

Тәуелсіздік – жемқорлыққа наразы.

Тәуелсіздік – жақсылықтың жарғысы,

Жаңартатын қоғамдағы сананы.

Игілікке айналуда қанша ісім,

Тәуелсіздік - әділдіктің қамшысы.

Ластанбаса екен деймін қашанда,

Көлге құяр гауһар судың тамшысы.

3- оқушы

Желтоқсанда шындақ жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.
Уақытымның талабында дөп келсе де ұраның.
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.
"Нашақор" деп, "маскүнем" деп айыпталдың, ұланым!
4- оқушы
Жанымыз жомарт қазақпыз.
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.
Қосайық басты, бауырлар,
Жанайық жансақ маздап біз.
Желтоқсан-сен еркіндіктің ұраны,
Желтоқсан-сен азаттықтың жыр-әні.
Ұмытпайды сені мәңгі ұланың,
Желтоқсан-болашағы елімнің.
Өгей қозы біз болдық елімізге,
Келімсектер шықты ғой төбемізге...
Күңірену, айқайдан құлақ тұнды,
Көзге жас ап аналар жылап тұрды.
5 оқушы

Бұл тарих шындықтарды електейді,
Десең дағы керексіз, керек мейлі.
"Желтоқсан" деген сөзді естігенде
Көз алдыңда сол күндер елестейді.
Көлдей жасын көп төккен қазақ үшін,
Ұмыта алман, Желтоқсан, азап үшін.
Қанымен қыршынының тарихта енген
Шындықты айтар күніміз келді бүгін.
Естен кетпес аяусыз ұрғандары,
Қазаққа неше айла құрғандары.
Қайрат сында елімнің ұл-қыздары
Желтоқсанның кезіндегі құрбандары.
6- оқушы

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,

Намысыңды жықпай өттің нәубет дүлей маусымнан

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің ,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы

7- оқушы

Зеңгір аспан көгілдір,

Алтын күні төрінде

Тамылжытып төгіп нұр

Шаттық сыйлар көңілге.

Көк аспандай көгілдір

Қазақстан байрағы

Тұрса күндей төгіп нұр

Жандарымыз жайдары

Көк байрақтың бетінде,

Қыран бүркіт қанатты

Сол қырандай еркіндеп

Бала өседі талапты

7- оқушы

1996 жылы 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы қабылданған күн.

8 – оқушы

1997 жылы 11 қазан - Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Елбасы «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында : « Елімізді2030 жылы айналдыратын күш бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар», - деп біздерге мол сенім білдірді. Бұл сенімді ақтау - біздердің басты міндетіміз.

1. Хор : «Отаным»

2. «Әлия»

3. Ж.Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» өлеңі
Мен-қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен-қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.

Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен

Құрсағыма сыйдырдым даланы кең,

Пәк сәбимін бесікте уілдеген

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

Мен - жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда

Шарықтасам, қыран боп шыңға, шықтым
Ұлы аманат етейін еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін жер кіндікте.
Аңсаймын мен сенемін туады ертең.
"Қазақ болу" зор бақыт дер күн тіпті.

4. Көрініс:

2- жүргізуші

Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері С.Савицкийдің өліміне кінәлі деген айып тағылды. Сөйтіп, Семейдегі № 21 камераға қамайды. (Күй ойнайды)
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!...
Қайрат: (Қайратты тергеуге әкеледі.)
Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұштырдың,
Балағаттайсың маған, бір түйінін түсіндім.
Жазықты емеспін, қайталай берем несіне
Оқып көр міне өлеңге түнде түсірдім.
Тергеуші:
Түкірдім мен жырларыңа
Ит, не деген өткір едің,
Ине сұқтым тырнағыңа,
Өлердей ғып, тепкіледім.
Алдап-арбау тәсілімен,
Мойындата алмадым
Қайрат: Мойындата алмайсың.
Тергеуші:
Байқа, 87-бұл бүлігі көп
Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп,
Тіліңді безеп, өлең айт, маған десең
Савицкиді өлтірдің алаңда сен.
Қайрат
Бітер екен осы бір "Кеңес"қашан
Өлтіргем жоқ, көргем жоқ мен ешқашан
Сенбесеңіз құдай менен достар куә.
Тергеуші

Жылап бүркіт болмас 10 мың қорға
Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма?
Бәрі бір іске аспады амалдарың
Қарағайдай қаңқылдаған қадамдарың
Жарық дүниеге сені енді қайтармаймыз.
Паспортыңды атуға даярлаймыз.
Қайрат:

Жалалы боп, катты батты жаныма,
Жазалаушы кагаз алдым колыма.
Жiгiттер-ай, айтып-айтпай не керек,
Жазган екен мандайыма, сорыма.
Акетай-ау, пайгамбардай жасын бар,
Туа бермес сiз секiлдi асылдар.
Картайганда журегiндi жаралап,
Кесiр болды-ау, бiз секiлдi масылдар.
Айналайын, агалар мен женгелер,
Бул омiрде сiздерге кiм тен келер.
Сумiрейiп сот алдында отырган,
Бауырынды ендi кiмдер ескерер.
Оздерiне аман-саулык тiлеймiн,
Оздерiнмен бiрге болсын тiлегiм.
Оздерiне тiл ката алмай, достарым,
Кайгы-мунлы омiрiмдi бастадым.
Айналайын, карындасым, карагым,
Колда кiсен, мен айдауга барамын.
Кайгы шегiп, азап тарткан аганды,
Айтшы жаным, кандай жанга баладын?..
Айналайын, iнiшегiм, кулыным,
Сенi ойласан узiледi жулыным.
Сенiн ерке ак жузiндi коре алмай,
Кетiп барам мен айдауга, кулыным.
Кош болындар, агайын-туыс барiн де,
Кош болындар, жасыныз да, карiн де.
Карангылык баста турмас кашанда,
Бостандыкта кездесемiз алi де...
Күнәдан таза басым бар,
21-де жасым бар.
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар.


2 жүргізуші Ал ол жерде "Қайрат өзін-өзі өлтірді" деп ресми жорамал хабар таратады.
Негізінде Қайраттың өліміне К.Власенко кінәлі. Ол алдында №21камераға бір күн бұрын әкелінген. К.Власенкомен (бұдан бұрын алты адамды өлтірген) бір камераға отырғызудың өзі де дәлел. Қайрат І988 жылы 21-мамырда өлтірілді. Сөйтіп, жарық күнмен қоштасты.


Елім, елім, елім деп,
Ар-намысын сақтаған.
Бұйырғанда өлімге
Кірпігін де қақпаған.
Батыр бабаң Бауыржан
Қолдады ма, қарағым,
Желтоқсанның шыдадың
Толғағына, қарағым.
Арман, арман, арман көп.
Айтылар теңеу қалған жоқ
Қысқа ғұмыр сүрсең де,
Таң қалдырған қарағым!
Қазағыңды Қайрат деп,
Тамсандырған қарағым!
Мамық болсын қара жер,
Жатқан жерің жарық боп.
Бақұл бол, бақұл, әй, көкем,
Тәубе, тәубе, тәубе етем!

5. «Ана туралы жыр»

6. Қазақ биі «Қара жорға»
7. Ән: «Қазақ жігіттері»

8. Хор «Отаным Қазақстан»




  1. жүргізуші

Тәуелсіздік - азаттықтың ақ таңы

Қазағымның ең бақытты шақтары

Жас өреннің еркіндікті аңсаған

Желтоқсанда мұзға жаққан оттары


Тәуелсіздік - бабалардың арманы

Даналардың жасампаздық жолдары

Қазақстан қасиетті мекен боп

Мәңгілікке бейбітшілік орнады


Тәуелсіздік – бодан болмау басқаға

Бұл үлкен сын үлкенге де , жасқа да

Тәуелсіздік - әлем білген еліміз

Тәуелсіздік – асқақтаған Астана


Еліміздің болашағы жастарда

Ғылым іздеп , қол созыңдар асқарға!

Тұра берсін мәңгілікке желбіреп ,

Қазағымның көк жалауы аспанда



Құрметті ата – аналар, ұстаздар мен оқушылар бүгінгі біздің «Тәуелсіздік тұғырым» атты ашық үлгілі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті . Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.01.2019
426
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12