Тәуелсіздік-тұғырым

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік-тұғырым

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Студенттерге туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі



«Келісілді» «Бекітемін»

Бөлім меңгерушісі: Директордың ТІЖ орынбасары

____________Утеулиев Е.Б _____________ Есенгалиева Г.У





«Қозы -Көрпеш- Баян Сұлу »мәңгілік махаббат

бастауы.

Дайындаған: «Автоматтандыру және басқару»

бөлімі




2021


Іс-шара тақырыбы: «Қозы -Көрпеш- Баян Сұлу »мәңгілік махаббат

бастауы .

Әдісі: сұрақ-жауап, сайыс, топтық жұмыс.

Көрнекіліктер: слайд

Мақсаты: Студенттерді сүйіспеншілік, адалдық сияқты қасиеттерді құрметтей отырып, ішкі рухани тазалыққа үндеу, адами сезімдерді құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: Қозы -Көрпеш- Баян Сұлудың жыры, портреті, қанатты сөздері, бейнероликтер.


Іс-шара барысы:


1-жүргізуші :

Саламатсыздар ма, құрметті студенттер бүгінгі 15-Сәуір Қозы -Көрпеш- Баян Сұлу » мәңгілік махаббат бастауы атты шарамызға Қош келдіңіздер .


2-жүргізіші :

Ғашықтар күні неге 15 сәуірде тойланады? 15 сәуір – Ұлттық Ғашықтар күні. "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" мейрамы махаббат пен сүйіспеншілікке арналған.  Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шамамен 12-13 ғасырларда ғұмыр кешкен. Сарыбай мен Қарабайдың төл перзенттері. Аң аулап жүріп құдаласқан бұл екеуі ұл-қыздарының кейінірек махаббат жолында түрлі қиыншылыққа ұрынатынына куә болады. Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі өле-өлгенше бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген қос ғашық. Қозы -Көрпеш- Баян Сұлудың жырнан үзінді:




Жаратқан жан біткенді бір құдайым,
Жаратқан жарық үшін күн мен айын.
Бұрынғы ноғай-қазақ заманында,
Сөйлетейін Қарабай мен Сарыбайын.
Жарасқан нар түйеге биік өркеш,
Мен сөйлесем, жұрт тыңдар ертеңді-кеш.
Екеуін сәтті күні құдай қосқан,
Баянға ғашық болған Қозы Көрпеш,

1-жүргізуші :

«Танысу»

Алдымен танысайық, біз оны былай жасаймыз: дөңгелене отырып, сағат тілі бойынша, кезек-кезек әр қатысушы өз атын және өзінің нақты хоббиін, сүйікті ісін (неге қызығатынын, қабілеті неге икемді екендігін және т.б. айтуға болады) айтады.

2-жүргізіші :

1-ойын «Ситуациялық» ойыны.


Студенттерді жұр етіп шығарып 3 – жұпқа ситуациялық сұрақтар қойылады.

1. Сіз бір қызды қатты жақсы көресіз, бірақ ол қыз сізді жаман жақтарыңызды көркіп қалды. Енді сіз ол қызды өзіңізге қалай қаратасыз?

2.Сіз бір қызды қатты жақсы көресіз, бірақ қыздың әкесі сізді ұнатпайды сіз ісіңіз ?

3. Сіз қызды жақсы көресіз. Бірақ ол қызды сіз сияқты жақсы көретін тағы бір жігіт бар. Сіздің әрекетіңіз?



1- жүргізуші:

Өмірдің көркі

Махабатта ғана деседі.

Махаббат ғана мәңгілік ғұмыр кешеді,

Елінің мәңгі есінде қалды емес пе?

Қозы мен Баян, Ләйлі мен Мәжнүн кешегі – дей келе ендігі кезекте көрермендермен сұрақ - жауап жүргізсем...


1. Махаббат түсі? (қызыл)

2. Махаббат жүзігі (неке жүзік)

3. Махаббаттың символы? (жүрек)

4. Махаббат қаласы? (Париж)

5. Махаббат кемесі? (Титаник)

6. Махаббат ертегісі? (Мың бір түн)

7. Махаббат гүлі? Қызыл раушан)

8. Махаббат құсы? (Аққу)

9. Махаббат күні (15-сәуір)

10. Махаббатты жеткізе білу  құралы (хат, телефон, өлең және т.б)


2-жүргізіші :

2-ойын «Түсініп ал» ойыны.


Ойын шартын түсіндіру әр бала өз жұптарымен сөз жасырылады сол сөздерді жұбы табуы қажет. (30- секунд беріледі)

1-жұп

Алғашқы махаббат, жүрек, қызғалдық, 15-сәуір, бойжеткен, жігіт, Төлген, көктем

2-жұп

Сезім, өмір, жұп, аққу, отбасы, тәрбие, кездесу, Еңілік


3-жұп

Ғашықтар күні, үй ,отбасы, гүл, қамқорлық, Ләйлі, титаник, еркелеу.


Жұптарды бағалау


1-жүргізуші : Жұптарымызды бағалап болсақ.Келесі ойынға кезек берейік. тарихка көз жүгіртсек

3-ойын «Тарихқа саяхат » ойыны.


1. Жібек әкесінің аты ? ( Сырлыбай )

2. Қозы көрпеш-Баян сұлудың оқиғасы қалай аяқталады ?

3. Қыз Жібек пен Төлегенің қосылуына кім кедергі болды ?( Бекежан )

4. Қыз Жібек пен Төлегенің қосылуына теріс бата берген кім ? (Төлегенің әкесі Базарбай)

5. Қозы мен Баянның арасына түскен жағымсыз адам кім ?(Қодар)

6. «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» кинофильмін түсірілген жыл (1992 жылы танымал қазақ режиссері мен актері Асанәлі Әшімов)

7. Қозы Көрпеш — Баян сұлу мазары қай жерде орналасқан ? (Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы.)

8. Қыз Жібек пен Төлегенің фильмін сомдаған актёрлар ?(Құман Тастанбеков – Меруерт Утекешова)

9. Қай жылдан бастап 15-Сәуір ғашықтар кұні деп аталды? (1999 жылы )



1-жүргізуші:

Осы бір аяулы сезімді ардақтап, бір - бірімізге үлкен сүйіспеншілікпен қарай білейік. Сөз соңында айтарым, өзіңіздің Баяныңызды тапсаңыз немесе Қозы Көрпешіңізді кезіктірсеңіз өзіңізді бақытты жан деп есептей беріңіз. Махаббат деген ұлы сезімнің қақпасын ашқан соң, жүрекке жол тапқан қарым-қатынастың кілтін жоғалтып алмауға тырысыңыз. Осымен, бүгінгі  15-сәуір «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» мәңгілік махаббат бастауы атты ғашықтар күніне арналған кешіміз аяқталды. Сау-саламатта болыңыздар!


Қолданылған әдебиеттер тізімі


1.Уикипедия. Ашық энциклопедиясы. Ғаламтор көзі.

2.Қазақстан тарихы сайты. Дереккөзі Ақорда.kz

3.Әбіләзиз Исаев. Саяси ғылымдарының кандидатының еңбегі. 2013 жыл.

4. Қозы Көрпеш - Баян Сұлу — Уикипедия (wikipedia.org)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.00.2021
398
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі