Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік тұғырым!

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тәуелсіздік»... Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы болған осы тәуелсіздік еді. Біз бұл кезеңді көрмесек те, қазақтың таңғажайып тарихын, деректерін оқу арқылы білеміз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік тұғырым!

«Тәуелсіздік»... Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы болған осы тәуелсіздік еді. Біз бұл кезеңді көрмесек те, қазақтың таңғажайып тарихын, деректерін оқу арқылы білеміз. Бұл қол жетпес бақытқа жету жолында Алаш ардақтыларының басын бәйгеге тіккені, әсіресе 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына қатысқан қайсар аға-апаларымыздың ұмытылмас ерліктері көз алдымызға елестейді. Жер бетіндегі қарапайым тірі жандарға зер салсақ та, олардың өз бетімен ешкімге бағынышсыз тіршілік етіп жатқанын байқаймыз, тіпті көк байрағымыздың символы болған қыран құс та аспанда еркін самғағысы келеді емес пе! Әлемде екі жүз қырыққа жуық мемлекет болғанымен, оның ішінде күні бүгінге дейін басқа мемлекетке бағынышты өмір кешіп, тәуелсіздігін алмағаны қаншама! Сол уақыттан бері қазақ халқы егеменді ел боламыз деп талай тар жол тайғақ кешті, сондықтан мен тәуелсіздікті таусылмас тарих деп білемін. Қазіргі жастар бақытты, себебі олар тәуелсіз елдің ұрпақтары. Ендігі алаңдайтын мәселе, әлемнің басқа елдеріне көз салсақ, мемлекет ішінде болып жатырған қақтығыстар, төңкерістер жүректі ауыртады. Жастарымыз түрлі діни ағымдарға еріп кетпей, қасиетті аталардың жанын қиған оқиғалар қалған еліміз тыныш болсын деп тілейміз., Тәуелсіздік- ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Сол себепті тәуелсіздіктің әрбір жылының біз үшін мәні бөлек, мәні айырықша»,- деуі арқылы да Мемлекет басшысы егемендіктің қадір-қасиетін биіктете түсті.еліміздің тәуелсіздігі- ата-бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Қазақ елінің басына бұл ғасырдың тартқан сыйы мен тартуы да мол, қайғы мен қасіреті де аз емес.Қаншама қиындықты бастан өткерседе, еліміздің бар мақсаты халық болып бірігіп, тәуелсіздікке қол жеткізу болатын.Азаматтыққа ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында ғана әрең қолын жеткізді.Тәуелсіздікпен бірге ел тарихына, көп ұлтты Қазақстан мемлекетіне ұлы жаңалықтар қоса кірді. Ата-бабадан қалған ұлан-ғайыр жерді игеріп, дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтай отырып,өзгеге көңіліміз ашық, дастарханы, қолы жомарт халық ретінде дамып жатқан еркін елміз. Осы бір аумалы-өкпелі заманда елдің елдігін танытқан Елтаңба, аспан түстес көк Байрақ, рухты оятар Әнұранымыз қабылданды. Елбасымыздың елдікті орнатумен қатар,есімі тарихта қалған ұлылардың абыройын көтеруін қалай мадақтасаң да жарасып тұр.ЮНЕСКО көлемінде Абай, Махамбет, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев тойлары әлемдік дәрежеде тойланды. Тарих құндылықтары да назардан тыс қалған жоқ.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құтты болсын!

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату - тәтті халқымызға бақ қонып,

Кетпесін туған жердің берекесі.
Қуан, жұртым Елдігіңді шет елдер мойындады, 
Сан армандар іске асты ойыңдағы. 
Терезесі тең елдер қатарында 
Салтанатпен өтуде тойың - дағы.
Ұланың бар, ұрпағың, іргең берік, 
Тағдырыңды тапсырған тізгін беріп, 
Азаматтар ақтады сеніміңді 
Талай істе танытты кемеңгерлік.
Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің
30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!



«Ғ.Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп» мұғалім Шахапова Бақыткүл



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.12.2021
402
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12