Өткен күннен алыс
жоқ
Келер күннен жақын
жоқ
(Қазақтың халық
мақалы)
Тәуелсіздік! Бұл сөздің
қаншалықты қымбат екенін түсіну үшін 30 жыл кейінге, яғни,
тарихымыздың ақтаңдақ беттеріне айналған желтоқсан оқиғасына бір
көз тастайық...
Желтоқсан...Қанды
оқиға...Қыршынынан қиылған қазақ жастары елінің егемендік алмай,
бөгде елге жаутаңдап қарап отырғанына намыстанып, өз бастарын
қатерге тігіп, сол бір тарихта қанмен жазылып қалған шеруге шыққан
еді. Бұл оқиға қандай қайғымен аяқталса, біздің елімізге соншалықты
ауыр да салиқалы із қалдырған еді. Себебі, Қазақстан
Республикасының тәуелсіздік күні дәл осы 16желтоқсан болып
белгіленді. Бізге есімдері белгілі Қайрат,Ләззат сынды жастардың
қайсарлығын ешқашан ұмытпаймыз. Кешегі күннің жастарының бойында
патриотық сезім қандай берік болған деп біз, бүгінгі жастар таң
қаламыз да, қайсар мінездеріне, арыстандай айбаттарына, ерен
ерліктеріне бас иеміз.
Дәл қазір біз көк аспанда
қалықтаған қырандай еркін, тәуелсіз елміз. Мемлекеттік Елтаңбамыз,
Әнұранымыз, Көк Туымыз бар. Осы қасиетті рәміздер біздің тәуелсіз
ел екендігімізді паш етеді. Сондықтан да бүгінгі жастар – біздер,
осындай қиын жолмен келген тәуелсіздігімізді бағалауымыз қажет.
Бағалау дегеніміз – ата-анамыз берген тәрбиені бойға сіңіріп,
ұлттық салт-санамызды дұрыс қалыптастырып, Елбасымыздың жастарды
қолдау мақсатындағы білім беру ісіндегі мүмкіндіктерді пайдалана
отырып, білім алып, халқымызға пайдамызды тигізіп, ұлы даланың
ұлағатты ұландары болуға тиіспіз. Себебі, біз бейбіт елде өмір
сүреміз. Басқа шет мемлекеттер сияқты соғыс зардабын коріп отырған
жоқпыз. Біздің елімізде қаншама ұлт өкілдері тұрып жатса да, бәрі
өзара тату, берекелі, бірлікті. Осындай бейбіт, болашағы айқын елде
тұрып патриот болмау мүмкін емес деп
ойлаймын.
Қазақстан Республикасының
тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің
бейбітшілігін ең бірінші орынға қояды. Ол кісінің басқа шет
елдермен дипломатиялық қарым-қатынас жасауы, олармен тату болуға
тырысуы, жан-жақты ақпараттардан құлағдар болып, елімізді сол
дамыған елдердің қатарында көргісі келуі, сол үшін аянбай тер төгуі
– бәрі біз үшін жасалынып жатқан іс-әрекеттер. Жастарымыз алаңсыз
тыныш өмір сүріп, жан-жақты білім алып, парасатты, білімді тұлға
болса біздің еліміз, ұлтымыз жоғалмайды деген тұжырымды ұстанады.
Сол үшін мен Елбасымызды өте құрметтеймін. 1991жылдан бастап
еліміздің экономикалық, әлеуметтік-саяси жағдайын дамыту мақсатында
көптеген игілікті істер атқарды.
Елімізде 2008жылдан бастап
экономикалық дағдарыс басталды. Барлық заттар қымбаттады. Бұл
әлемдік дағдарыс. Бірақ президентіміз бұл жағдайға мойыған жоқ.
Керісінше, халыққа күш беретін нақты қадамдардан тұратын салиқалы
да сара жолдауларын жолдау арқылы дағдарыстан қиналмай шығудың
жолдарын қарастырды. Сол арқылы халықтың көңіліне демеу бола білді.
Қазақстан ядролық инфрақұрылымнан құтылуды әлемге айғақ еткен,
Қазақстанды бейбітшілік сүйетін ел ретінде әлемге танытқан, еліме
тәуелсіздіктің туын желбіреткен елбасына алғысым
зор.
Әр адам өз отанын сүймесе,
қастерлемесе ол ешқашан жетістікке жете алмайды. Адамның бойында
патриоттық сезім болса ғана өз еліне пайдасын тигізе алады. Мысалы,
М, Әуезов: «Отан – анам. Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іскер
күшім жоқ»-дейді. Ал В.А. Сухомлинский : «Отан – өз бесігің, өз
үйің, өз бесігіңді ұмытпа»-дейді. Ал Ж.Ж. Руссо: «Ең зор, ізгі
ерліктерді Отанға деген сүйіспеншілік туғызған »-дейді. Осындай
рухты да қанатты сөздер әр жүректі тебірентпей
қоймайды.
Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ
халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының
жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге
танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан
тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу
арқылы қол жеткен өз мемлекеттігін құруға деген заңды құқығы. Бұл
даусыз, және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс»-деп атап
көрсетті.
Осы жылдар ішінде қыруар істер
атқарылды. Атап айтсақ, тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық
шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз,
ұлттық валютамыз дүниеге келді. Сарыарқаның кең, жазық даласында
барша елді жылдам көркеюімен таң қалдырған жаңа Астанамыз дүниеге
келді. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму
деңгейі жоғары деңгейге көтерілуде. Жыл сайынғы Елбасының халыққа
арнаған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар,
стратегиялық бағыттардың барлығы қарапайым халықтың тұрмысын
жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға
бағытталды.
Тәуелсіздік туралы айтқанда
мемлекеттік тіл жайлы айтпай кету мүмкін емес. Тіл мен тәуелсіздік
– егіз ұғым. Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани
байлығы, өткені, болашағы. Тіл тәуелсіздігіміздің қуатты құралы,
асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Қазақ
тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне
айналды.
Туған тілін білмеген, тұлға
болмас халқына.
Думандатқан күнменен өте шығар
даңқы да.
Не керемет күштің де ана
тілсіз бармақтай,
Қара жердің үстінде тірегі жоқ
қаңбақтай,- деп Фариза ақынымыз жырлайды.
Иә, тіліміздің мәртебесі
жоғарыламаса тәуелсіздігіміздің де мәні болмас еді. Тәуелсіздіктің
алғашқы жылдарында билік басындағы көптеген адамдар қазақ тілін
білмей қиналды. Оны журналистер қауымы да, тілшілер, парасатты
қоғам қайраткерлері де айтып жүріп, бүгінде ондай олқылықтар
түзетілді деп ойлаймын. Бүгінгі таңда қазақша сөйлеуден қиналатын
адамдар жоқ. Тіліміздің мәртебесі артып, туған тілдің маңыздылығы,
оны білмеудің уят екендігі халықтың ой-санасына жетті. Керісінше,
еліміздегі басқа ұлт өкілдері қазақ тілін зор ыждахатпен үйренуде.
Кешегі заманда балаларын орыс тілді мектепке беруге асығатын
қазақтар енді балаларын тек қазақ тілді мектептерге беретін болды.
Себебі, қандай да болмасын жұмыс орындарында қазақ тілін білу керек
деген талаптар қойыла бастады. Алайда, өз тілінде әрең сөйлейтін
«шала қазақтар» әлі де жоқ емес. Бұл өз алдына үлкен тақырып.
Бүгінгі таңда ана тіліміздің мәртебесі артып, әр қазақстандық өз
тіліне құрметпен қарай бастағанына шын жүрегіммен
қуанамын.
Елбасымыз: «Қазақстанның
болашағы - қазақ тілінде» деуі еліміздегі тіл саясатының бүгіні мен
болашағын айқындайды. Ел тәуелсіздігінің ең маңызды нышаны –
мемлекеттік тіл. Қазақстанды мекендейтін әртүрлі ұлт өкілдерінің
тіліне құрмет көрсету, олардың ана тілінде білім алып, төл
мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды
стратегиялық саясаты.
Шығармамды Елбасымыздың мына
ұлағатты сөздерімен аяқтағым келеді:
«Уақыт қарқыны зымыран. Күні
кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та
үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің
азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі
аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар
дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі
биіктей беретініне сенемін.»
Жоспар
Кіріспе
Желтоқсан желі
ызғарлы
Негізгі
бөлім
-
Тәуелсіздік-қасиетті
ұғым
-
Елбасының ерен
еңбегі
-
Туған тілің -
тірегің
Қорытынды