
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ" тәрбие сағаты ҚМЖ
« Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Бекітемін:
Директордың тәрбие-ісі
жөніндегі орынбасары:
________ Ж.Б.Бокашева
Тақырыбы
Тәуелсіздігім-тұғырым!
Қауіпсіздік сабағы: «Қауіпті және болжанбайтын жағдайлардан, зиянсыз әзілдер мен ұсыныстарды қалай ажыратуға болады?»
Дайындаған: Еркинова Д.Е.
Сынып: 8
2024-2025 оқу жылы
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән |
Сынып сағаты |
|
Мұғалім |
Еркинова Д.Е. |
|
Сынып |
8 |
|
Сабақ тақырыбы |
Тәуелсіздік--тұғырым! |
Мақсаты |
Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. |
Көрнекілігі |
Еліміздің туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Отан, туған жер туралы нақыл сөздер, буклеттер. |
Ресурстар |
http://bilimland.kz/kk/#lesson=18618, http://bilimland.kz/kk/#lesson=11884, http://bilimland.kz/kk/#lesson=18641, http://bilimland.kz/kk/#lesson=18637, http://bilimland.kz/kk/content/structure/2287-tema_klassnogo_chasa#lesson=11855. |
Құндылық |
Тәуілсіздік және Отаншылдық» |
Қауіпсіздік сабағы 10 мин |
«Қауіпті және болжанбайтын жағдайлардан, зиянсыз әзілдер мен ұсыныстарды қалай ажыратуға болады» |
Сабақ барысы
Кіріспе. 1. Тәуелсіз ел-Қазақстан. 2. Тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар. 3. Тарихи оқиғалар тізбесі. 4. Желтоқсан құрбандарына тағзым. 5. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктер 6. Қорытынды.
1. Кіріспе. http://bilimland.kz/kk/#lesson=18618
Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп-қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болсын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық..
1-жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар! Еліміздің егемендік алуы,халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған Жете алмай құрбан болды қанша адам. Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік. Иә,қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды,алқакөл сұлама» қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. 1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. 1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болды. 1925-23 жылдары Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші октябрь» саясатын жүргізді. Елді аштық тығырығына тіреп, негізгі күн көрісі мал болған қазақтар 2-3 жылда малдарынан түгел айырылып, Қазақстанда тұратын 2 млн. қазақ аштықтан қырылды. 1986 жылдың желтоқсаны. Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп дүрбелең жайылды. Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Бастарына қара бұлт үйірілді. жүргізуші:Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар еліккеннен,еріккеннен шыққан жоқ,алдына мақсат қойып шықты. «Ұлтшылдық», «бұзақы», «арамтамақ» тәртіпсіздікті «ұйымдастырушылар» деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл совет еліне таратылды. Қазақ ұлтшыл халық деген атқа қалды. Оқушы: Қариялар итке таланып, Ер басын күрке шапқан күн Аппақ қар қанға боянып Қып-қызыл мұз боп жатқан күн. жүргізуші: Түн, бірақ бұл түн өзгеше еді. Себебі бұл түнде қаланың кез келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімше халге жеткізді. Осындай қатыгездікті көрген оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар. Халық басына төнген осы бір сәтті от тілді, қайсар ақын Қайрат былай суреттейді: Екі жүзің қырылып, Екі жүзің ұрылып, Екі жүзің сотталып, Жоқтаусыз кетіп барасың! – деп жасқанбай жырлаған Желтоқсанның аққан жұлдызы, жас сұңқар Қайрат Рысқұлбеков ең жоғары ату жазасына іліккендердің бірі. жүргізуші: Көрініс. Ортаға бір топ қыз -жігіттер шығады. - Қыздар, мен газет әкелдім! - Қане, не жаңалық бар екен? - Пленум болыпты. - Қонаевты орнынан алды дейді. - Онысы несі? - Орнына кім болыпты? - Колбин деген. Ульяновтан келіпті. - Қазақтан-ақ біреу қойсашы!
КСРО Жоғарғы кеңесі Президумының шешімімен 1988 жылдың 28 сәуірдегі Жарлығымен Қ.Рысқұлбековке кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды.Алайда бұл хабар Қайратты қуантқан жоқ. Ж.Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалады.
Оқушы: Ербол, Қайрат, Ләззат сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1 минут орнымыздан тұрып үнсіздікпен еске алайық.
Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар. Әнұранымыздың авторлары: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев. http://bilimland.kz/kk/#lesson=18641
Оқушы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті. Онда алтын күн бейнесі шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар. Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы – байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі. Қыран бүркіт – Тәуелсіздік белгісі. Өрнек-салт дәстүріміздің белгісі. Мемлекеттік тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.
жүргізуші: Би: «Қаражорға». 1991-2011 жылдар аралығында қандай жетістіктерге жеттік? http://bilimland.kz/kk/#lesson=11884 Оқушы: 1991 жыл – Тәуелсіздік алған жыл. Өзіңдікі туың да, от пен ауа, суың да, Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буын да. Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын. Қанатың қайрылып, қыр арқаңнан майрылып, Егемен тәуелсіздіктен, қала көрме айрылып. Оқушы: 1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы. Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ-ға болып кірді.
Оқушы: 1993 жылы 15 қарашада «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалы суреттер басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты. Оқушы: 1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мүсебаев Собз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады. Оқушы: 1995 жылы 30 тамызды Қазақстан Республикасының «Ата заңы» қабылданды. Оқушы: 1996 жылы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасының 1 сессиясы болып өтті. Оқушы: 1997 жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды. Оқушы: 1998 жылы 6 мамыр Астана күні. Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы бұрынғы Ақмола қаласына көшті. Бұл күнде Астана жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейтіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналып жатыр. Оқушы: 1999 жылы 10 қаңтар Призидент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Оқушы: 2000 жылы «мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды. Оқушы: 2001 жыл 21 ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды. Оқушы: 2002 жылы. «Денсаулық жылы» деп жарияланды. Оқушы: 2003-2005 жылдар «Ауыл жылы» деп жарияланды. Оқушы: 2004 жылы «Қазақстан-Рессей» жылы болды. Оқушы: 2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті. Оқушы: 2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды. Оқушы: 2007 жыл – «Қазақ тілін қолдау» жылы. Оқушы: 2010 жылы 1-2 желтоқсанда Астанада ынтымақ пен бірліктің символы ретінде Самит өткізілді. Оқушы: 2011 жылы 30 қаңтар және 6 ақпан аралығында Астана мен Алматы қаласында 7 қысқы Азиада ойыны өтті. Оқушы: 2011 жылы 3-сәуірде Н.Ә. Назарбаев қайта сайланды. «Алға, Қазақстан!». Хормен, 3 рет. Қазақстан Республикасының Әнұраны хормен орындалады. Мұғалім: Міне, егемендігімізді алып Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқына жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы қазақстан халқына жолдауы елдің тағамыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жолдауда еліміз жаңа серпіліспен батыл қадамдар күтеді. Еліміздің экономикасының өркендетуге сендер де ат салысадыдеп сенемін. Еліміздің Егемендігі жасай берсін! http://bilimland.kz/kk/#lesson=18637
Туған жерді сүю – парыз С Қасиетін ұғу – парыз, Күзетіне тұру – парыз.
http://bilimland.kz/kk/content/structure/2287-tema_klassnogo_chasa#lesson=11855
жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіздік тұғырым» атты тәрбие сағатымыз мәресіне жетті, хош, сау болыңыздар! Қауіпсіздік сабағы 10 минут «Қауіпті және болжанбайтын жағдайлардан, зиянсыз әзілдер мен ұсыныстарды қалай ажыратуға болады» - Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, — дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады. - Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады. - Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі. - Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас. - Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.
Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады. Сабақтың мақсаты: мектеп оқушыларының серуендеу кезінде болуы Негізгі міндеттер: -
Қазіргі уақытта әртүрлі жастағы кәмелетке толмағандар
арасында «Жүректен жүрекке» ұстаздарға ақ тілек... (Балалар ұстаздарына деген жылы лебдіздерін білдіреді). Рефлексия. . (Оқушылар бүгін қандай әсер алды өз ойларын жазады.) |

