«Тәуелсіздікке – тарихи тағзым! тарихи кеш

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тәуелсіздікке – тарихи тағзым! тарихи кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта мектеп мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіздікке – тарихи тағзым!

I-Жүргізуші:

Көне түркі даласын мекен еткен қазақ халқының сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.
"Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз," - дейді Қазыбек би. Бұл даналық нақылдардан "ешкімге соқтықпай жай жатқан елдің" ежелден құт-береке тілеп, бейбітшілік аңсаған ел екенін көреміз. Бірақ, "Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды". Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Біз оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек. Себебі, ол – тұтас құбылыс.
II-Жүргізуші:

Халқымыз өзінің қалыптасу жолында талай қилы-қилы белдерді асып, тар жол, тайғақтарды кешті. Сонау сақтардың әйел патшасы Томиристен соңғы хан Кенесарыға дейін, Мұстафа Шоқай мен Әлихан Бөкейхановтардан Қайрат, Ләззаттарға дейін қанша рет дала қанға бөкті, жылғалар қан боп ақты, қанша рет ұлан-ғайыр дала азаттықты аңсаған алты алаштың асқақ та айбынды ұранына куә боп, қанша рет "елім-ай" деп, шер төккен халықтың мұңы мен зарына ортақ болды.


Бірде қайғылы, шерлі, бірде азат, айбынды, рухты тарихымыздағы әрбір оқиға, әрбір қанды шайқас – азатыққа жасалған бір қадам.
I-Жүргізуші:

Сол батыл қадамдардың, ерен ерліктің нәтижесінде қол жеткізген тәуелсіздіктің бағасы әр қазақ үшін тым қымбат.Олай болса, азаттықтың арайлы ақ таңында амандықта жүздесіп отырған алаш жұртына Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын демекпіз!Бүгінгі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған

«Тәуелсіздікке – тарихи тағзым! - атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.


II-Жүргізуші:

Сан ғасырлық тарихын ұмытпаған,

Алашымның айбыны асқақ жыр-әнім

Ұлтымның ұлылығын ұлықтаған,

Өршіл рухпен шырқалар әнұраным


ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады.


I-Жүргізуші:
Біздің тарих! Бұл дегенің шежіре,
Азап пенен бақ сыйлаған еліме.
Көп болды ғой көз алартқан пенделер,
Қазағымның ұлан-байтақ жеріне.

II-Жүргізуші:

Өткенім бар-өкініш, жасыра алман,
Тарихым бар жазылған ғасырлардан.
Қазақ деген ел барын әйгіледім,
Жаңа ғасыр, сен енді бас ұрмаған!
Орындалсын аңсаған асыл арман!


Ән: «Туған жер» орындайтын: Едігеева Эльмира


I-Жүргізуші:

Ел бірлігі мықты болса,
Ешқандай жау ала алмас.
Таптаймын деп келген жау,

Табанына сала алмас.

II-Жүргізуші:
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай.
Еңку-еңку жер шалмай,
Ерлердің ісі бітер ме?-


Көрініс: «Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі» 6 сынып оқушылары

Ән: «Қорқыт» орындайтын Жақсығұлова жадыра


I-Жүргізуші:

Елім менің, егеменді, еңселі,

Талай асу, белестерді еңсерді.

Ұрпағымын асыл туған алаштың,

Еш түсірмен мен сондықтан еңсемді.


II-Жүргізуші:
Халқым менің! Саған қарап жұбанам,
Тарих беті қатпар-қатпар бұралаң.
Талай зардап қайғы-мұңның соңынан,
Егемендік алғаныма қуанам!

Көрініс: «Қазақ хандығының құрылуы» 6 сынып оқушылары


I-Жүргізуші:

Айтса нанар сенгіш халық едік қой.

Сенгіштіктен талай таяқ жедік қой.

Халқымыздың қамын жеген ұлдарын,

О ғаламат, халық жауы дедік қой.


II-Жүргізуші:

Сан ғасырлар бойы халқымыздың басынан өткерген қиындықтары мен көрген қасіреті қаншама. 1937-1938 жылдардағы жазалау кезінде көптеген азаматтар жазықсыз, халық жауы атанып ату жазасына бұйырылды. Олардың ішінде: Міржақып; Жүсіпбек, Сұлтанмахмұт,Ахмет, Мағжан сынды зиялыларымыз да бар еді.

Көрініс: «Алаш арыстары» 8 сынып оқушылары


I-Жүргізуші:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,
Туған тілім шұбарланба, жарқыра!
Тарихымда таланттылар көбейсін,
Бас иемін ата-баба рухына!

II-Жүргізуші:

Енді бізге қайта оралды заңғарлар,

Сталиндік тозақтарда жаңғандар.

Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,

Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.


Қазақ биі «Батырлар»


I-Жүргізуші: Міне өздеріңіз көріп отырғандай әр ғасырда жылдар бойы Тәуелсіздік үшін күрес жүргізіп келген бабаларымыздың алаш ардақтыларының үмітін әйгілі Желтоқсан оқиғасы ақтады





II-Жүргізуші:

Ащы да болса ақиқат, шерлі болса да шындық қымбат. Еліміздің егемендікке қол жеткізуі өрімдей ұл – қыздың ерен ерлігімен, қиылған қыршын өмірдің өтеуімен келді.


Көрініс: «Желтоқсан ызғары» 8 сынып оқушылары



I-Жүргізуші:Алайда, қазақ қалқы 1986-шы жылғы желтоқсанда болған қанды оқиғаны ұмытпақ емес. Егемендік үшін, елі үшін жан пида еткен ерлер есімі алтын әріптермен қашалып, ел есінде қалмақ.


II-Жүргізуші:

Жалынды ұран жаныма шабыт береді,

Ездер емес, еліме ерлер керегі.

Айбынды асқақ атаның асқар ұлдары

Жігер мен қайрат халыққа бүгін берері


Ән: «Желтоқсан желі ызғарлы» орындайтын Жақсығұлова Жадыра



I-Жүргізуші:

Бұзылмасын балалардыңұйқысы,

Тиылмасын сәбилердің күлкісі.

Аман болсын ақ жаулықты аналар,

Аман болсын ақ сақалды даналар.


II-Жүргізуші:

Еш сөнбесін бейбітшілік алауы,

Биік болсын байтақ елдің жалауы.

Кім-кімге де достық құшақ жаятын,

Тек тыныштық - азат елдің қалауы.



I-Жүргізуші:Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.

II-Жүргізуші:

Ата заңымыз ақиқаттан аттамай, Елбасымыз ел қорғаны болып, елтаңбамыз елдігімізді айғақтап, көк туымыз көгімізде желбіреп, әнұранымыз асқақ үнмен шырқала берсін әрдайым!


Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.12.2018
1328
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі