"Тәуелсіздікке тарту"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәуелсіздікке тарту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана тілінде еркін сөйлеу үшін, әр түрлі тақырыпта бала тіліне жеңіл тақпақтар жазып, көңіліндегі патриоттық, ел жандылық сезімдерді оятатындай дүниелерді сәбилерге тарту ете алсам, еңбегімнің жанғаны деп білемін!!!!
Материалдың қысқаша нұсқасы



























Отан



Бейбіт елде күн күлімдеп атады

Күн шапағы мол сәулесін шашады

Қазақстан менің елім-Отаным деп

Мақтанышпен бар балалар айтады



Отан.



Елім менің, жерім менің,

Тату ұлттар –мекені

Тату болып, еңбек етіп

Гүлденіп , өркендеумен келеді.



























Отан.

Сүйем сені, Отаным!

Мақтанышым өзіңсің

Туған елмен мақтанып

Жыр арнаймын шаттанып



Астана.



Таң қалдырған талайды.

Астанам менің арайлы

Әсем сұлу қаланың

Көркейгеніне қуандым





























Туған ел



Туған жерім-Отаным

Арайланды әр таңың

Табиғатың мен сұлусың

Қазақстан-нұрлы елім.



Алатау.



Қар жамылған асқар тау

Алатауым да –өз елім.

Алматыдай қаланың

Еркесі бол, бөбегім.





























Атырау.



Атыраудай әсем қаламыз

Гүлге оранды даламыз

Жазда жайықта жүзетін

Біз бақытты баламыз.



Көк ту.



Жүгіреміз қуанып

Қолымызда туымыз

Ер жетіп біздер келеміз

Бақытты елдің ұланы.





























Патриот.



Айтатын арман-тілекті

Айқара ашып жүректі

Біз боламыз еліміздің

Болашақ патриоты.



Ана.



Әлемдегі ақылды адам

Асыл анам-қымбат маған

Айтқан сөзін тыңдап бағам

Бәрінен де ол жақын маған



























Ана.



Жақсы көрем анамды.

Сүйген мені үнемі.

Күндей күліп үнемі

Көп ертегі біледі.



Ана.



Анам менің аялап

Шынықтырар денені

Алғаш рет тісімді

Жууға да үйретті.





























Күн.



Қарындашты аламын

Күннің суретін саламын

Дәптеріме қонады

Жылылықтың шуағы.



Тіл.



Ана тілді сүйсең

Үйренуге тырыс.

Айна деген дұрыс

Зеркало деген бұрыс





























Дәрігер.



Ауырсақ болды біздерге

Әбігерге түсер дәрігер

Мен өскенде боламын

Адамдарды емдейтін дәрігер.



Таң.



Таң алдында сайраған

Бірге ояндық құстармен.

Тамылжытып сайраған

Құстармен дала көрікті.





























Жұбату.



Бөпемді мен жылатпаймын

Жылауықтарды ұнатпаймын

Ойыншықтармен ойнатамын

Ойыннан бір жалықпаймын



Қыс.



Далада боран ұлиды

Суыта алмай жылы үйді

Терезеден қараймыз

Қысқы ойынға тоймаймыз.



























Кітап.



Кітап оқып үйренемін.

Жақсы менен жаманды

Ақылыма ақыл қосып

Сырын ұғам даналықтың.



Әліппе.



Әліппе-деген кітабым.

Әріптерден тұрады

Барлық әріп қосылып

Әдемі сөзді құрады.





























Ботақан.



Атам әкеп қораға

Байлады кішкене ботақан

Өзім күнде күтемін.

Жібек жүнді ботамды.



Бала.



Мен әдепті баламын.

Айтқан тілді аламын

Беске толып жасым

Мектепке енді барамын.





























Сыйлау.



Ұқыптылыққа үйреткен.

Үлкендерді сыйлаймын.

Ата-ананың ақылын

Көкейімде сақтаймын.



Бөбекжай.



«Жауқазындай» бөбекжайға

Күнде біздер барамыз

Тақпақ айтып, ойын ойнап

Көңілді үйге қайтамыз.





























Таң.



1.Жайма- шуақ таң атып

Думанды күн басталды

Қанат қағып құстарда

Көкке өрлеп, самғады.



2.Жарқырасын күніміз.

Ананың біз гүліміз.

Ұядан ұшқан құстардай

Биікке самғап барамыз































Бала.



1.Ойын менен өсемін

Әлі-ақ өсіп кетемін

Үлкен болып ержеттіп.

Елге қызмет етемін.



2.Ойын ойнап, ән салып.

Біз ержеттіп келеміз

Өсіп, өніп,жетіліп.

Үлкендерге бас иеміз.

































«Балабақша»



  1. «Жауқазынға» келіңіз!

Бақшамызды көріңіз!

Қылығы, балдай бөбектің

Тату-тәтті ойынын,

Сізде, тамашалап көріңіз.



  1. Жауқазынның түлегіміз

Өркендейміз, өсеміз біз.

Әдепті де, тәрбиелі

Ел ертеңін ойлайтын

Азамат боп өсеміз.



























1.Түнде ғана шығады

Табақ пенен орақ. /Ай/



2.Қанаты жоқ ұшады

Аяғы жоқ жүреді.

Аспанда ғана болады.

Жерге пайдасы көп ақ /Бұлт/



3.Тек тышқанды ұстайды.

Бірақ өзі жолбарысқа ұқсайды.

/Мысық/

4.Әрқашанда түсі көк.

Қыс, жазыңмен ісі жоқ. /Шырша

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2021
389
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі