Материалдар / Тәуелсіздіктің баяндылығы болашағы туралы ой -толғам
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздіктің баяндылығы болашағы туралы ой -толғам

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың шығармашылық жұмысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2020
484
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіздіктің баяндылығы болашағы туралы ой -толғам

Елім бар кең даланы мекендеген,

Оған мол қарызым бар өтелмеген.

Өр сезім, асқар ойлы арманым бар,

Әлемнің аспанына жетем деген.

«Кешегіден алыс, бүгінгіден жақын ештеңе жоқ» деген қазақ мақалында айтылғандай, еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев осыдан 23 жыл бұрын мемлекеттің блашағын елестетіп, «Қазақстан - 2030» деген елдің даму жоспарын белгілеген. Бұл біздің жаңа ғана жас баладай – тәй басып келе жатқан экономикалық мәселелер елдің еңсесін басып, егеменді даму реформаларының тәжірибелері аз болды десек те, осыдан 23 жыл бұрын, жасаған таңдауымыз дұрыс блып шыққанын көрсетеді. Осыған дәлел ретінде Елбасы Н.Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында айтқан сөздерін көрсеткім келеді: «Дәл осы уақыттан бастап, Қазақстан нарық экономикасы теоремасы мен демократикалық даму ақиқаттарының тар жол, тайғақ кешулерінен тайсалмай өтіп, алған бағытынан таймай алға басты.

Біз мүлде жаңа экномикалық жүйенің, демократиялық құқылық мемлекеттің іргетасын нық қалап, осы заманғы қоғамдық институттарды нығайтып, өмірдің сапасы мен стандарттарын да өзгерте білдік »,-деген.

Ал содан бергі өткен жылдардағы атқарылған істердің ең басты нәтижелеріне қарасақ, осыған дәлел бола алады.

Қазақстанның экономикасының дамуы халықтың тұрмысына септігін тигізеді. Елбасы айтқандай парасатты экономиканы басқару үшін дарынды, жан-жақты білімді мамандар керек. Сол мамандарды дайындау үшін Қазақстанда көп жағдайлар жсалып жатыр. Дамыған экономика құру үшін, ең лдымен өзіміздің «адами қазынамызды молайтыуымыз керек екені анық».

«Жері байтақ гүл жайнаған,

Біздің қазақ – батыр халық.

Бар асылды жер-көктегі

Қойнауына жатыр алып»-деп

ақын жерінің байлығын мақтан тұтса, жыр майталманы Мұқағали ағамыз айтқандай, еліміздің ең басты байлығы, «халқым» дер едім. Ал осы байлығы да достығы да жарасқан жүзден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан «жер жәннәті» - «менің елім» дер едім. Әрбір елім, жерім деп соққан жүректе өз еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімі толы болатыны сөзсіз. Мен де өз Отаным туралы ойлансам, оның кешегі, бүгінгі тағдырына үңіліп, әрине, ертеңі туралы да ойланамын. Ертегіде армандағандай қиял-ғажайып секілді тәуелсіздік сонау көптеген ғасырлар өткенде елімнің еншісіне тиді.

Қазір менің елім – азат, тәуелсіз, егеменді, керегесі кең, терезесі тең алдыңға қатардағы елдердің бірі. Елімнің байлығын айтсам, кең пейілді, ақжарқын, сыйлайын десе ішкен асын жерге қоятын «қазақ» деген халқымнан бастар едім. Басынан не қилы заман өтсе де, мойымай осы жарқын өмірге жетіп, туын көкке көтере ұстаған «Қазағым» дер едім. Жер қойнауы кенге толы, жайлауы малға толы 130 ұлт өкілі сыйып отырған «жер ұйығы» дер едім.


Тәуелсіздігіміздің енді бір басты айғағы – тілім менің

Ғұндарға да, сақтарға да ақ сүтін берген арман тіліміз,атқанда да, шапқанда да қансырап барып аман қалған тіліміз, жоңғардың сұсынан да еңсесі де басылмаған, жүрегін қырсықтың құсы шұқып сарнаса да аман қалған тілім, өрт шалып өткен таудай жаралы тілім, желмен желбіреп, даланың түнін қақ жарып шығып енді міне шалқыдың, самғадың.

Тіл, қатынас құралы ретінде алғашқы адамдар пайда болғаннан бастап қалыптастың. Ең алғашында ым тілі болсаң, келе, келе Күлтегіннің жыр тілі болдың. Содан бері халқымның даналығының дәнекері болып, талай жыршы бабаларымыздың елін, елін сүйген ерлерін, ата-баба салт-дәстүрін жырлаған құралы болдың. Қастерлі, қасиетті тілінен балша тамған қазақтың сөзі туды. Содан бері ұлтымның түпкі тамырын солдырмай, талай заман ызғарына тоңып, аптабына күйіп, сан жығылып, сан тұрып жас толқын ұрпаққа халқымның кешегісін жеткізген тіл болдың. Тілімнің сақталып қалу жолында елімнің талай азаматтары құрбан да болды.

Бүгінде өлгеніміз тіріліп, жоғалтқанымыз табылып, еліміздің тәуелсіздігімен бірге тіліміз де қайта құдіретті күшіне ене бастады. «Тіл туралы » Заң шығып, мемлекеттк мәртебе алғаннан бері қаншама қыруар жұмыстар атқарылып келеді. Халқын сүйген, ұлтын сүйген, тілінің тағдырынан қалыс қалмаған азаматтардың бірі де – мен болып отырмын. Әдебиетіміздегі «Асыл сөздің» дәнін тұқымдай сеуіп, жас өспірім балаларға оның құндылығын ашуда бүгінгі таңда аянбай еңбек етудемін. Қазір тіліміздің мәртебесі өз тұғырын тапса да, оның мәртебесінің көтерілуі және ең жоғарғы сатыда сақталуы жолында, «Тіл туралы» Заңның орындалуын Қазақстан елінің әр азаматы жанындай түсінсе, тіліміздің қайнар күші үсті-үстіне арта түсіп, талай дүлдүл ақындар мен жазушылар шығып, олардың шығармалары еліміздің атын әлемге әлі-ақ әйгілі етері анық.

«Кешегі бұл шерлі қазақ даласы,

Гүл жайнаған бүгін міне қарашы.

Ұлан –асыр қуанышқа бөленген,

Астанамыз жаңа өмірдің қаласы.

Арманына жетіп халқың көздеген,

Алабы да, алқабы да өзгерген.

Жасыл қалам – шын бақыттың кіндігі,

Қымбаттысың ел жұртыңа өзгеден!»

Менің Астанам әлемдегі ең әсем қалалардың бірі болып, Қазақстанды жаңа әлемге бастайды деп сенемін. Астананың сұлулығын жай сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ақ ордадан көше бойлап келе жатсаң, буының босап, бейне бір ертегі елінде келе жатқандай сезімге түсесің. Сол сәтте кеудеңді қуаныш кернеп: «Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің!

Нендей күйге жүрегімді бөледің?

Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем,

Арманым жоқ бұл дүниеде,- дер едім», -деп Қасым Аманжолов айтқандай жүрегіңді бір мақтаныш сезім жарып жіберердей күй кешесің.

Ал енді осынау байлықты шашыратпай, үлесіне үлес қосып, елді көркейтетін кім? – ол біз бүгінгі ұрпақ және жастар боламыз. Елімізді әлемнің алдыңғы қатарлы елу елінің қатарына қосуымыз біздің міндетіміз. Елбасымыз бізге үлкен үміт артуда, сондықтан да жастардың жоғарғы , жақсы білім алулары , сол білімді ел игілігіне жұмсаулары керек. Ол үшін біздің елімізде барлық мүмкіншілік жасалған. Егер бұрын жастарымыздың әлемдегі ең жақсы деген университеттерде білім алуларына мүмкіндік болған болса, ал енді тіпті шет елге бармай- ақ өзіміздің еліміздің төріндегі халықаралық стандарттарға сай білім беретін Назарбаев университетінен білім алуға болатын мүмкіндік туды.

Сүйікті Отанда

Жол ашық жастарға.

Өсеміз, өрлейміз,

Басамыз тек алға!

Оқумен , өнермен,

Көңілді өлеңмен,

Шарықтап шығамыз,

Өмірлік кең жолға!

деген өлең жолдарымен Отанымның алдында, оның болашағын құруда, аянбай еңбек етуге дайынбыз деген серт берер едік. Біз – жаңа , тәуелсіз мемлекетте тұрғандықтан өзімізді бақытты жандар деп санаймыз.Сондықтан да, мен: Еліміздің ертеңгі болашағын қалауда, Абай атамыз өсиет еткендей, «кірпіш» болып қаланып, Отанымның гүлденіп – көркейуіне өз үлесімді қосуға трысамыз демекпін.





«Қ. Мұңайтпасов атындағы

олимпиада резервінің республикалық

мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі»

РММ-нің 10 «Б» сынып оқуышысы Рахман Азиза




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!