Тәулік бөліктері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәулік бөліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика негіздері сабағында балдарғ тәулік бөліктерін ажыратуға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні:

Білім беру салалары:таным, шығармашылық. Бөлімі:ҚМҰҚ.

Тақырыбы:Тәулік бөліктері.

Мақсаты:таңертең кеш, күн түн сияқты қарама-қарсы тәулік бөліктерін ажырату білігін қалыптастыру.

Міндеттері:тәулік бөліктерін балалар мен ересектер әрекетінің мазмұнының өзгеруі бойынша ажырата білуге үйрету; балаларды дайын пішіндерді суретке жабыстыру кезеңдерін сақтау тәсілдерімен таныстыру; жапсырмалармен жұмыс жасауда мұқияттылыққа баулу.

Күтілетін нәтижелер:

біледі: таңертең кеш, күн түн сияқты қарама-қарсы тәулік бөліктерін ажырату білігін қалыптастыруды;

түсінеді: тәулік бөліктерін балалар мен ересектер әрекетінің мазмұнының өзгеруі бойынша ажырата алуды;

қолданады: дайын пішіндерді дұрыс жапсыруды.

Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:көрнекіліктер: иллюстрациялар «Тәулік бөліктері», жұмбақтары бар сандық, бағдаршам суреті, «үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, бағдаршамға арналған жапсырмалар: шеңберлі оттар (қызыл, сары, жасыл).

Сөздік жұмыс: таңертең, күндіз, кеш, түн.

Билингвальды компонент:таңертең утро, күндіз день , кеш вечер, түн ночь.


ҰОҚ-нің барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі. Ғажайып сәт.

Педагогбалабақшаға келе жатып жолда пошташыны кездестіргенін айтады. Ол біздің топтың балаларына сандық әкеліпті.

Балалар, сандықты ашып, ішінде не бар екенін көрейік.

Сандықтың ішінде суреттер бар, бірақ оларды білімнің арқасында алуға болады екен.

2.Негізгі кезең «Сөйлемді аяқта» ойыны.Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма.

Педагог балаларға сөйлемді аяқтауды ұсынады: жауаптан кейін сандықтан керекті суретті алып шығады.

Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал түскі асты ... ішеміз. (күндіз)

Таңғы асты таңертең, ал кешкі асты ... ішеміз. (кешке)

Күн күндіз жарқырап тұрады, ал ай ...

(түнде)


Біз түнде ұйықтаймыз, ал жаттығуды ... жасаймыз.

(таңертең)

Сосын баланы шақырып фланелеграфта суреттерді дұрыс қоюды ұсынады: таңертең, күндіз, кеш, түн.

Педагог балалардан дәптердін суреттегі әр тәулік бөлігін атауды және саусағымен көрсетуін сұрайды.

Сөздік жұмыс: таңертең, күндіз, кеш, түн.

Билингвальды компонент: таңертең утро, күндіз день , кеш вечер, түн ночь.

«Айырмашылығын тап» ойыны. (2-тапсырма)

Педагог балалардан суретке мұқият қарауларын сұрайды.

Балалар, бұл сандықтар бір-біріне өте ұқсас. Олардың айырмашылығын таба аласыңдар ма?

Кәне, балалар, қандай айырмашылық таптыңдар?

Жекелеген балаларға көмек көрсетеді.

Сергіту сәті: «Күн түн».

Ойын шарты: «Күн» дегенде, балалар жүгіріп ойнайды, «түн» дегенде –ұйықтап қозғалмай қалады.

«Шамдарды жақ» ойыны (3-тапсырма.)

Фланелеграфтан бағдаршам суретін көрсетеді, оның үш жарық көзі бар екенін айтады: ең жоғарыда қызыл түсті, ортасында – сары, астында жасыл түсті.


Педагог өлең оқып береді:

Бас көшеде қырағы,

Үш көзді дәу тұрады.

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп біл үш сөзін. Тоқта!


Сақтан! Жол ашық!

Жүрме жолға таласып,

Қызыл көзін ашқанда,

Сабыр сақта, баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергін, жасқанба. (Ә. Табылдиев)

Педагог балаларға сұрақ қояды:

Бұл өлең не туралы? Балалар, дәптердегі бағдаршамның суретіне қараңдар.

Суретте неше бағдаршам бар?

Оның неше көзі бар екен?

Олар қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?

Олардың түстері қандай?

Педагог:

Балалар, бағдаршамның көздері сөніп қалыпты. Енді оны түрлі түсті жапсырмалардың көмегімен жағуымыз керек.

Бағдаршамға көздерін жағуға көмектесеміз бе?

Онда тәрелкедегі дөңгелектерді(сары, қызыл, жасыл) алып, бағдаршамның төменгі көзінен бастап жағамыз.

3.Рефлексия.

Педагог қорытынды жасайды.

  • Сендер қандай тәулік бөліктерін білесіндер, оларды атаңдар. Балаларға фланелеграфтағы айтқан тәулік бөліктерінің суреттерін табуды ұсынады. Содан кейінтәулік бөліктеріндегі балалар мен ересектер әрекетінің мазмұнын сұрайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2020
5857
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі