Материалдар / Тауылсіздік ұланымын атты эссе
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тауылсіздік ұланымын атты эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал студенттерге,оқүшыларға, мүғалымдерғе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Маусым 2021
233
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тәуелсізелдің ұланымын»

Тәуелсіздік- тұғыры биік ұғым.
Тәуелсіздік- қазақ халқының асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі! Тәуелсіздік- ортақ жеңіс! Тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып отырып, оның қалай ашы жолмен келгенін де білеміз. Сонау алмағайып тарихи кезеңдерді еске алсақ, әр қазақтың жүрегі «Мен қазақпын»- деп асқақтап тұрары рас. Ғасырлар бойы ата- бабамыз аңсаған тәуелсіздік қымбатқа түсті. Осынау баға жетпес бақытқа жету жолында талай көз жас, ащы тер, ыстық қан ақты.

Алаш ардақтыларының өз өмірін құрбан еткені естен кетпес ерін еңбек еді. Жер бетіндегі қарапайым тірі жандарға зер салсақ та, олардың өз бетімен ешкімге бағынышсыз тіршілік етіп жатқанын байқаймыз, тіпті көк байрағымыздың символы болған қыран құста аспанда еркін самғағысы келеді.

Америка Құрама Штаты құрылып, өз тәуелсіздігін иемденгенде, біздің ел елдігіміз үшін жоңғар- қалмақпен соғысып жатты. Қазақ халқының іргесі сөгіліп, бірлігі мен ынтымағы кетпеуі жолында дала заңгерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер тер төкті. «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Бірлігі жоғары елді жау алмайды»- деген қазақ халқының мақалдарыда халқымыздың қашанда жұмыла бірлесіп ел тізгінін өзгеге бермегеніне дәлел бола алады. ХХ ғасырда еліміз үшін өзінің қанды қылышын сүйретіп жетті. Бейбіт өмір орнап, жағдайымыз түзелді- ау деген шақта еліміз Кеңестік биліктің қатал ықпалына түсті. Сонда- да тайынбай, еңсесін түсірмей тәуелсіздік алатынына сенімін жоғалтпаған ержүрек халқымыздың арасынан шыққан зиялы қауым өкілдері биліктің бұрыс жақтарын беттеріне басып, кемшіліктерін әшкерелеп, мемлекеттің еркіндігіне қол жеткізуге әрекет еткені үшін өлім жазасына дейін кесілді. Мұны құлағымен естіп, көріп отырсада өзге жастар айтқанынан қайтпай, батыр баба ұрпағы екенін танытып, туған жерін өз жанынан биік қойды.

1991 жылы еліміздің басшысы, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланып, еліміздің шынайы тарихының беттері ашылды, егемен ел азаматтарының құқықтарын, мемлекеттік заңдарын анықтайтын Конституция қабылданды. Ұлттық валютасы, әнұраны, туы және елтаңбасы пайда болуы, көгінде еркін шарықтаған қыран Қазақстанның бағынышты емес екенін дәлелдейді. Тіл ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт сананың өзегі емес пе? Осыны ескерген көреген Елбасымыз мемлекеттік тілді қазақ тілі деп бекітті. Тәуелсіздік алуымыздың арқасында қаншама жыл бойы езгіге түскен ана тіліміз қайта жаңғырды. Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғанда, осы дүние есігін ашқан күнәсіз пенделердің төл бесіктен жер бесікке дейін өз қалауынша тіршілік ету бақыты пайда болды емес пе? Сол бақытты жандардың бірі- менің де осындай мемлекетте өмір сүруім маған жарқын болашақ сыйлайды. Таяудағы жылдарда біз барлық күш- жігерімізді нақ осы жұмыс барысына шоғырландыруымыз қажет. Айтқанда, бұл үшін мынадай өзекті мәселелерді шешуге- мемлекеттік бастауларды нығайтуға, құқықтық қоғам орнатуға, жаңа технологиялық, құрылымдық, институттық негіздегі толыққанды ұлттық нарықтың қалыптасуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Біз үшін алдағы жұмысымыздағы басты саяси аспектілердің бірі мемлекетті нығайту болып табылады. Жалпы алғанда, бұл әлемдік өркениет тәжірибесінің заңды тұжырымы: терең дағдарыстармен сілкіністер дәуірінде мемлекеттің реттеуші ықпалын күшейтудің объективті қажеттілігінен пайда болады. Негізгі жалпыұлттық басымдықтардың қатарына түбегейлі әлеуметтік- экономикалық реформаларды жүзеге асыруды қосқан жөн. Бұл- қазіргі Қазақстанның тәуелсіздік алуындағы өзекті мәселе. Өйткені, Қазақстанның соңғы он жылдықтардағы дамуын өте күрделі де ауқымды жұмыстармен сипатталып отыр. Міне, сондықтан- да жаңа экономикалық көзқарасты қалыптастыру бүгінде айрықша орын алады. Ең алдымен, бұл оның реформалар барысын жеделдетуге ықпалымен байланысты. Идеялар плюрализміне, құқықтық қоғам идеологиясы меншік пен шаруашылықты жүргізу формаларына көзқарастар бейнесінің нақ өзі.

Шынайы нарықтық тетіктер мен әлеуметтік бағдардағы көп укладты нарықтық экономика құруды біз өз алдымызға стратегиялық мақсат етіп қоюымыз керек. Яғни біз жеке адамның экономикалық бостандығы мен экономикалық мүддесі талассыз болып табылатын осындай қоғам құру жолын таңдап алуымыз керек.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды «Мәңгілік ел» деп атады. Бұл Қазақстанның экономикасы өрлеп, дамыған ел қатарына қосылатындығын дәлелдейді. Тіпті, «Қазақстан» атауы «Қазақ елі» деп өзгерту керектігі туралы пікірге келуіміздің өзі тәуелсіз, еркін ел екендігіміздің нышаны.

Мәңгілік елдің тірегі жастар екенін Мағжан Жұмабаев атамыз «Жастарға» деген өлеңінде:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты-
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!- деп болашақ ұрпаққа үлкен сенім артқан. Иә, бүгін біз еркінбіз! Еркін елдің болашақ тірегіміз. Аяулы ата- бабаларымыз қол жеткізген Тәуелсіздіктің әрбір арайлап атқан таңы біз үшін бақыт, әрбір мерекесі- ұмытылмас ұлы күн.

Ел ертеңі, ұлт болашағы біз- бүгінгі күннің жастары. Сондықтан,елімнің патриоты ретінде Қазақстанның жарқын болашағы мен ата- бабаларымыз аманат еткен елдің дамуы үшін бар күш- жігерімді жұмсап, аз да болса үлесімді қосуға тырысамын, еліміздің болашағы жарқын болатындығына сенемін!





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!