Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Таза ауа-денсаулық кепілі"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мазмұны
Кіріспе.
Ауа – өмір тіршілігі.
Негізгі бөлім
1.Ауаның құрамы.
2.Ауаның қасиеттері.
3.Іс жүзіндегі ауаға экспримент.
4.Ауаның ластануы.
5.Өскемен қаласының экологиясы.
6.Таза ауа – денсаулық кепілі.
Қорытынды.
Таза ауа –болашақтың арманы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Абстракт
Тақырыбы: «Таза ауа – денсаулық кепілі»
Зерттеудің өзектілігі
Тіршілікті ауасыз көз алдыңа елестете
алмайсың. Оны өмірдің
күретамыры дейміз. Расында да солай. Онсыз өмірдің мәні қандай?
Адамзат баласы, бүкіл тірі ағза
ауа болмаса тіршілік мәні
де болмас еді.
Олай
болса еліміздің болашағы – жас ұрпақтың көздерін
ашып, көкіректерін оятып,
оларды жеріміз, табиғатымыз үшін жаны ашитын жер
– анамызға ашкөздікпен
қарайтындармен күресуге тәрбиелеуіміз керек. Тіршілік аясы және оның ластануын алдын
алуды мақсатым деп ойлаймын."Таза
ауа-денсаулық
кепілі" дейді
халық мақалы.Ауа туралы қанатты сөздер,мақал-мәтелдер
барлық халықтар тілінде бар. Олар әр тілде әр түрлі айтылғанымен,
бәрінің мағынасы "ауасыз
тіршілік жоқ" деген ұғымға
саяды.
Зерттеудің болжамы
Оқушылар ауаны тазарту
әдіс-тәсілдерін оқып , сыныптан тыс зерттеу жұмыстарын
жүргізсе. Адамның десаулығы, қоршаған
ортаның берекесі тікелей таза ауаға байланысты. Табиғат
атмосферасы, азық-түлік өндірісі, және әлемдік экономикалық даму
түгелдей дерлік ауаға байланысты. Халқымыз ата заманнан бері жерін,
табиғатын, таза ауасын, суын қадірлеп , қасиет тұтқан . Кейінгі
ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбиелік мұрағат қалдырған.
Ауа тазалығы- денсаулық кепілі. Біздер еліміздің
болашағы осыны насихаттап, жеткізуіміз
керек.
Зерттеу мақсаты
Таза ауаның тіршілікте алатын орны, ластамау жолдарын анықтап, жолдарын табу.Ауаның баға жетпес байлық екенін біле отырып, оның қасиетін, құрамын тәжірибе жүзінде зерттеу.Оны қастерлеу, қадірін терең түсініп , келер ұрпаққа сақтау. Қатарластарыма табиғат ұғымының мәнін ашып, түсіндіру. Табиғатты аялау , сүюге тәрбиелеу.
Зерттеудің міндеттері
-
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын игеру
-
Ғылими әдебиеттерді басшылыққа ала отырып, ауаның кейбір физикалық қасиеттерін сипаттау
-
Ауаны тазарту тәсілдерін оқып - үйрену
-
Зерттеу жұмыстарының дағдыларын игеру
Гипотеза
Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы ,аяулы бесігі құтты қонысы , өсіп - өнетін мекені . «Ауадай қажет» - деген ұғымы тереңде жатқан сөзді негізге ала отырып, ластауға жол бермейміз.
Зерттеу кезеңдері
-Зерттеу жұмыстары жарты жылға арналған.
-Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, міндеті айқындалып, мәтінмен жұмыс жүргізілді.
-Картотекалар жинау, ғылыми материалдармен жұмыс.
-Сөздіктер жасау, модель, жоба құру.
-Архивтегі құнды материалдарды жинақтау, саралау.
-Зерттеу жұмысы жинақталып, қорытынды жұмыс жүргізу.
-Мектепішілік ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама жасалынды.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы
-Зерттеу нысанына айналып отыруы.
-Ауаның маңыздылығы толық, ғылыми тұрғыдан зерттелді.
Зерттеудің теориялық және тәжірбиелік маңызы
Ауаның адам өмірінде алатын орнын көрсету. XXI ғасырда ауаның маңыздылығын жоғары деңгейге көтеруді шындыққа шыңдау. Бұл жұмысты ауаның сырын, қасиетін түсінем дейтін оқушыға қолдануға болады.
Зерттеу әдістері
Зерттеуде баяндау, салыстыру, жинақтау, әдістері арқылы қарастырылады.
Зерттеудің құрылымы
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе
Ауа - өзіне тән ерекшеліктері
бар ерекше тіршілік ортасы. Тіршілікті ауасыз көз алдыңа елестете
алмайсың. Оны өмірдің күретамыры дейміз. Расында да солай. Онсыз
өмірдің мәні қандай? Адамзат баласы, бүкіл тірі ағза ауа болмаса
тіршілік мәні де болмас еді. Олай болса
еліміздің
болашағы – жас ұрпақтың көздерін ашып, көкіректерін оятып, оларды
жеріміз, табиғатымыз үшін жаны ашитын жер – анамызға ашкөздікпен
қарайтындармен күресуге тәрбиелеуіміз керек. Тіршілік аясы және
оның ластануын алдын алуды мақсатым деп ойлаймын."Таза
ауа-денсаулық кепілі" дейді халық мақалы.Ауа туралы қанатты
сөздер,мақал-мәтелдер барлық халықтар тілінде бар. Олар әр тілде әр
түрлі айтылғанымен, бәрінің мағынасы "ауасыз тіршілік жоқ" деген
ұғымға саяды. Ауа. Үш ғана əріптен құралған осынау мөлдір газда
тіршіліктің көзі жатыр.Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне
айналған ауа туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.
Ғалымдардың айтуынша, расында да ауаның қасиеті өте мол. Адамға
табиғат берген байлықтың бірі — атмосферадағы ауа. Өзге табиғи
байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс.
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамьп келе жатқан
Қазақстанда ауа тазалығы үшін күрес маңызды роль
атқармақ.
«Көрінбейтін сиқыршы». Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ, күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайынды екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты, терезені ашты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жөнелгенін көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршыны көрмесең де күнделікті ісі, мінез-құлқы бізге таныс. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.Ол - ауа. Жер шарының айналасын ауа қабаты қоршап тұр. Ауа жерді күндіз қатты ысып, түнде қатты суып кетуден сақтап, зиянды күн сәулелерінен қорғайды. Күн сәулелері ауа қабатынан өткенде, зиянды заттардан тазартады. Ауа – физикалық дене. Физикалық дене заттардан тұрады. Ауа – газдардың қоспасы. Оның иісі де, түсі де жоқ. Сонымен қатар ауа сығылады және серпіледі.
Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде ауаның маңызы зор. Таза ауа – халық байлығы. Адамзат та, табиғат та ауасыз өмір сүре алмайтындығы ақиқат шындық.
Ауырып ем ізденгенше,
Ауырмаудың жолын ізде.
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын,
жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да
сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады.
Келісеміз.
Ел Президентінің "Қазақстан -
2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – "Қазақстан
азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты”
тармағында,"…азамат-тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы
және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін”
азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі
көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз
осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы
мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу
басты талап етіп қойылған.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын
ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар
жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.
"Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін
айтылмаған.
Жастар! Қарамаңдар жай ғана
Теңдесі жоқ туған жердің тағдырына.
Таза ауаны ластамау міндетіміз
Сонда ғана бақытты өмір сүреміз.
Негізгі бөлім
-
Ауаның құрамы
Ауа көкшіл, жеңіл қозғалатын сұйық зат. Ол жер атмосфераcын құрайтын, негізінен азот пен оттегінен тұратын газдар қоспасы. Жер шарын жан-жағынан біртұтас, қалың ауа қабаты қоршап тұрады. Оның құрамында 78 пайыз азот, 21 пайыз оттегі, ал қалған 1 пайызында әртүрлі газдар бар.
Адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетінде таза ауаның алатын маңызы ерекше. Адам бір тәулікте шамамен 1 кг. тамақ ішеді, 2 литрдей су ішеді, ал одан әлдеқайда көп мөлшерде, шамамен бірнеше мың литр, немесе 25 кг-дай ауа жұтады. Адам тамақ ішпей бірнеше апта, су ішпей-бернеше күн шыдай алады. Ал ауасыз тек бірнеше минут қана өмір сүруі мүмкін. Сол себепті де халықта:"Ауадай қажет" деген нақыл сөз бар.
-
Ауаның қасиеттері.
Түсі бар көрінбейтін,
Біртұтас бөлінбейтін.
Тынысы ол тірліктің,
Ешқашан жерінбейтін.
Қайда барсақ та, теңізде, құрлықта, тауда, жер астындағы үңгірлерде барлық жерде ауа болады. Егер ауа болмаса, әуе қатынасы, үйді жылыту, басқа да көптеген адам өмірі үшін қажетті жағдайлар болмас еді.
Жер қабатының ең негізгісі ауа қабаты-атмосфера. Атмосфера қабаты
рет-ретімен орналасқан тропосферадан, стратосферадан, мезосферадан және термосферадан тұрады.
Жер бетіндегі барлық тіршілік тек қана тропосфера қабатында өтеді. Онда
бұлттар, жауын-шашындар, желдер болып тұрады. Жоғары көтерілген сайын
су булары және оттегі азая бастайды.
Альпинисттер биік таулардың басына шыққанда оттегінің жетіспеуіне арнайы оттегімен қамтамасыз етілген масканы пайдаланады.
Адам өміріне таза оттегінің шамадан тыс болуы зиян келтіруі мүмкін,
сондықтан арнайы баллондардағы таза оттегімен көп тыныс алуға
болмайды. Оттегінің тым артық болуы өрт қаупін туғызуы мүмкін.
-
Іс жүзіндегі ауаға экспримент.
Тәжірибе:
• Шарды үрлеп, бүйірінен қысу - бұл ауаның сығылуы.
• Допты еденге ұру,қайтара ыршуы - бұл серпілуі.
• Шырақты жағып оны банкамен жабу - ауа тұншығады,жануды
тоқтатуы.
• Стаканға су құйып,бірер минут қойсақ,оны қабырғасынан бүршіктер
пайда болғанын көреміз,бұл ауа.
Эксперимент № 1
Үш литрлік екі бос банка алып аузын жауып, біреуін +15 градус жерге,екіншісін -15 градустық жерге қойып, екі күннен кейін екеуіне бірдей уақытта бірдей мөлшерде газ түтінін жібердім. Сонда, +15 градустық жерде тұрған банкадағы газ тез тарқап араласып кетті, ал -15 градустық жерде тұрған банкаға жіберілген газ баяу тарқады.
Осыдан жасалатын қорытынды: жылы ауада газ алмасу процесі суық ауаға қарағанда тез жүреді.
Эксперимент № 2
-10 градус және +10 градус жерге екі бөлек сиыр етінің бірдей көлемде кесіп, екі ыдысқа салып бір аптадан кейін қарап, өзгерісін байқадым.
Осыдан мынандай қорытындыға келдім, суық жерде тұрған ет сақталған, тек сырты кебірсіген, ал жылы жерде тұрған ет иістеніп, түрін, түсін өзгерткен, яғни көп өзгеріске ұшыраған.
Қорыта келе, мынандай шешімге келдім: жылы ауада зат алмасу процесі тез жүреді, ал суық ауада зат алмасу процессі баяу жүреді.
Мысалы, жанып тұрған шырақтың үстін стақанмен жаба қойсаң, шырақ стақанның ішіндегі ауа біткенше жанады да, сөніп қалады. Яғни, ауа тек қана дем алу үшін емес, ағаш, көмір, мұнай өнімдері, газ т.б. денелердің жануы үшін де қажет.
Ауа-өмір тіршілігі дедік, сол ауаның қандай қасиеттері бар? Ауаның келесідей қасиеттерін атап өтелік:
-
түссіз;
-
иіссіз;
-
мөлдір;
-
жылуды нашар өткізеді.
-
Ауаның ластануы.
Ауаның ластануы (гр. atmos — ауа) — әр түрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктері-нің ауаға қосылуы. Атмосфераны ластайтын негізгі көздер - автокөліктер, транспорттың басқа түрлері және өндіріс орындары, қала көшелеріндегі қоқыстар. Олар жер бетіндегі жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне және адамдардың өмір сүруіне зиянды ықпалын тигізеді. Адамның жұмысқа қабілеті төмендейді, тез шаршап қалатын болады. Басы ауырады, асқазан ішектері ауырады, қаны азаяды.Қоршаған табиғи ортаның ауа кеңістігі әр түрлі газдар қоспасынан құралған қара-көкшіл түсті шаң (түтін) басып тұрады. Мұндай жағдай, әсіресе үлкен қалаларда орналасқан зауыт, фабрикалардың мұржаларынан бөлініп шыққан қап-қара түтіндердің жиынтығы.
Ірі қалаларда ауаның ластануына, кейінгі кезде өте көбейіп кеткен, автокөліктерде үлкен әсерін тигізеді. Қалалардың ауа бассейнін ластауда автокөліктің үлес аймағы 70%-ға дейін жетеді және олардың улы газдарының көлемі де арта түсуде. Ал БҰҰ-ның деректері бойынша әлемде 1 млрд.-тан астам адам лас ауамен тыныс алса, жыл сайын 3 миллион адам ластанған ауаның кесірінен көз жұмады.
Осы жылы ауаға 185 мың тонна ауаны ластағыш заттар қосылған. Оның 161,3 мың тоннасы қалалардағы автокөліктердің еншісіне тиеді. Көлік түтіні құрамында бензинге қосылатын тетраэтил-қорғасынның жануынан бейорганикалық қорғасын да бөлінеді. 1 литр бензин құрамында 1 гр тетраэтилқорғасын болады. Бензиннің құрамына траэтилқорғасынды антидетонатор ретінде қосады. Тетраэтилқорғасынның жануы кезінде бөлінген қорғасын қосылыстары бүкіл планета атмосферасына таралады.
Сондықтан отынның таза түрін, табиғи және жасанды газды, электр энергиясын, биогазды пайдаланған жөн. Қаладағы және қаланың айналасындағы кәсіпорындарды жаппай табиғи газға көшірудің маңызы зор. Барлық жеңіл, жүк және жолаушы таситын көліктерді де газға көшірген тиімді. Ол үшін қаланың іші мен сыртындағы жанар-жағармай стансаларын жауып, олардың орнына газ стансаларын орнату қажет. Тағы бір айта кететін жайт, қала мен қала сыртындағы жайма базарлардың айналасы лас қоқысқа, әртүрлі тұрмыстық қалдықтарға толы. Осындай ауаның ластануына жол бермес үшін әр жерде шашылып жатқан қоқысты жинап, оларды өңдеп, пайдаға асыру керек.
-
Өскемен қаласының экологиясы.
Өндірісті қала – Өскеменнің экологиялық ахуалы мәз емес екені әлімсақтан белгілі. Эко-дерек
ШҚО статистика департаментінің хабарлауынша, 1489 мың тонна зиянды қалдықтың 147 мың тоннасы – ауаға шығарылатын зиянды заттар. Бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 5,9%-ға жоғары. Мәселен, Өскемен қаласының әрбір тұрғынына – 195 келі, Риддерде – 159 келі, Зыряньда – 106 келі, Семейде 90 келі уланған ауа тарайды екен. Өскемен қаласының ауасы жылдан-жылға ластанып барады. Мұның салдары қала тұрғындарының денсаулығына орасан зор зиян келтіруде. Жыл сайын адамдар шамамен 200 келідей әртүрлі зиянды қалдықпен тыныстайды. Соның ішінде кәсіпорындардан шығарылатын заттардың үлесі баршылық. Соңғы жылдары зауыттардан бөлінген улы заттардың рұқсат етілген шекті көлемі сақталмай отыр. Мысалы, оның көлемі рұқсат етілген нормадан аспауы керек болса, бізде бұл көрсеткіш 10 пайызды құрайды. Ауаның әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте-бірте түпкілікті мутагенді өзгерістср тудыратыны анықталып отыр. Осындай құбылстардан қала ішіне күн сәулесінің ультракүлгін сәулесі жетпейді. Осыған байланысты қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар көбейіп кетеді. Олар неше түрлі көз, тері өкпе дерттерін адамдарға дарытады. Адамдар көп мөлшерде ауруға шалдығады. Әсіресе тұмау адамдарды әбден әлсіретіп жібереді.
Иә, мемлекеттің баға жетпес байлығы – халық, оның денсаулығы. Ата Заңымызда солай деп жазылған. Ендеше, түтінге тұншыққан тұрғындардың жайына көз жұма қарамағанымыз абзал.
Алайда эколог маманның мына пікірімен кейбір әріптестерінің келіскісі жоқ. Олардың ойынша, мемлекет пен кәсіпорындардың ымыраласып атқарған іс-әрекеттерінің арқасында Өскеменнің ауасы жыл сайын жақсарып келеді. «2008-2010 жылдарға арналған ШҚО қоршаған ортаны қорғау» өңірлік бағдарламасының аясында Өскемен қаласына шарт бойынша жоспарға сәйкес 2010 жылы облыстық бюджет қаражатынан 54,6 млн. теңге бөлінді, олар жыл қорытындысы бойынша 100 % мөлшерінде игерілді.
Қазіргі уақытта экологияны жақсарту бағытында көптеген іс атқарылып жатыр. Заң талаптары да күшейтілген. Мәселен, «Қазцинк» ЖШС, «ТМК» АҚ, «ҮМЗ» АҚ сияқты ірі кәсіпорындарда өндіріс қалдықтарын бірнеше сатылы сүзгіден өткізіп барып, сыртқа шығаратын талаптарға сай тазартқыштар орнатылған. Бақылаушы органдармен қатар, қоғам өкілдері де зауыттардың жұмысын қадағалап, қалдықтардың зияндылығын анықтауға ат салысуда. Бұдан бөлек, қосымша тексеру бекеттері жұмыс істейді, олар әр сағат сайын қаланың экологиялық жағдайы туралы деректер беріп тұрады.
Exclusive журналы анықтаған зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, еліміздегі экологиясы ең нашар, ластанған аймақ «атағын» Шығыс Қазақстан облысы «жеңіп» алған. Соның ішінде үш бірдей ірі кәсіпорынды бесігінде бөлеген Өскемен қаласының алатын орны ерекше. Демек, қаланың экологиялық жағдайын қалпына келтіруге қарекет жасау – күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Өнеркәсіптердің өнімі өз алдына, ал адамның өмірі – ең басты құндылық.
Осындай экологиялық қиын жағдайларды ескере отырып, республикада айналадағы табиғи ортаны сауықтыру шаралары да іске асырылып жатыр.
Қолданып жаткан экологиялық шаралардың нәтижесінде оны республика қалаларында атмосфералық ауаның шамадан тыс ластануы байқалып, соның нәтижесінде көптеген автомобильдер газ отынға көшірілген, содан ұлттық экономикалық бағдарлама жасалып, оның көлікатаулының барлығын тазартқышпен жабдықтау, мұнай және газ орындарын экологиялық талаптарға сай игеру қарастырылған.
Эколог ғалымдардың пікірінше республикамызда жыл сайын атмосфераға бес млн. тоннадай лас заттар шығарылады екен. Осы жағдайлар ауаны ластай отырып, жауын-шашынмен, қармен араласып су қоймаларына, топыраққа,топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарлар мен адамдарға тарайды.
Өнеркәсіп өндірісінен шыққан улы қалдықтарының көбейе түсуі айналадағы ортаға, халықтың денсаулығына да үлкен қауіп төндіріп келеді.
Сондықтан бізді қоршаған табиғи ортаны сақтау, оны ластанудан қорғау әрбір адамның міндеті. Қазақстан Республикасы адам еңбегінің, тұрмысы-ның, демалысы мен денсаулығының, өмірінің ең жақсы жағдайын қамтамасыз ету,материалдық өндірісті одан әрі жаңа тұрғыда дамыту үшін атмосфералық ауаның қолайлы жайының сақталуына, оны қалпына келтіріп, жақсартуға зор мән береді және осы орайда бірқатар құқықтық шараларды жүзеге асырады. Құқықтық шаралардың ішінде «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ерекше орын алады.
Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңның міндеттеріне ауаны таза сақтау және оның жайын жақсарту, адамдардың денсаулығы мен өміріне,халық шаруашылығы мен өсімдіктер, жануарлар дүниесі үшін атмосферада залалды зардап туғызатын химиялық, физикалық, биологиялық және өзгеде зиянды ықпалды болғызбау және оны азайту мақсатындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдылықты нығайту жатады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдар қатарына Қазақстан Республикасында «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заңы жатады. Онда атмосфералық ауаны қорғау туралы мемлекеттік жүйелердің қызметі мен атмосфералық ауаны қорғау туралы бірнеше ережелер бар.
Рая РАХИМОВА, Шығыс Қазақстан облысы Ана мен бала орталығының директоры экологиялық жағдайды бағалауда ең бірінші адамдардың денсаулығы тұруы тиіс екендігін, сондықтан тез арада сауықтыру шараларын қолға алу қажеттігін жеткізді. ҚР педиатрия және хирургия ұлттық ғылыми орталығының бірлесе отырып жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде топырақтың ауыр металмен ластануы қалыпты жағдайдан Өскеменде 10 есеге жоғары. Сол сияқты топырақтың мырышпен ластануы – бес есеге, жеміс-жидектер мен көкөністердің, сүттің қорғасынмен ластануы 3,2 есеге көп. Кішкентай балалардың тырнақтары мен шашындағы қорғасын мен мырыштың құрамы 1,5 есе артық. Өскемендегі өндірістік қалдықтардың әсерінен балалардың бронхалы демікпесі мен онкоауруларға шалдығуы өсіп келеді. 2011 жылдың алғашқы жартысында онкоаурулардан екі бала қайтыс болды. Егер бұлай жалғаса берсе, адамдардың денсаулығына үлкен қауіп төнуі әбден мүмкін. Сонымен, қаланың ауасы неге лас? Дүниеге келіп жатқан сәбилер арасында кемтарлық дерті неге көп? Себебі, қалада экология талаптары сақталмайды. Көшелер тар болғандықтан, таза ауа массасы өте алмайды. Сондықтан да ауырып ем іздегеннен гөрі осындай жайларға жіті көңіл бөлгеніміз дұрыс секілді.
Сыныпта 19 оқушы бар. Дәрігерлік анықтама қағазбен сабақ босатылған оқушылар санын сынып жетекші және мектептегі дәрігермен сұхбаттаса отырып анықтадым. Қыркүйек айында 3 оқушы тұмау аурымен, қазан айында 5 оқушы суық тию, тұмау ауыруымен, қараша айында 6 оқушы осындай ауырулармен тамақтары ауырып, ыстықтары көтерілген.
Қала территориясына ауылдық
округына кіретін Ахмер, Жаңа Ахмер, Ново-Явленка, Самсоновка,
Меновной, Ново-Троицк, Прудхоз
ауылдары 770 ₸ - Сатып алу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
тақырыптармен дайындаймыз