Таза болса табиғат, аман болар адамзат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Таза болса табиғат, аман болар адамзат

Материал туралы қысқаша түсінік
4 класс
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырып Таза болса табиғат, аман болар адамзат__

Құндылық Ақиқат

Қасиеттер:ар-ұждан, намыс, қамқорлық , жанашырлық,адалдық,

Мұғалiм

Класс4 сынып Оқушылар саны____


Сабақ мақсаты:

Оқушыларға адам мен табиғаттың үйлесімді жаратылуының өзі ақиқат екенін ұғындыру.


Міндеттері:

  • табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін қалыптастыру;

  • Оқушылардың бойына қамқорлық, жанашырлық, адалдық қасиеттерін дамыту;

  • табиғатты аялауға, тазалық сақтауға тәрбиелеу.


Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.

  2. Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы Аяғанованың «Табиғатпен тілдессем» атты өлеңін оқып, талдау.

Сұрақтар:

1 Табиғат туралы не білеміз?

2 Қалай ойлайсың, неліктен өлеңде адам мен табиғатты егіз деп бейнелейді?

3 «Ол ауырса сенің де ауырғаның,

Ол сауықса сенің де сауыққаның» дегенді қалай түсінер едіңдер?

4 Табиғатпен тілдесуге бола ма?

  1. Дәйексөз.

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.


Шыңғыс Айтматов

Дәйексөзді хормен оқу,қайталау

Дәйексөздің мәнін ашу.

Табиғат адамзат баласы үшін ең қасиетті ұғым. Өйткені ол адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы іспетті. Табиғат-Ана деуімізде содан. Табиғат пен адам өте тығыз байланысты.

Бұдан нағыз ақиқатты көруге болады.


  1. Әңгiмелеу

Аңыз әңгіме «Жайнап өскен гүлдің құпиясы»

Ш. АМОНАШВИЛИ

Мамасы Ергеннің бөлмесіне ыдысқа отырғызылған екі гүлді әкеліп, терезесінің алдына қойды.

Күнде суарып тұр, олар саған қуаныш сыйлайды – деді мамасы.

Ал Ергенге бір гүл ұнады да, екінші гүл ұнаған жоқ.

Ол ұнаған гүлін суарған кезде іштей: «Қандай керемет гүл...Мен сені жақсы көремін.» деп ойлап суаратын. Ал ұнамаған гүлді суарған кезде: «Бұл жаман гүл. Босқа суарып жатырмын. Мамамның көңілі үшін суарып жүрмін , әйтпесе терезеден лақтырып жіберер едім!» деп іштей ұрсып тұратын.

Осылай бірнеше ай өтті.

Бір күні мамасы бір гүлдің жайнап өсіп келе жатқанын, ал екінші гүлдің солып бара жатқанын байқады да, баласынан:

-Неге бұлай? Әлде біреуін дұрыс суармадың ба?- деп сұрады.

-Екеуін де бірдей суарып жүрмін - деді баласы.

Мамасы солып бара жатқан гүлді өз бөлмесіне апарып қойды да, оны мәпелеп, күтіп: «Мен сені емдеймін. Әлі керемет болып өсесің.» - деп күлімсіреді. Суарған сайын көз алдына: осы гүлдің иісі аңқып, жайнап гүлдеп, жайқалып өсіп тұрған кезін елестетіп тұратын.

Мына ғажапты қараңыз, мамасының жақсы ойы жүзеге асып, қуанышқа кенелді. Солып жатқан гүлдің жанданып, жайнап өсіп тұрғанын көрген Ерген:

-Мама, сен бұл гүлдерге не істедің? – деді.

-Өзім де білмеймін! – деп жауап берді мамасы.

Бұл құпияны тек ыдыстағы топырақ пен әдемі гүлдің өзі ғана білетін. Бірақ олар айта ала ма?!

Сұрақтар:

  1. Мамасы баласының бөлмесіне гүлдерді не үшін әкелді?

  2. Ерген гүлдерді қалай суарды?

  3. Гүлдердің әртүрлі болып өсуіне не әсер етті?

  4. Солып қалған гүлдің жайнап өсуінің құпиясы неде деп ойлайсыңдар?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.


Балаларды 2 топқа бөлеміз. Баяу музыка ойнайды.

Өлең шығару.Табиғат туралы төрт жол өлең шығарып көр.

Әр топ өз жұмысын қорғайды

Балаларға өз нұсқамды оқып беруге болады.


Таза болса табиғат, аман болар адамзат

Таза ой болса әрқашан, ісің сенің ғаламат

Отбасында, мектепте тазалыққа үйретсе,

Үлкен жүгі ғасырдың ұстаздарға аманат.


  1. Топпен ән айту.


Біз өмірдің гүліміз


Сөзі Ә Дүйсенбиевтікі

Әні Б.Ғизатовтікі


Зеңгір көктен

Нұрын төккен

Ортақ біздің күніміз.

Жайдары өскен,

Жайнап өскен

біз өмірдің гүліміз.


Бал достыққа,

Жолдастыққа

Шақырады әніміз,

Тыныштықта,

Нұр құшақта

Бақыттымыз бәріміз!

  1. Үй тапсырмасы.

Оқулықтағы 32 сабақ. 152 беттегі «Алтын балық» ертегісін оқып, талдау.

Дәптердегі 31 сабақтағы тапсырма беріледі.

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Жай музыка қойылады.

Құрметті оқушылар жайланып отырып, көздеріңізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңізді еске түсіріңіз.

Табиғаттың әсемдігінен адамның жандүниесі керемет ләззат алатынын сезініп көр. Бүгінгі сабақтың жақсы сәттерін жүрегіңізге түйіп алыңы




Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы, Болдырев ауылы

Болдырев негізгі мектебі

Тлекқабылова Римма Сабырғалиқызы

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2017
576
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі