Таза бұлақ. Ыбырай Алтынсарин

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Таза бұлақ. Ыбырай Алтынсарин

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу. Қысқа мерзімді жоспар.


Күні: 16.02.17

Ыбырай Алтынсарин. Таза бұлақ

Оқушыларға Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мағлұмат беру, әңгіменің мазмұнын жан - жақты ашу.
Ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына тоқталу, әңгіменің тақырыбы мен идеясын, мазмұнын меңгерту; Дүниетанымын, ойлауын, өзіндік көзқарасын, таным процестерін дамыту. Сөз саптауын жетілдіру

Дүниетанымы, ойлауы, өзіндік көзқарасы, таным процестері дамыды. Сөз саптауы жетілді

«Әдебиеттік оқу» оқулығы, қосымша хрестоматия, суреттер, флипчарт, маркерлер, стикер, қапшық, сандық бейне

СТО стратегиялары: «Ыстық орындық», «Бес жолды өлең», «Түртіп алу». Венн диаграммасы, постер

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

(3 мин)


Білу

(7 мин)

Ұжымдық психологиялық іс - әрекет.
«Тілектер бұрышы», мұнда оқушылар мұғалімнің бағыттауымен бүгінгі сабақта бір - біріне

1. 1 сөйлемнен тілек айтады.
2. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.
3. Жаңа сабақты активтендіру кезеңі.

Шаттық шеңберін қүру: «Бәрімізде бір жүрек»


Оқушылар 1-1-ден «Ыстық» сұрақтар қояды, жауап алады.

Тұсау

кесер





Ой қозғау.

Оқушыларға Ы. Алтынсариннің портретін көрсетіп, мынадай сұрақтар қоямын.
1. Оқушылар, бұл кімнің портреті?
2. Бұл кісі жөнінде не білеміз?
Мағынаны тану кезеңі.
а) Оқушылардан Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы жинап әкелген мағлұматтарын тыңдаймын.

Сұрақтарға жауап береді

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Алтынсарин ауданында дүниеге келген. Ата - анасы жастай қайтыс болған ол нағашы атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болады. Ол немересін 1850 жылы Орынбордағы орыс - қазақ мектебіне береді. Оны 1857 жылы Ыбырай үздік бітіріп шығады да, халыққа қызмет етуді бастайды. 1864 жылы алғаш рет Торғайда мектеп ашады. 1879 жылы Орынборда «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын шығарды. 1889 жылы 48 жасында ауыр науқастан қайтыс болды.
Өлеңдері: «Өзен», «Жаз»
Әңгімелері: «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейтқұл», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш».

Негізгі бөлім

Түсіну

(10 мин)


Сергіту сәті

(2 мин)



Қолдану

(10мин)



Талдау

(3 мин)



Мәтінмен жұмыс.

Басты проблема – әңгіменің неліктен «Таза бұлақ» аталуы?
Әңгіменің мазмұнын ауызша баяндап, түсіндіру.
Оқушылардың өз бетімен жылдам әрі мәнерлеп оқу жұмысын жүргізу.
Сөздік жұмысы.
Топпен жұмыс.
1 - топқа тапсырма:
Мәтінге жоспар құрғызу.
1. Бұлақ басындағы үш жолаушы.
2. Тасқа жазылған жазу.
3. Бірінші жолаушының пікірі.
4. Екінші жолаушының сөзі.
5. Жас жігіттің сөзі.
6. Тастағы жазудың мәні.

2 - топқа тапсырма:
Рөлдік ойын.
Әңгімені рөлге бөліп оқу.
3 - топқа тапсырма.
Зертте.
Әңгіменің тақырыбы не жайында?
Жоба қорғау.
Адам, бұлақ сөздеріне ассоциация жасау.
Бұлақ -------------- Адам
«Менің де айтарым бар»
Оқушылар, осы мәтіндегі таста жазылған сөзге сен қандай пікір білдірер едің? Өз ойларыңды ортаға салыңдар.
Мақал - мәтелдерді оқып, мағынасын ашыңдар.
Берілген мақалдардың қайсысы мәтін тақырыбына, айтар ойына сәйкес келеді?
Өмірмен байланыс.
Біз қандай болуымыз керек? Пікір алмасу.

Оқушылар жауабы.




Ғибрат алу – үлгі алу.

Әр топ берілген тапсырманы орындайды

















Жақсы адам – елдің ырысы,
Жақсы сөз – жанның тынысы.

Жақсы болсаң, жердей бол, бәрін шыдап көтерген.
Таза болсаң, судай бол, бәрін жуып кетірген.

Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.


Қоры-

тынды бөлім.


Жинақтау(4 мин)

Ой толғаныс.

«Су – тіршілік көзі» тақырыбында шағын шығарма жазу.
4. Білімді бекіту.
«Бақытты сәт» ойыны.
1. Ыбырай Алтынсарин кім?
2. Ыбырайдың туған жері?
3. Ол кімнің тәрбиесінде болды?
4. «Таза бұлақ» әңгімесінің тақырыбы?
5. Үш жолаушы бұлақ басынан нені байқады?
6. Әңгімедегі жолаушының қайсысының сөзі көңілге қонымды?
Үйге тапсырма.

Әңгімені оқып, мазмұндау.
6. Бағалау


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.08.2018
921
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі