"Тазалық - денсаулық кепілі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тазалық - денсаулық кепілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

 Тазалық - саулық кепілі

Тақырыбы: Тазалық –саулық кепілі.

Мақсаты: мәдени-гигиеналық дағдылардың маңыздылығы туралы

                 білімдерін бекіту. Өз-өзіне қызмет көрсете алу және                                                 

        салауатты өмір салтын ұстанып, күн тәртібінің сақталуы

                 туралы  білім беру. Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Көрнекіліктер: тазалыққа керекті заттардың суреттері ( сабын, сүлгі, тарақ, тіс щеткасы, тіс пастасы) бояу, банер.

Сөздік жұмыс: Дені саудың- жаны сау. Салауатты өмір салты.

             Тәрбиеші:



Жарқырап күн ашылды,

Айналаға гүл шашылды.

Біз нәзік қыздармыз,

Біз ержүрек ұлдармыз.

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге жүрсін бүлдіршін.

Қыз қолында гүл тұрсын,

Ер қолында ту тұрсын.

Қайырлы таң балалар

 Балалар бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз тақырыбы «тазалық-саулық кепілі».

Біз бүгін тазалық дегеніміз не? Не таза болу керек?дені сау адам қандай болады?  деген сұрақтарға жауап іздейміз.

Тазалық  ең алдымен адамның жеке басының тазалығы жатады. Оған күнделікті әрекеттерге күн тәртібін белгілеп сол бойынша жұмыс жасасақ біз таза да үлгілі бала бола аламыз. Ол  үшін таңертең ұйқымыздан оянғаннан кейін беті қолымызды тазалап жуып, тісімізді арнайы тіс пастасымен тіс щеткасымен жуып,  ұйқыашар жаттығуын жасау керек және осы әрекеттерді күнделікті әдетке айналдыратын болсақ, біздің деніміз сау болып өседі.  Балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін табуға тырысыңдар.



Ертемен күнде сен, қолыңа суйкесең.

Кетіп кір ласың, тап-таза боласың

Бұл не?

Шомылған баланы аймалап алады,

Сүртеді қолыңды, сүртеді жоныңды.

Бұл не?

 Сонымен қатар адамның бойында дене тазалығымен қатар ой тазалығы болуы керек.  Ой тазалығы дегеніміз- адам тек өзіне жақсылық жасап қана қоймай, өзгеге де жақсылық жасай білуі керек. Ешкімді ренжітпей, кішіге қамқор бола білу керек. Нәзік жанды қыздарды қорғап жүруіміз керек. Ойымыз таза болса айналаны қоршаған орта табиғатты да ластамаймыз.  Балалар қараңдаршы менің қолымда колбада таза су бар, оған мен көк бояуды қосайын су көк түске боялды, бұл біздің мөлдір суымыз, енді осы мөлдір суға қара бояуды қоссам, су лайланып нашар түске енді. Міне балалар табиғатқа да қамқар керек екен. Біздің мөлдір, таза суымызға қоқыс, қалдық суларды төгетін болсақ таза суымыз лас суға айналады екен. Сондықтан біз өз бойымызды ғана емес, сонымен қатар табиғат  тазалығында сақтай білуіміз керек. Балалар мына видео көрініске қарап шығып, өз ойларыңды айтыңдар. Тазалық жайында бидео сюжетті көрсету және балалардың ойын тыңдау. Мына қыздың жасаған ісін дұрыстайсыңдар ма? Жоқ, әрине. Біз табиғатқа қоқыс, жеген тәттілеріміздің қабығын

.Сергіту сәті:

Сабындадық құлақты,

 Атқан шақта жаңа таң.

Міне қандай қолымыз,

Міне қандай алақан.

Соқтық міне алақан,аяғымыз билейді

Қуанғанда алақан алақанға тимейді.

                            Күтілетін нәтиже

Біз не білдік?

  • Күн тәртібін сақтау денсаулыққа пайдалы.

  • Адамның тек қана тәні таза болмауы керек , оның ойы да, жаны да таза болуы керек.

  • Тазалық болған жерде денсаулық болады. Таза жүруге әдеттен.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.00.2018
1171
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі