Тазалық-денсаулық кепілі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тазалық-денсаулық кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас мамандарға көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Дені саудың жаны сау

Мектеп:

Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды орта мектебінің бастауышы сынып мұғалімі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Омирбег Айкерим

Сынып: 1

Қатысқандар саны: 22

Қатыспағандар саны: 4

Сабақ тақырыбы

Тазалық -денсаулық кепілі


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.4.1 жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсінеді

Көптеген оқушылар: үйде және мектепте жеке бас гигиенасын біледі.

Кейбір оқушылар: жеке бас гигиенасы ережесін құрастыра алады

Бағалау критерийлері

Жеке бас гигиенасының құралдарын атайды;

Жеке бас гигиенасына қатысты тәртіп

ережелерін анықтайды.

Гигиена сақтаудың қажеттілігі туралы

әңгімелейді.

Тілдік мақсаттар

гигиена, тазалық

Құндылықтарды дарыту

үйде және мектепте жеке бас гигиенасын таза ұстауға баулу.

Пәнаралық байланыстар

бейнелеу өнері

Бастапқы білім

Тазалықтың не екенін біледі





Сабақтың барысы





Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

1 минут


3 минут







3 минут

Ынтымақтастық атмосфера

Қайырлы күн достым,

Күлші қане, достым.

Қайырлы күн болсын!

Бүгінгі күн міне,

Күлші қане, достым.

Сәттілікке толсын!

2.Топқа бөлу: Оқушыларды ортаға шақырып үстелде тұрған қима суреттерді алу ұсынылады. Қима суретте жазылған орамал, сабын,тіс щетка суреттеріне байланысты топқа бөлеміз. Солай оқушылар 3 топ болып әр топқа орналасады.

Видео көрсетемін

Видеоға байланысты топпен талқылап ортаға салу.

Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Тазалық -денсаулық кепілі

Мақсатымыз: жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіну



Қима суреттер









onlinemultfilmy.ru/mojdodyr/


Сабақтың ортасы

5 минут





5 минут




15 минут

(Ұ) Оқулықтағы тапсырмаларды орындату.

-Балалар туралы не айта аласың?

-Не үшін тазалық сақтау қажет деп ойлайсың?

-Қайсы баланың іс-әрекеті дұрыс?

Сергіту сәті

Жеке бас гигиеналарын ым-ишарамен көрсету ұсынылады. Мысалы: күнделікті тіс тазалау; шаш тарау, қол жуу, бет жуу.

Топта орындалатын тапсырма:

3 топқа тапсырмалар ұсыну.

  1. топқа Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды бояйды және лас бала мен таза баланы салыстырып суретін салады.

  2. Калиаграмма құрастыру

Сырттан келіп үнемі,

.......мен қол жуамыз,

Жақсылап шайып аламыз

........мен сүртеміз

Таза болды мұнтаздай,

Тағамға қол созамыз.


3-топқа гигиена ережесін құрастыру

Топ бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды.

Оқулықпен жұмыс

82-83 беттер





Сабақтың соңы

3 минут







5 минут













5 минут




Ойын: «Не өзгерді ойыны»

Үстел үстіне тіс шеткасы, сабын, орамал, доп, қасық, қалам жатады.Бір оқушыны ортаға шақырып заттарды қарап алу сұралады.Көзін жұмғызып қай заттың орны өзгергенін анықтатау.


(ҚБ)

Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.


Әр адамның жеке бас гигиенасына арналған өз заттары ________________,

_________________, _________________ болуы керек. Гигиена сақтау

________________________________ көмектеседі.

Тірек сөздер: орамал, тарақ,тіс щеткасы, денсаулықты нығайтуға.

Дескриптор

- сөйлемдерді толықтырып жазады.


Балалар сонымен біз бүгінгі сабағымыздың мақсаты жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіну еді?

Жеке бас гигиенасы дегеніміз не?

Жеке бас гигиенасының маңыздылығы неде?

Жеке бас гигиенасын сақтау үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Рефлексия

«Бағалау ағашы» әдісі бойынша балалар кері байланыс жасайды






Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздің техникасының сақталуы


Қабілеті төмен оқушыларға көмектесіп, дарынды оқушыларға қосымша тапсырмалар бердім



Бас бармақ әдісі, Бағалау ағашы

Ширату ойындарында қауіпсіздік техникасын сақтау ескертілді.

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2020
483
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі