Материалдар / Тазалық-таза баланың досы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тазалық-таза баланың досы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал балабақша тәрбиешілеріне және бастауыш сынып мұғалімдеріне өте қажет.Балалардың тазалық,жеке бас гигинеасы туралы ойын дамыту, күн тәртібіне үйретіп дағдыландыру,тазалыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2018
4175
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Тазалық – таза баланың досы»

Мақсаты:

Білімділік: Тазалық туралы әңгіме жүргізу арқылы, оқушылардың тазалық туралы ойларын кеңейту мақсатында, сөйлеу қабілеті мен танымдық деңгейін аттыру,сөздік қорын байыту. Өз-өзіне қызмет көрсете алу және  салауатты өмір салтын ұстануға, тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.

Ойлау,есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Дамытушылық: Балалардың тазалық,жеке бас гигинеасы туралы ойын дамыту, күн тәртібіне үйретіп дағдыландыру.

Тәрбиелік: Денсаулықтарын, тазалықты сақтауға тәрбиелеу. Дені сау,шымыр болып өсуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  ноутбук, слайд,тазалық заттары(леген,су құйғыш,орамал, сабын,тіс пастасы ,т.б.), шарлар,гүлдер. 
Әдіс-тәсілдері: Дидактикалық ойындар,сұрақ-жауап, сөйлесу, түсіндіру,дәлелдеу,сергіту сәті.

Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші: -Ал балалар, алдымен сәлемдесіп алайық,бір - бірімізге жылы жүзбен қарап қуаныш сыйлайық.
Шаттық шеңбері 
Амандасу үлкенге 
Тәрбиенің басы ғой 
Ал,қанекей бәріміз 
Сәлем дейік үлкенге 
Сәлеметсіздер ме ұстаздар! (Балалар хормен)

 
Ұйымдастырушылық- ізденістік

С.Қалиұлының «Үлгі» өлеңінен үзінді оқимын. 
-Кім жек көрер мысықты 
«Ылғый бетін жуады» 
Деп, тәтеміз мысықты 
Бізге үлгі қылады. 


-Балалар, өлеңде не туралы айтылған.Қалай ойлайсыңдар?

- Не үшін бізге мысықты үлгі қылады?
-Ия,балалар мысық ылғый бетін жуады, тазаланады.Тазалық туралы айтылған.

- Балалар, бүгін біз тазалық, әрқайсымыздың жеке басымыздың тазалығы туралы сөз қозғаймыз.

Мақсат қою:

- Ал,сендер тазалықты жақсы көресіңдер ме? 

Олай болса бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тазалық-таза баланың досы».


Тәрбиеші:
- Балалар,тазалық дегенді қалай түсінесіңдер,тазалық сөзін айтқанда ойларыңа не келеді? Тазалық дегеніміз күнделікті қолымызды жуу,тіс тазалау,жуыну.Таза жүрсек ауырмаймыз.
«Тазалық- денсаулық кепілі» -деп бекер айтпаса керек.

Кірқоймастың хатымен танысу:

-Қараңдар, балалар! Бізге электронды пошта арқылы хат келіпті .Хат кімнен келгенін білгілерің келеме? Олай болса балалар тездетіп хатты ашып корейік.Ішінде не бар екен?, маған да қызық болып тұр.

Тәрбиеші хатты ашып балаларға оқып береді.

Қымбатты балалар!!!

Сендерге хат жолдап отырмын.Хатта жұмбақтар жасырылған.Дұрыс жауабын тапсаңдар,тазалықтың достары кім екенін білесіңдер.Сендерге сәттілік.Ізгі ниетпен Кірқоймас.

Хат Кірқоймастан келіпті.Хатта қызықты жұмбақтар бар секілді.Жауаптарын тауып көремізбе?


Шомылған баланы

Аймалап алады

Сүртеді қолыңды

Сүртеді жоныңды

Бұл не? (Сүлгі)


Аузы жоқ,көзі жоқ

Тілі жоқ,сөзі жоқ

Бірақ та тісі бар

Шашыңменен ісі бар

Бұл не? (Тарақ)


Жайшылықта жекесің,

Қарай қалсаң,екеусің.

Бұл не? (Айна)



Дымқылдап күнде сен

Қолыңды сүйкесең
Кетіп кір,ласың,
Тап-таз боласың.

Бұл не? (сабын)


Жарайсыңдар балалар! Жұмбақтардың жауабын дұрыс таптыңдар, сонымен тазалықтың достары кім екен?Аттарын атап,ұстап көрсетеміз,не үшін қолданылатынын айтамыз.Енді оларды қалай пайдалану керек екенін білеміз бе? (балалардың жауабы)

Қане балалар олай болса тазалық бұйымдарын тәжірибе жүзінде пайдаланып көрейік.

«Қол жуу» ережесін көрсету

Ортаға бір бала шығып,тәрбиешімен бірге қолды қалай жуу керектігін көрсетеді.

-Жеңді түріп,қолды сулап аламызда жақсылап сабындаймыз.Алақанды, саусақтардың арасын жақсылап сабындап жуып,таза сумен шаямыз, құрғатып орамалмен сүртеміз.

Ертеде үйге қонақ келгенде кісілердің қолына үйдегі балалар құманға су құйып, кішкентай жез легенмен келіп, су құйған. Сонда үлкен кісілер су құйған балаға батасын берген. Мәселен, «Ғұмыр жасың ұзақ болсын, балам!» — деп айтқан.

«Жақсы және жаман әдеттер» атты ойыны

Ал қазір балалар сендерге «Жақсы және жаман әдеттер» атты ойынды ойнауды ұсынамын.

Ол үшін екі топқа бөлінеміз.Бірінші топ жақсы әдеттерді,екінші топ жаман әдеттерді тауып ,мына балалардың айналасына жапсырамыз. (тіс тазалау,тырнағын мүжу,кір киіммен жүру,киімді жуу,лаймен ойнау,жуыну,кір қолмен жеу,жаттығу жасау.)

-Қай баламен дос болғыларың келеді?

-Таза жүретін баламен ба әлде,кірқожалақ,жуынбайтын баламен ба?

(балалардың жауабы)

-Жарайсыңдар балалар! Олай болса балалар бойларыңа тек қана жақсы әдеттерді қалыптастыруға дағдыланыңдар.Таза жүруге әдеттеніңдер.


Сергіту сәті

(бейнефильм арқылы қимылдар жасау)


 Жарайсыңдар, балалар! Шамалы дем алдық, енді тақырыпты талдауды жалғастырайық. 


Д/ойын: «Не артық»

Тазалық затына жатпайтын артық затты табу. (Слайдпен жұмыс)


Д/Ойын: «Қатені тап»

Сөйлемнен қате кеткен сөзді тауып,дұрысын айту.

«Қолымды орамалмен жудым»

«Шашымды сабынмен тарадым»

«Тарақпен жуындым»

«Тіс щеткасымен сүртіндім»


Балалар, денсаулықтарың жақсы болу үшін үнемі таза болып жүрулерің керек. Шаштарыңды тарап, тырнақтарыңды алып отыру керек, киімдеріңді де ұқыпты ұстау керек. Сонда денсаулықтарың жақсы болып,сабаққа деген күш-қуаттарың көп болады. Мен сендерді ұқыпты, тазалықты сүйетін оқушылар болады деген сенімдемін.

Рефлексиялық-түзетушілік -Балалар сендерге бүгінгі тәрбие сағатымыз ұнады ма? 

-Балалардың жауабы.
-Олай болса тазалық заттарына қандай заттар жатады екен? Есімізге түсірейікші қане.
-Ия .Тарақ,сабын,сүлгі,тіс щеткасы. 

-Деніміз сау шымыр болу үшін ең бірінші не қажет екен?

-Бастысы жеке бас тазалығы.

Мадақтау Өте дұрыс айтасың.Жарайсыңдар, балалар!. 

- Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.Сау болыңыздар.!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!