Театр әр балаға қуаныш
ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын,еліктеуі мен
қиялын дамытады. Әлемдегі бірінші балалар театры Мәскеуде 1918 жылы
қараша айының 6 күні ашылған. Оның ұйымдастырушысы, ал кейіннен
көркемдік жетекшісі Н.И.Сац болған.
Мектепке дейінгі балаларды
тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде
театр ерекше орын алады. Сахналандырылған
ойындар
желілі рөлдік ойындардан тек
желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау
іс-әрекетінің
сипатымен ерекшеленетіні
айқындалған.Сахналандырылған ойындар ойын қойылымдары болып
саналады,өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға
ие, сондықтан балалар кейіпкерлерді ойнайды.Онда нағыз театр
өнеріндегідей айшықты құралдар көмегімен – дауыс ырғағы,бет
әлпетінің өзгеруі,қол қимылдары,жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелер
қалыптасады.Мектепке дейінгі ересек балалардың өзі театр ойындарын
өз бетінше ойнамайды.Олардың қызығушылығын, тәрбиешінің ұсынысы
бойынша және басқаруымен болатын сахналау ойындары
арттырады.Егер
де бірінші сәбилер тобынан
бастап, балалар тәрбиешінің көмегімен халық әндері мен кішігірім
тақпақтарды, жұбату өлеңдері кіші сахна көріністерін ойнаса, екінші
сәбилер тобында театрдың ойыншықтарын пайдалана отырып, мұны одан
әрі жалғастырса, онда ересектер тобында театр іс-әрекеті өз бетінше
болуы да мүмкін.
Балалар беске қараған жасында,
театр іс-әрекеті үрдісінде, рөлдерді орындау барысында өзіндік жеке
ерекшелікті енгізуге белсене
ұмтылады.
Мектепке дейінгі ересектер
жасында балаларды көркемдік-бейнелік айшықтықтың амалдарына арнайы
үйрету мүмкіндігі туады.Осы жаста сахнаның әр түрін пайдалана
отырып, іс-әрекетінің үзінділерін балаларды әңгімелеуге үйрету
сабақтары жүйесін кіргізуге болады. Қарапайым шығармалардан
кереметтей сахналық көрініс жасауға болады. Сахнада жүру,сөйлеу,
тұру,өзін-өзі білу, сыйлау мәдениетіне үйренеді.Рөлді атқару арқылы
бала жағымды әдет, жақсы қасиеттерді ажырата білуге
үйренеді,өзі
жаман нәрсені қайталамауға
тырысады.Осылайша жан-жақты тәрбиеленген бала бар жаттаған,
оқыған,естіген білгендерін өмірде кездесетін түрлі жағдайда да
орынды қолдана білуге тырысады.
Нағыз театрдың өзінен көрген,
сондай-ақ өздері қойған сахналық ойындар балалардың ой-өрісін
кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы
ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді.Бұның бәрі
сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге, өзі алған
әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге себебін
тигізеді.
Балалар театрының бірнеше
түрлері бар.Ең көп тараған түрі- ойыншықтар театры.Қысқа
тақпақтарды жаттап,оны өзіне тән орындау кезінен
бастап-ақ
кішкене спектаклдер ойнала
бастайтыны белгілі.Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар
орындайды. Театр түрлері:
Ойыншықтар театры.
Саусақ театры.
Көлеңке театры.
Картиналар театры.
Қуыршақ театры.
Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту
неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың
эстетикалық талғамын дамыту соғырлым табысты болады.Тіпті
кішкентайлар тобынан бастап-ақ
тақпақ пен қысқа өлеңдері айтқызғанда көркем
сөздер әсерлі естілуі үшін
стол үстіндегі театрды, қысқа сахналы
постановкалар көрсетуді қолдана берген жөн.Балалар бақшасында
өтілуге тиісті көркем шығармалардың көбі әсіресе қосымша өтілуге
тиісті шығармалар көрсетілген әдістердің біріне сай инсценировкалау
мүмкін.
-
Бірінші кезеңде балалар ұжым болып, ертегі мәтінін ауызша
айтады.
-
Екінші кезеңде ертегінің барлық кейіпкерлері үшін оқып щығу
бір балаға ұсынылады.
-
Үшінші кезеңде балалар бірнеше шығармашылық тапсырмаларды
орындайды.
-
Төртінші кезеңде рөлдерге бөліп, ертегіні оқу жүзеге
асырылады.
Сәндік безендіру шығармашылығы үрдісінде балалар
ойлау, ойын дамыту және қиялдау мүмкіндігіне ие болады, мұның бәрі
орындалатын бейнелердің мәнді болуына қолайлы әсер етеді.Театр
балалардың көркем қабілеттерін жетілдіріп қана қоймай оларды
тұлғааралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын
арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында
өзіне деген сенім артып,алғашқы қол шапалақтауларды сезіне
алады.Қалай десек те тетр- балалар үшін мереке,демалыс орны.Баламен
бірге тетрға барып,оның алғашқы әсері мен қуанышын бөлісу ата-ана
үшін зор бақыт деп білеміз.Ал осындай бақытқа жол ашу біздер,
тәрбиешілер үшін үлкен табыс.
Қуыршақ театры кішкентай балаларға алғашқы театр
ретінде ұсынылады,себебі ол басқасымен салыстырғанда өзінің
табиғаты жағынан
Кішкентай балаларға жақын да түсінікті.Бұл
театрдың сахнасында балалар
өздеріне таныс және сүйікті қуыршақтарын,
ойыншықтарын немесе суреттерін көре алады.
Қуыршақ театры ересек әртістер ойнайтын театрдың
алдында ерекше орын алады.Мысалы, сахнада қойылып жатқан «Қасқыр
мен жеті лақ » ертегісінде
қасқырдың образына кірген актердің шыға келуі
алдыңғы қатарда отырған балаларды шошытып, олар орындықтарының
астына тығылып қалған.Ал осы ертегіні қуыршақ театрында
тамашалағанда ең кішкентай балалардың өзі
тып-тыныш қызыға көрген,тіпті қасқырға лақтарға
тиіспе ,-деп наразылықтарын білдірген.Көбіне кішкене балалар
ересектердің орындауындағы Аяз ата, қасқыр,аю кейіпкерлерінен
қорқады, ал ендғ осы кейіпкерлерді бейнелейтін ойыншықтармен бар
ынтасымен ойнайды.Театр өнері арқылы бала тек көркем әдебиет
шығармаларын ғана қабылдап қоймайды,сонымен қатар театр қуыршақтар
арқылы балаларды тәртіптілікке, адамгершілікке, эстетикаға,
тазаллыққа, ауызбірлікке, қамқорлыққа
тәрбиелейді.
Сурет театры – бұл иллюстративті театр.Онда
пьессаларды емес, әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің іс-әрекетін
көрсетеді.Бұл театрды 2-3 жастағы кішкене балаларға көрсетуге
болады.Кішкене балалар кітаптағы әдемі суреттерді тамашалағанды
жақсы көреді,ал енді осы суреттерді қимыл-қозғалысқа келтіріп
көрсетсе , балалар өте жақсы әсер алады.Ересек
топтарда
театр қойылымдарына балалар өздері қатысады.Бұл
іс-әрекетті бала үлкен жауапкершілікпен қабылдайды,балада өзіне
деген сенімділік пайда болады.
Драмалық ойын кезінде, ертегі кейіпкерлерінің
ролін бөлген кезде балалардың арасында көптеген келіспеушілік
туады.Оның себебі баланың жағымсыз кейіпкердің роліне таласып
қалуы,кейде сол рольді ойнай аламын ба?-деген сенімсіздіктің
тууы.Мұндай жағдайда тәрбиешінің көмегі,қолдауы, тапқырлығы
қажет.Театр балаларға жақсы көңіл күй қалыптастырады,әсерлермен
толықтырады, қызығушылықтарын дамытады,жалпы дамуы менэстетикалық
тәрбиесіне әсер етеді.
|