ТЕАТР ЖӘНЕ БАЛАЛАР

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТЕАТР ЖӘНЕ БАЛАЛАР

Материал туралы қысқаша түсінік
Театрлық әрекеттің тәрбиелеу мүмкіндіктері кең. Онда қатыса, балалар айнала әлеммен барлық алуан бейне, бояу, дыбыс арқылы танысады, дұрыс білікті қойылған сұрақтар оларды ойлауға, талдауға, қорытынды жасауға мәжбүрлейді
Материалдың қысқаша нұсқасы


ТЕАТР ЖӘНЕ БАЛАЛАР

Тәрбиеші: Бейсен Х

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

ШОРТАНДЫ АУДАНЫ

«БАЛДАУРЕН»БАЛАБАҚШАСЫ


Кәзіргі педагогика дидактикалықтан ақырын дамытушы болып келеді. Оңы қалай түсінуге болады? Ең алдымен, тек психологтар ғана емес педагог-практиктер әр баланың даму тұлғасында, оның шағырмашылық әлуеті, қабілеті, қызығушылығында өздерінің оқыту және тәрбиелеу әрекетінің нәтижесін көріп және сезіне бастайды.
Балабақшадағы театр әрекеті – бұл баланың шығармашылық әлуетін ашуына, тұлғаның шығармашылық бағытын тәрбиелеуге жақсы мүмкіндік.
Балалар айналадағы әлемде қызықты идеяларын байқап, олады іске асырып, өзіндік кейіпкердің көркем бейнесін жасауға үйренеді, оларда шығармашылық қиял, ассоциативтік ой, күнделікте ерекше сәттерді көруге білуі дамиды.
Театрлық әрекеттің тәрбиелеу мүмкіндіктері кең. Онда қатыса, балалар айнала әлеммен барлық алуан бейне, бояу, дыбыс арқылы танысады, дұрыс білікті қойылған сұрақтар оларды ойлауға, талдауға, қорытынды жасауға мәжбүрлейді. Өзіндік айтулары, реплика, кейіпкерлердің бейнелілігінің жұмыс үрдісінде балалардың сөздік қоры білдірмей артырыдады, тілдің дыбыстық мәдениеті, оның интонациялық құрылымы жетілдіреді.
Онымен қатар, ұжымдық театрлық әрекеті баланың тұлғасына біртұтас әсеріне, әрекет жасауға бағытталған, оның барлық мүмкіндіктерін белсендіре отырып; барлық жүргізуші психикалық үрдісінің дербестік шығармашылық дамуына; тұлғаның өзін-өзі тану, өз ойын білдіруіне себеп болады; баланың әлеуметіне жағдай жасайды, онымен қатар оның бейімделу қабілетін күшейтеді, коммуникативтік ауып кетуін түзетеді; қанағатандыру, қуаныш, елеулілік сезімдерін сезінуге көмектеседі.
Театр – балаларға арналған демократиялық және қолжетімді өнер түрінің бірі, ол замануи педагогика мен психологияның актуалды проблемаларын шешуге көмектеседі:
• балалардың көркемдік білім және тәрбиелеу;
• эстетикалыө сезімді қалыптастыру;
• адамгершілік тәрбиесі;
• тұлғаның коммуникативтік сапасының дамуы (вербалды және вербалды емес қатынас түріне үйрету);
• еркіндікті тәрбиелеу, ес, қиял, инициативтік, қиялдау, сөйлеу (монолог және диалог) дамыту;
• жағымды эмоционалды көніл күй жасау, кернеулікті түсіру, ойын арқылы келіспеушілікті жағдайларды шешу.
Театрлық әрекет тәртіптің әлеуметтік дағдының тәжірибесін қалыптастыруға көмектеседі, өйткені әр шығармашылық әдебиет немесе ертегіде балаларға арналған адамгершілік бағыты бар (достық, жақсылық, адалдық, өткірлік және т.б.). Ертегі арқылы бала әлемді ой мен ғана емес, жүрекпен сезеді. Сезіне ғана қоймай, адалдық пен зұлымға өз көзқарасын көрсете біледі.
Театрлық әрекет балаға әр-түрлі кейіпкерлердің атынан көптеген проблемалық жағдайларды шешуге көмектеседі. Бұл жасқаншақты, өзін-өзіне қорғаншақтықты, ұялшақты жеңуге көмектеседі.
Театрлық әрекет – балаға әсер ететін тиімді әдістерінің бірі, онда оқыту ұстанымы – ойнап оқыту – өте жарқын көрсетіледі.

Бағдарламаның мақсаты – театрлық өнердің тәсілдері арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндетті:
1. Театрлық әрекетте қатысушы балалардың шығармашылық белсенділігін арттыру үшін жағдай жасау.
2. Балалардың бейнені іске асыру және күйзелісін, сонымен қатар рөлді орындау білу әртістік дағдыларын жетілдіру.
3. Балаларда қарапайым бейне –бейнелеуші білігін қалыптастыру, ғажайып жануарлардың мінездеріне сәйкес қимылдарын ыммен көрсетуге үйрету.
4. Балаларды көркем-бейненің бейнелеуші тәсілдерінің элементтеріне үйрету (дауыс ырғағы, ым, пантомимика).
5. Балалардың сөздік қорын белсендіру, тілдің дыбыстық мәдениетін, интонациялық құрылымын, диалогиялық сөзді жетілдіру.
6. Әлеуметтік тәртіп дағдыларының тәжірибесін қалыптастыру, балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуына арналған жағдай жасау.
7. Балаларды театрдың алуан түрлерімен таныстыру (қуыршақ, музыкалық, жануарлар театры және т.б.).
8. Балаларда театрлық-ойын әрекетіне қызығушылықтарын дамыту.

Жұмыстың негізгі бағыты:
1. Театрлық мәдениетіне тарту.
(Театр жанрларымен, театр түрлерімен таныстыру).
2. Біртұтас педагогикалық үрдісінде театрлық әрекеттің байланысын қамтамасыз ету.
3. Театр әрекетінде үлкендер мен балалардың бірлесу әрекетіне жағдай жасау.
Екінші сәбилер тобынан бастап шығарылымға дейін балалар қуыршақ театрдың әр-түрлі түрлерімен танысады.
Естияр тобынан бастап қуыршақ қойылымы мен театр ойындарының жұмысын бірқатар еңгізіледі, қуыршақ қойылымы мен театр ойындарын бір тұтасқа біріктіріп. Бұл әрекет түрі (театрлық ойындары мен қуыршақ театрдың элементтері) бір уақытта балалардың жартсы театр қуыршақтарымен ойнайотырып, екінші жартысы драма театрдың қойылымына қатысады. Өзіне сезімсіз балалардың көбі қуыршақ театырын таңдайды, өйткені қуыршақ оларға шымылдық болып келеді, стресс жағдайда бала оның артына тығылуға ұмтылады.
Ересек тобында балалардың үш жылда үйренген қуыршақ жүргізу дағдылары бір театрлық ойында бірқатар жүйелі қуыршақ театрдың түрлерін біріктіруге рұқсат береді: үстел қуыршақтары, жоғарғы, марионетки, еденді, «тірі қолды» қуыршақтар.
Дайындық тобында театрлық ойындары кейіпкерлердің күрделі мінездерімен, мизансценаны өндеу қиыыншылықтарымен, басқаруда ең күрделі қуыршақтармен ерекшеленеді (тікенекті қуыршақтар, «тірі қолды» қуыршақтар, жұмсақ ойыншықтар, «адам-қуыршақтар»).
Педагогтардың театрлық әрекетіндегі бағытындағы жұмыс мақсаты – тәрбиеленушілердің өмірлерін қызықты және мазмұнды, жарық әсеріне толған, қызықты істермен, шығармашылық қуанышына толған жасау, балалар театрлық ойындарында алған дағдыларын күнделікті өмірінде қолдана білуге талаптану.
Мектепке дейінгі білім беру және оқыту бағдарламасы алуан бейнелеуші тәсілдерден келесіні ұсынады:
екінші сәбилер тобында балаларда қарапайым бейне-бейнелеуші білігін қалыптастыру (мысалы, ғажайып кейіпкерлердің – жануарлардың мінез-құлық қимылдарын ыммен көрсету); саусақ ойындарында қатысуға және таныс ертегілерін ойнау және сахналауына көнілін дамыту;
естияр тобында көркем-бейне бейнелеуші әдістерін қолдану — дауыс ырғағы, ым, пантомимика (қимыл, қалыпты, жүрісті); балаларды саусақ және тілдік ойындарда қатысуға тарту; театралдық әрекетіне, ойын-сахналауға және қуыршақ қойылымдарда балаларға лайықты қуыршақты «жүргізу әдісін» қолданып қатысуға көнілін дамыту;
ересек тобында көркем-бейнелік орындау білімдерін жетілдіру; балаларды саусақ және тілдік ойындарға белсенді қатыстыру; театрлық әрекетінде, ойын-сахналауда немесе қуыршақ қойылымдардабалаларға лайықты қуыршақты «жүргізу әдісін» қолдану;
дайындық тобында бейнені жеткізуде шығармашылық дербестікті, сөйлеу және пантомимикалық әрекеттін бейнелілігін дамыту.

Бағдарлама сабақты аптасына бір рет өткізуді болжайды.

Сабақ ұзақтығы: екінші сәбилер тобында 15 минут (жылына 36 сағат), естияр тобында 20 минут (жылына 36 сағат), ересек топтарында 25 минут (жылына 36 сағат), дайындық тобында 30 минут (жылына 32 сағат),
Бағдарлама сабақтар арасындағы байланысты іске асыруды есепке алғанымен құрастырылған.
1. «Музыкалық тәрбие» — балалар музыкада эмоционалды жағдайды тыңдауға, оны қимыл, ыммен жеткізе білуді үйрене отырып әуеннің мазмұны әлаун мінезді екенің белгілейді, ол кейіпкердің бейнесін, мінезін толық бағалауға мүмкіндік береді.
2. «Бейнелеу өнері» — балалар ертегі мазмұнына жақын суреттер репродукцияларымен танысады.
3. «Тіл дамыту» — онда балалардың анық, ашық дикциясы дамиды, жаңылтпаш, сөзтізбектер қолдана отырып артикулляциялық аппараттын дамыту жұмыстары жүреді.
4. «Көркем әдебиетімен таныстыру» — балалар көркем әдебиет шығармаларымен танысады, олар келешектегі қойылымның негізіне жатады.
5. «Айнала әлеммен танысу» — балалар қоғамдық өмірімен, айнала заттармен, табиғат құбылыстарымен танысады, ол театр ойындары мен жаттығуларының мазмұнына кіретін материал болып іске асырылады.

Екінші сәбилер тобының театрлық — ойын әрекеті (3-4 жас)
Міндеті:
• Балаларды театр түрлерімен таныстыру;
• Балаларда театрлық-ойын әрекетіне қызығушылығын арттыру;
• Балаларды эмоционалды әл-қуатын жеткізе білуге үйрету (ым, тұру, қимыл, қозғалыс);
• Диалог және монолог сөйлеуін дамыту, интонациялық бейнелілігін түрлендіру, балалардың дикциясына ерекше көніл аудару.

1. Театр түрлері:
• қуыршақ
• үстел
• би-ба-бо
• сахналау
2. Этюдтармен жұмыс:
• қимыл
• ым
• эмоция
3. Шығармамен таныстыру.
4. Сценалық қимылдармен жұмыс (би үйрету)
5. Өлеңмен жұмыс (өлең жаттау)
6. Саусақ ойындары (тәрбиешінің таңдауы бойынша)
7. Рөлдермен жұмыс (диалог, монолог сөйлеу, интонациялық бейнелілігі, дикция)
8. Қуыршақтарды жүргізу әдістерімен таныстыру.

«Ритмика» бөлімі
Сабақ үрдісінде балалар кеңістікті бағдарлауға үйренеді, оларда ой, зейін, шығармашылық қабілеті, қиял, қиялдау дамиды. Ритмика сабақтары халықтық әуендермен танымал балалар әнмен, әндермен қоса беріледі.

«Артикуляциялық жаттығу» бөлімі
Үйымның әр сабағында дайындық жаттығулары орындалады, оның мақсаты артикуляциялық мүшелердің дұрыс, құнды қимылдары өнделеді. Олар балалардың белсенді сөйлеуін қалыптастырып, дұрыс интонация мен дыбысталу жөнінде жұмыс істейді. Ұсынылған бағдарламада кең этюдтар қолданады. Сюжеттік ойынжағдайларда (этюдтарда) әр-түрлі мінезді кейіпкерлер бір-бірімен қарым-қатынаста болады, ал олардың қарым-қатынастарын, күйзелістерін жеткізетін әдіс сапасында қимылдар, дененің бейнелілік пластикасы қолданады.
Ұқсас тапсырмаларда балалар әр-түрлі қарым-қатынас моделдерімен танысады; бұл күнделікті өмірлерінде айналасында үлкендер арасында зерек байланыста болуға көмектеседі.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2023
367
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі