Театр-өмірдің боямасыз келбеті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Театр-өмірдің боямасыз келбеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада сіздер театр әлемімен жақыннан танысасыздар. Театр әлемі тұлғаның, ойын сараптауына, демалуына әсер ететін керемет орта. Театр әлемінде өмірдің шынайылығын көре отырып, демалып қайтуға,ерекше атмосфера сыйлауға мүмкіндік беретін таңғажайып орта...
Материалдың қысқаша нұсқасы

Театр-өмірдің боямасыз келбеті

Адам баласына күнделікті өмірден, жұмыстан бөлек демалу керек.

Себебі; демалыс адамның ойын жинақтауына, артық ойлардан арылуына өте жақсы септігіз тигізеді. Демалыстың түрлері өте көп.

Мысалы; театр әлемі, кино, музей, серуендеу, тауға шығу т.б

Көп адамдар демалған кезде тыныштықты, шынайылықты қалайды.

Сондай жерлердің бірі деп мен театр әлемін айта алар едім.

Театр әлемі-мәдениет пен өмірге деген жаңа көзқарастардың тамшысы.

Театр әлемінде адам көз алдында өмірдің шындығын қарай отырып, ойын жинақтай отырып, ерекше сезімге бөлене алады. Театр шынайылықты көрсете отырып, көрермендерден де шынайы эмоциялар күтеді.

Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы.

Театр әдетте өз заманының озық идеяларын бойына сіңіре отырып, ізгілік мұраттарын паш еткенде, ең бастысы адамның өмірлік және рухани ой-мақсаттары мен оның күрделі ішкі жан дүниесін терең де шынайы ашып бейнелегенде ғана ол өзінің жоғары көркемдік сатысына көтерілумен қатар қоғамдық-әлеуметтік міндеттерін орындай алады. Театрдың да өнердің өзге салалары секілді өзіне тән ерекшеліктері бар.

Олар; әдебиет, музыка,архитектура, би және мәнерлі амал-тәсілдерін бойына жинақтаған  өнер. 

Театр  адамды, қоғамды адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Театр ерте заманнан пайда болды. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынастарды көрсетті, мәдениетті көрсетті.

Жақында менде театр әлеміне саяхаттап келген едім.

Шынында театр әлемі мәдениеттің ортасы. “Тойы көп үй” атты қойылым маған ұнады. Қойылымның жеткізер ойы өте жақсы. Қойылымда ерлі-зайыптылардың қолдарынан келгенше басқа адамдарға деген жанашырлықтары мен көмектері көрініс тапқан. Одан бөлек көптеген өмір шындықтары да болды.

Мысалы; жақсылықтық адамға жақсылықпен қайтпауы, адамдар арасындағы түсініспеушіліктер, тасжүректік, ананың өз баласын тастап кетуі, баланың анасына деген мейірімсіздігі. Қойылымның көрерменге берер ойлары осындай болды. Бауыр еті баласын ойлаған ананы өз баласының тастап кетуі өте ауыр жағдай екені белгілі. Кейбіреулер, анаға зар болып жүргенде, адамдар өз бақыттарын қолдарынан ұшырып алғанын түсінбей жатады. Ананың өз баласын тастап кетуі де қазіргі қоғамда ауыр мәселелердің бірі. Қалайша адам өз туған баласын жай ғана тастап өмір сүре алады?

Тасжүректік, мейірімсіздік қазіргі таңда қоғамда көптеп кездесіп жататындығы өтірік емес.

Қойылымда ерлі-зайыптылар өз үйлеріне баласын тастап кеткен ананы, жұбайымен ұрысып кетіп қалған қызды алып келеді. Олардың кішкентай нәрестелері өз туған балалары емес еді. Сонда да олар бір отбасындай бақытты өмір сүріп жүреді. Жұбайымен сөзге келіспей, баласымен кетіп қалған қызға отбасы мүшелері жұмыс тауып беріп, көмектесіп, өз жұбайымен татуластырады. Өз баласын тастап кеткен жас ана нәрестесін алып кетуге келіп нәрестесін алып кетеді. Бұл отбасы мүшелеріне ауыр тигені айдан анық. Бұл мәселелерді театр әлемінде көре отырып өмір шындығына тағы да көзім жете отырып, мәдени ортада жақсы демалып келдім.

Маған жалпы театр әлемі ұнайтын болғандықтан, мен үшін бұл жақсы демалыс болды. Сіздерге де айтарым демалыс қажет болса театр әлеміне барып шынында демалып келсеңіздер болады. Театр сіздің өмірге деген жаңа көзқарасыңыз ды ашады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.03.2024
219
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі