театр түрлерін қолдану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

театр түрлерін қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі жасындағы баланы театр түрлері арқылы шығармашылық және парасаттылық қабілеттерін жан-жақты дамыту;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке  дейінгі балалардың  шығармашылық  қабілетін  театр  түрлерін қолдану  

арқылы  дамыту.


Негізгі мақсаты:

- Мектепке  дейінгі  жасындағы  баланы  театр  түрлері  арқылы  шығармашылық және  парасаттылық  қабілеттерін жан-жақты  дамыту;

 - Сөз  өнерін  қастерлей  білуге,  өз  білімін  көтеруге,  шешендікке баулу.

 -  Балалардың сөздік  қорларын  байытып,  жақсыдан  үйреніп,  жаманнан   жиренуге  тәрбиелеу;

 -  Театрлық  іс - әрекетті  ертегілерді  пайдалана  отырып – ойын  дамыту.

  Міндеттері:

-Балалардың тілін дамыту, сөйлеу  мәдениеті  мен  ой - өрісін,  дүниетанымын жетілдіру.

- Балаларды  адамгершілікке  баулу, ойын  нақты  тапқыр  сөйлеуге, ақылды,  салмақты  ой  айтуға  баулу.

- Баланың  қиялын  есте  сақтауын шығармашылық қабілетін  дамыту, ойдан  әңгіме,  ертегі  шығарып  айтуға  дағдыландыру..

.

    Балабақшадағы театрландырылған іскерлік бағдарламасы: 5 бөлімнен  тұрады.

  1. Театрландырылған ойын. Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі  ойын 3-ке бөлінеді:

- дамытушылық

- әсемділік

- театрлық.

  1. Ырғақтыиілгішті (ритмопластика)– бұған  кешенді (комплекст) ырғақтылық, музыкалық, иілгіштік ойындар  мен жаттығулар кіреді. Дене қозғалысының  нақтылығымен  еркіндігін дамытуда, өзінің  денесінің сыртқы  қоршаған  ортамен байланысқан  қарым-қатынасын сезінуге балаларды  эстетикалық, психологиялық  қабілетін  дамытады.

  2. Сөз мәдениеті  және техникасы. Ойындар мен жаттығулар  сөйлеу логикасы  мен  дикциясын  дұрыс артикуляциясын  меңгере  білуге, сөйлеу  құрлымын  еркін  айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл  бөлімге сөздермен айтылатын  ойындар  кіргізілген. Бейнелеу  арқылы сөйлетуін  дамыту, шығармашылық  фантазиясын  дамыту, шағын  әңгіме  және  ертегі құрастыра  білуге  үйретеді. Жаттығулар 3-ке  бөлінеді:

  • тынысалу  және  артикуляциялық

  • дикциялық  және  интонациялық

  • сөздермен  шығармашылық  ойындар.

  • Театр  мәдениеті: Балаларға  театр  өнерінің  шынайы сезімдерін меңгерту.  Бөлімнің  негізгі  тақырыптары: театр  өнерінің  ерекшеліктері,  театр  өнерінің  түрлері,  қойылымның  жасалуы,  сыртқы  және  ішкі  театр,  көрермендер  мәдениеттілігі.

  • Қойылыммен  жұмыс – жанама  бөлім,  авторлық саханалауға  негізделген.  Оған  кіретін  тақырыптар.

  • қойылыммен  таныстыру

  • қойылымды  мазмұндап,  талдау,  кейіпкерлендіру.

  • Қойылымға  қажетті  құралдар  дайындау. Көріністі  безендіру.

  • Дайындық

  • Қойылымды  саханалау.

Театрландырылған  ойынның  жіктелуі.


Драматизация                                                      Режиссерлық

 

   Драматизациялық  ойында  бала – артист,  интоноция,  мимика,  пантомима  арқылы  өз  бетімен  бейне  жасайды,  өзіндік  әрекет  етіп  рөлді  ойнайды.  Бұрыннан  жасалған  саханалық  қойылымда  бала  ойын – драматизациясында  қандай  бір  сюжетте  ойнайды.  Ойын  драматизациясы  көрерменсіз  музыкалық  сипаттағы  орындау  болады.

     Драматизация  түрлері: 

  • жануарлар, адамдар,  ертегілер  бейнесіндегі  кейіпкерлер  ойыны;

  • мәтін  бойынша негізделген  диалог,  маналог,  рөлдік  ойындар;

  • шығармашылық  көрсетілім;

  • бір  немесе  бірнеше  шығарма   арқылы  қойлым  қою.

 Ал  драматизация  ойынның  екі  түрін  қарастыруға  болады.

  1. Саусақтар  ойын  драматизациясы. Балалар  атрибуттарды  саусақтарына  киеді. Ертегінің  мәтінін  айта  отырып  саусақтарын  қимылдатып  сюжет  жасайды. Көріністі  ширманың  сыртында  тұрып,  немесе топта еркін  қозғала  жүріп  көрсетеді.

  2. Қуыршақ  бибабомен  ойын – драматизациясы. Бұл  ойында  саусақтарға  қуыршақ  бибабаоны  киеді.  Ширмада  ойнайды.  Бұл  қуыршақтарды  ескі  қуыршақтардан  жасауға  болады.

 

Режиссерлық  ойында   балалар  әрекет  етуші  бейне  болмайды,  өзі  режиссер  және  сахана  қоюшы  рөлінде  ойнайды, ойыншықтардың  орынында  болады. Мұнда  бала  қозғалмайтын  пішіндер  және  ойыншықтармен  әрекет  етеді,  сондықтан  ойында интонация  мен  мимика  ерекше  орын  алады.

 Балалар театырының бірнеше түрлері бар:

  • Ең көп тараған түрі-ойыншықтар театры -Бұнда  балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакельдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.

Жіптің  көмегімен  басқарылатын  қуыршақтарды – маринеткалар  дейді. Оларды  әр  түрлі  материалдардан  жасайды. Жұмсақ  ойыншықтарды да  қолдануға  болады. Мұндай  ойыншықтар  қозғалысқа  ағаш  таяқшалар  арқылы  келтіріледі, яғни  екі айқастырылған  ағаш  арқылы жіп  өткізіліп ойыншыққа  байланады. Қолмен  қуыршақтарды  басқарады.  Театр  қуыршағының  биіктігі  баланың  биіктігігіндей  болады. Бала  өзіне  кастюм,  үлкен  бетперде.  Үлкен  алақандар  киеді, олар  тірі  қуыршаққа  ұқсайды. Өздері  қуыршақты  жасауға  болады. Оның  негізі  болып  үш  бұрышты  орамалды  алуға  болады. Бір бұрышын  қуыршақтың  басына,  екі  бұрыштарын  резинка  арқылы  баланың саусақтарына  бекітіледі.  Қуыршақтың  басына  тесмалар  қосады,  ол  қуыршақ  пен  жүргізушінің  мойынына  ілінеді.  Бұл  қуыршақтар  балаларға  әнмен,  бимен, ойынмен  көрсету  арқылы  шығармашылықтарын  дамытады. Бұл  балалрдың  өздерін  еркін  сезінуіне,  өз  күшіне  сене  білуге  көмектеседі.

  • Саусақ  театрында– саусақтардың  көмегімен  қандайда  болмасын  ертегіні  немесе  өлең-тақпақ  шумағын саханалау  болып  табылады. Саусақ  театры  арқылы  баланың  сөйлеуге  деген  талпынысы,  қабілеті  дамып,  ынтасы  артады  және  шығармашылық  әрекетіне  жол  ашылады.  Саусақ  ойынын  ойнай  отырып,  балалар  қоршаған  ортадағы  заттар  мен  құбылыстарды,  жан-жануарларды,  құстарды  және  ағаштарды  бейнелей  алады.  Саусақтарының  қозғалыс  қимылына  қарап,  бала  қуанады  шаттанады,  сөз  айтуға  тырысады  және өлеңде  үйренген  сөз  шумақтарын  қайталап  айта  отырып,  есінде  сақтайтын  болады.  Сонымен  қатар  балалар екі  қолын  қимылдата отырып,  оң,  сол,  жоғары,  төмен т.б.  түсініктерді  бағдарлай  алуда  үйренеді.

  • Үстел  үстіндегі  театры -Сәбилер  тобынан  бастап-ақ  тақпақ  пен  қысқа  өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде  құламай  тұратын және  қозғалтқанда  еш  кедергісіз жүретін  ойыншықтар  қолданылады. Үстел  үстіндегі  қуыршақтар  театрдың  бірнеше  түрі  бар: әр түрлі  биіктегі конустан, цилиндрдан, қораптардан  жасалған  ойыншықтар;  таяқшадан  жасалған  театр; «киндер- театр»; магнит  театры; «мочалка  театр»; үстел  үстіндегі  кейіпкерді  тоқымадан  немесе  крючокпен  тоқуға  болады ( олар  өздерінің  формасын  ұстағандай  пластмас  бутылкаларға  кигізіп  қойады); ағаш  ойыншықтар,  саздан  жасалған  ойыншықтар (дымковски  ойыншықтар).

  • Суреттер (картиналар)  театры -Декорация  мен  кейіпкердің – суреттері. Олардың  әрекеттері  шектелген. Ойнаушының  дауыс  ырғағы (интонация)  арқылы  кейіпкердің  мінез-құлқы  беріледі.  Кейіпкер  әрекет  барысында  пайда  болады,  балалардың  қызығушылығын  арттырады.

  • Стенд-кітапша  театры -  Бірін-бірі  ауыстыратын  иллюстрациялық оқиғалар  көрсетіледі. Стенд-кітапшаның  беттерін  ашу  арқылы  жүргізуші  әр  түрлі  сюжеттерді  көрсеттеді (оқиғалар,  кездесулер ).

  • Фланелеграф  театры - Суреттер мен кейіпкерлер  экранда  көрсетіледі. Оларды  фланельдер  ұстап  тұрады. Мұндағы  суреттерді  балалар мен бірге  ескі  кітаптардан, журналдардан  қиып  алуға  болады.

  • Трафарет  театры -Трафарет театры  арқылы  сөз  құрамының  байлығын,  диалог,  монологты  дамытуға  болады.  Балалар  дайын  трафареттердің  көмегімен  болашақ  кейіпкерлердің  суреттерін  жасайды.  Оларды  түрлі-түсті  бояулармен  бояйды,  дайын  бейнелерді  қайшымен  қияды.  Бұл  жерде  балалардың  шығармашылық  ойлау  қабілеттері  дамиды. Ұжымдасып  жұмыс  істеу  үрдісінде  әрбір  бала  өзіне  берілген  бейненің  түр-тұлғасын,  қимыл- қозғалысын  өзгерте  алады.

  • Көлеңкелі  театр - Жарық  өте  жақсы  түскен  экранда  адамдар,  жануарлар және  құстардың  пішіндерінің   қозғалысына  қарауды  балалар  өте  жақсы  көреді. Ертегі, әңгіме,  өлең,  әндерді  көлеңке  театры  арқылы  айтуға  болады. Көлеңке  таетрдың  қойлымын  көрсетуге  үш  тәрбиеші  қатысады. Біреуі мазмұнын  оқиды,  екеуі  көріністі  көрсеттеді. Көлеңке  театрдың  сақанасы  экран  болады. Экранды  ағаштан  немесе  қалың  кардоннан  жасайды, ою- өрнекпен  өрнектейді. Кейіпкерлерді  көрсету  үшін – оны экранның  арт  жағынан  ұстайды. Кейіпкерлерді  қара  түспен  жуқа  кардоннан  жасайды,  жіп  арқылы  қозғалтады.  Кейіпкерлерді  көрсеткенде  қол  көрінбеу  керек. Бұл көріністер балалардың  шығармашылықтарын  арттырады,  ой  өрістері дамытады.

 






Театрландырылған  ойынның тізімдері


Тақырыбы

Мақсаты

1

Арыстан мен қоян

(Қойылым)

Арыстан мен қоян ертегісін мазмұнын әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру


2

Ақ тиін мен қасқыр

(Сахналау)

Ертегі мазмұнын әңгімелеу қабілеттерін қалыптастыру;балаларды қамқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу

3

Ақылды бала

(Ертегіні рөлде ойнату)

«Ақылды бала» ертегісін әңгімелеу арқылы мазмұнын қалыптастыру.Сөздік қорларын дамыту,түсініктерін әңгімелеу

4

Түлкі мен тырна

(Көлеңке театры)

«Адалдылық» туралы түсініктерін қалыптастыру

5

Жапырақшалар өздеріне үйлерді қалай таңдады?

(Сахналық іс-әрекет)

«Жапырақ» туралы түсініктерін қалыптастыру. Түрлі ағаш жапырақтарымен таныстыру.

6

Хайуанаттар патшалығы

(Қойылым)

«Хайуанаттар» туралы түсініктерін қалыптастыру

7

Біздің сүйікті ертегілер (Ертегілерді сахналату)

Таныс ертегілерін желісі бойынша әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру

8

Тоқты қошқар, бұзау бұқа,лақ теке

(Сахналау)

Үй жануарлары туралы түсініктерін қалыптастыру.Сахналау қабілеттерін арттыру

9

Ақымақ қасқырдың аш қалуы (Қуыршақ театры)

Ертегі мазмұнын әңгімелеу дағдыларын жетілдіру,Сөздік қорларын дамыту

10

Жұмсақ қуыршақ театры

Балалардың таныс ертегіні естеріне түсіріп, қызығушылық сезімдерін туғызу.Ертегі мазмұнын толық айтуға дағдыландыру. Тіл мәдениетін жетілдіру.

11

Жапырақшалар өздеріне үйлерді қалай таңдады?

(Сахналық іс-әрекет)қайталау

«Жапырақ» туралы түсініктерін қалыптастыру

12

Құстар неге сөйлей алмайды?

(Саусақ театры)

«Құстар» туралы түсініктерін қалыптастыру

13

Конустардан жасалған әртүрлі адамдар. (Қуыршақ тетры)

Балаларға конустан ойыншық адамдар жасатып, оларға мінездеме бергізу.Балаларға өз қуыршақтары атынан өздері жайлы әңгіме айта білуге үйрету.

14

Сылдырмақты көжек

(Саусақ театры)

Ертегіні ауызекі әңгімелеуге төселдіре отырып, тыңдай білуге үйрету.

15Қу түлкі

(жұмсақ қуыршақ театры

Ертегі мәнін балаларға ұғындыру

16

Алдар көсе мен шық бермес Шығайбай (Сахналық көрініс)

Қазақ халқының аузында аңыз болып кел-ген Шық бермес Шығайбай мен Алдар жайлы балаларға түсінік беру.Қызықты оқиғалар жайлы баяндау.

17

Сақинаны кім табады?

(Ертегіні сахналау)

Балаларға ертегінің тәрбиелік мәнін аша білуге үйрету. Кейіпкерлердің әрекетін сахналату арқылы балалардың жан-жақты ойлау,сөйлеу дағды-ларын дамыту.

18

Ақымақ қасқырдың аш қалуы (Қуыршақ театры)ұайталау

Ертегінің мазмұнын тиянақтау.Шығарманы баяндап,рөлге ене отырып, мәнерлеп айта білу іскерлі-гін жетілдіру.

19

Көңілді қонжықтар

(Қойылым).

Балалар қолдарына қонжықтар ұстап,ертегіні өздеріне ойлауларына ерік беру.Жаңа қойылым туғызу

20

Жеті қазынаның бірі

(Үстел үсті )

Ертегі мазмұнын саналы түрде түсінуге,оны сахналау-ға,өмірмен салыстыра білуге үйрету

21

Жаңа жыл ертегісі

(Қойылым)

Аяз ата мен ақшақардан келген хатты оқу арқылы шырша туралы ертегі айтып беру.Қарт Гномның екі көжегі жайлы ертегі тыңдату

22

Жеті қазынаның бірі

(Қуыршақ театры)қайталау

Ертегі мазмұнын саналы түрде түсінуге,оны сахналау-ға,өмірмен салыстыра білуге үйрету. Иттің адам үшін пайдасын балалардың өздеріне әңгімелету.

23

Арлан күшік

(Саусақ театры)

Балаларға ертегіні тыңдай білуге,ертегінің тәрбиелік мақсатын түсіне білуге үйрету.Сол түсініктерін саусақ театры арқылы көрсете білуге бейімдеу.

24

Адасқан өгіз (Қойылым)

Үй жануалары туралы түсініктерін кеңейту. Осы әңгіме-ертегіні ойната отырып,мағынасына терең мән берулерін тоқтату.

25

Жыл басы кім болады?

(Музыкалық ертегі)

Наурыз мерекесі,ескі жыл атауы туралы түсінік беру. Жыл басына талас-қан хайуанаттардың айтысын рөл-де мәнеріне келтіре ойнату арқылы тіл байлықтарын дамытып,

26

Түлкі,тасбақа және кене

Ертегі мазмұнын әңгімелеу. Түлкінің қулығы жайлы баяндау. Достар арасы адалдықтан тұратынын түсіндіру.

27

Сауысқан мен көкек

(Конусты театр)

Ертегіні оқып беру.Мағынасын түсіндіру. Ұйым-шылдыққа,еңбекшілдікке тәрбиелеу. Конусты театрын балаларға бөліп ойнату

28

Алдар көсе мен қу жауырын (Көрініс )

Алдар көсе жайлы түсінік беру.Рөлде ойнату арқылы Алдардың қулығының мәнін ұғындыру.

29

Алдар көсе мен шық бермес Шығайбай (Сахналық көрініс)

Қазақ халқының аузында аңыз болып кел-ген Шық бермес Шығайбай мен Алдар жайлы балаларға түсінік беру.Қызықты оқиғалар жайлы баяндау

30

Мақта қыз бен мысық

(Сахналау3)

Ертегі желісін баяндау арқылы балаларға мазмұнын әңгімелету. Мысық-тың өзге кейіпкерлермен кездесуін диологты түрде сөйлету. Татулыққа, тіл алғыш болуға тәрбиелеу.

31

«Мұзды үйшік» ертегісі Дискілі театр

Ертегіні мазмұндауға үйрету Ертегіні рөлге еніп сахналауды үйрету

32

«Шұбар тауық» ертегісі. Қуыршақ театры

Балаларды рөлге ене білуге қиялымен шығармашылық қабілетін дамытуға, бірге тату-тәтті жұмыс істеуге баулу

33

«Қоянның үйшігі» орыс халық ертегісі қойылымын қарау

Театр тәртібінің негізгі ережелерімен таныстыру, қойылымға келгенде оларды бұзбауға тырысу.

34

«Мұзды үйшік» ертегісі Үстел үсті театры

Таныс ертегіге қажетті атри-буттарды дайындауға үйрету

35

«Қызыл телпек» орыс ертегісі Көлеңке театры

Ертегіні сазналауға қызығушылықтарын арттыру.

35

«Үш аю» ертегісі

Фланелеграф театры

Ертегіні мазмұндау арқылы тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту

36

«Түлкі мен ешкі» ертегісі Конус театры

Балалардың тілін дамыту. Тірі табиғатқа мейіріммен қарап, қам-қорлық танытуға үйрету. Сыйластыққа тәрбиелеу

37 «Нан қайдан шығады?» МЕтекбаев Үстел үсті театры

Ертегі мазмұнын түсінуге,баяндап беруге үйрету.Дауыс ырғақ-тарына салып, рөлде ойнауларын жетілдіру

38

«Түлкі мен тырна»

Үстел үсті театры

Ертегінің мазмұнын тиянақтау.Шығарманы баяндап,рөлге ене отырып, мәнерлеп айта білу іскерлі-гін жетілдіру.

39

«Қу түлкі»сахналау

Балалардың тілін дамыту.Рөлге бөлініп,диологке түсуін үйрету. Қызығушылықтарын арттыру. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу

40«Ақққу қаздар» қойылым


Балаларға ойдан ертегі ойлап тапқызу арқылы қиялын дамыту. Сөйлеу тілін дамыту. Ертегіге деген қызығушылықтарын ояту

41«Арыстан мен қоян» (Саусақ театры)

Балалардың тілін дамыту.Рөлге бөлініп,диологке түсуін үйрету. Қызығушылықтарын арттыру. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

42

«Ақ тиін мен қасқыр»(Сахналау

Байланыстырып сөйлеуі арттыру. Мазмұнын әңгімелеуге, рөлде ойнауларын жетілдіру. Ойнау шеберлігін дамыту

43

«Түлкі мен тырна» (Көлеңке театры)

Балалардың тілін дамыту. Тірі табиғатқа мейіріммен қарап, қам-қорлық танытуға үйрету. Сыйластыққа тәрбиелеу.

44

«Жапырақшалар өздеріне үйлерді қалай таңдады?» (Сахналық іс-әрекет).

Балаларға ойдан ертегі ойлап тапқызу арқылы қиялын дамыту. Сөйлеу тілін дамыту. Ертегіге деген қызығушылықтарын ояту

45

«Хайуанаттар патшалығы» (Қойылым)

Балалардың хайуанаттар жайындағы білімдерін дамыта отырып,ертегідегі хайуанаттар мінез-қылықтарын,іс-әрекеттерін рөлге кіріп орындауға үйрету,сөз мәнерлерін дамыту.

46

«Құстар неге сөйлей алмайды?» (Сахналау)

Ертегі мазмұнын түсінуге,баяндап беруге үйрету.Дауыс ырғақ-тарына салып, рөлде ойнауларын жетілдіру. Байланыстырып сөйлеулерін дамыту

47

«Ақылды бала» (Сахналау)



Әңгіме барысын түсінуге,баланың тапқырлығын баяндауға үйрету,диолог түрде бір-бірімен төре мен бала болып сөйлеуін жетілдіру.

48

«Ақымақ қасқырдың аш қалуы» (Қуыршақ театры)

Ертегіні сахналауды жетілдіру. Дауыс ырғағын,мимикасын кел-тіре ойнауға үйрету. Ертегі желісін мазмұндау арқылы сөз байлықтарын арттыру.

49

«Сауысқан мен көкек» (Конусты театр)

Ертегіні мазмұндату. Балалардың рөлде ойнауын арттыру.Көкек пен сауысқанның мінез-құлығын баяндату арқылы түсініктерін жетілдіру.

50

«Тоқты қошқар, бұзау бұқа,лақ теке» (Сахналау)

Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін нақышына келтіре орындауларын жетілдіру.

51 «Конустардан жасалған әртүрлі адамдар» (Қуыршақ тетры)

Балаларды конус түрлерімен таныстыру.Сұрақтарға толық жауаптар беруіне көңіл бөлу. Рөлде кезектесіп ойнауларын жетілдіру.Балалардың тіл байлықтарын арттыру.

52

«Көңілді қонжықтар» (Қойылым)

Балалар қолдарына қонжықтар ұстап,ертегіні өздеріне ойлау-ларына ерік беру.Жаңа қойылым туғызу.

53

«Жеті қазынаның бірі» (Қуыршақ театры)

Ертегі мазмұнын саналы түрде түсінуге,оны сахналауға,өмірмен салыстыра білуге үйрету. Иттің адам үшін пайдасын балалардың өздеріне әңгімелету.

54

«Сақинаны кім табады?» (Ертегіні сахналау)

Балаларға ертегінің тәрбиелік мәнін аша білуге үйрету. Кейіпкерлердің әрекетін сахналату арқылы балалардың жан-жақты ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту.

55 «Қайырымды қоян»(қолшатыр театр)

Ертегі мазмұның түсініп,қолшатырды қозғалта отырып ертегі мазмұның өз беттерімен айтуға дағдыландыру.

56

«Бес ешкі» қазақ ертегі

Балаларды кейіпкер бейнесін матаға түсіру арқылы театр әрекетіне деген қызығушылықтарын арттыру.

57

Ертегі еліне саяхат

Кіші топ балаларына қуыршақ арқылы қойылым жасау.балалар өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

58 «Түлкі мен бөдене» қазақ халық ертегісі.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балаларды ертегі кейіпкерлерінің араларындағы байланысты бұзбай айтуға үйрету

59

Саусақ ойындар

Саусақ қимылдарын жасай білуге деген қызығушылықтарын туғызу

60

Тілашар дәстүрлер

Жаңылпаш ,жұмбақтар шешу, мақал-мәтелдер.тақпақтар. өлең жыр арқылы адам санасын үлкен ой тудырып, оны өмір тәжірбиесінің бұлағынан сусындату.


























































































ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ


Балабақшада баланың логикасын дамытуды жеделдететін, нақты геометриялық пішіндермен айлалы әрекеттер жасай отырып абстракты математикалық тұжырымдамаларды қабылдауына ықпал ететін жаңа мазмұндағы ойыншықтармен ойната отырып оқытқан жағдайда оның мектеп өміріне қызығушылығы арта түседі.Баланың жас ерекшелігін ескере отырып қазақ тілінен түрлі логикалық тапсырмалар беру арқылы, білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың шығармашылық қабілетін дамыту, интелектуалдық деңгейін көтеру. 
«Логикалық тапсырмалар» баланың жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар баланың интеллектуалдық деңгейін көтереді. Білім берудің басты мақсаты-үнемі өзгеріп тұратын әлеумет жағдайына қарай өсіп келе жатқан ұрпақты даярлау

Мақсаты:
Логикалық және математикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Міндеттері:
- мектепке дейінгі балалармен логикалық және математикалық ойындарды пайдалану арқылы тәжірибесі бар оқушылармен танысу.
- Білім беру процесінде әдістер мен педагогикалық ойындарды пайдалануға қатысушыларды үйрету.
- Бастапқы білім беру технологиясына деген қызығушылығын дамыту, практикада осы технологияларды пайдалануға көмектесу.
- Ынтымақтастық пен өзара түсіністік жөнінде түсіндіру.

Күтілетін нәтиже:


Тапсырмаларды дұрыс орындауды.

 Балалар жеке жұмыс жасау арқылы қалыптастыруды.

Ойын туралы түсініктерді.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
4473
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі